Орта білім беру



бет159/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)
ЭССЕ Юсупов Рустем Орынбаевич, 11 ??? 2014-15, 7-???????? ???
«Графика және жобалау» оқу пәні
«Графика және жобалау» пәні үлгілік оқу жоспары бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы стандартты деңгейдің таңдау пәні болып табылады.
«Графика және жобалау» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-11-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Графика және жобалау» оқу пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың бейнелеу теориясының негіздерін, проекциялау және графикалық үлгілеу әдістерінің заңдылықтарын білу, жобалау, шығармашылық қызметтің дамуына, графикалық мәдениет пен дәстүрлі және қазіргі заманғы графика құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
Жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында мектептегі оқу процесін жүргізу жоспарлардың келесі түрлері арқылы жүзеге асырылады:

Ұзақ мерзімді жоспар Үлгілік оқу бағдарламасына қосымша ретінде беріліп, оқу бағдарламасымен бірге бекітілген құжат. Ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша анықталған оқыту мақсаттарының жүйесін тоқсандарға бөлінген.
Әр тоқсанда көрсетілген оқыту мақсаты сол тоқсанда өтіледі және ол келесі тоқсанға көшірілмейді. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 (өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылдың 28 тамызында №373 бұйрықпен енгізілген) бұйрығына сәйкес «Графика және жобалау» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.
Осыған орай, Ұзақ мерзімді жоспар өзгеріссіз алынады.
Орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары қосылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне мен аудиоматериалдары және т.б.). Оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделген жоспарларда мұғалімдер үшін әрбір бөлім мен тақырыптарды өткізу, оқушылардың сабақта білім алуын ұйымдастыру бойынша ұсынымдары, сонымен бірге оқу ресурстары енгізілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне және аудиоматериалдары т.б.).
Орта мерзімді жоспарлардың оқу бағдарламасын сабақтардың жүйелі сериясына құрылымдайтын мұғалімдер тобы немесе жеке мұғалім жүзеге асырады. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттер тұжырымдалады. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді, сондай-ақ мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу үшін «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 7-қосымшасында берілген орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспарының немесе қысқа мерзімді жоспарының нысаны алынады.
Сабақты әзірлегенде оқушылар мақсаттарға бір сабақта емес, сабақтар циклі арқылы қол жеткізетінін есте сақтау керек. Сонымен бірге жұмыстың тізбектік кезеңдерін ұйымдастыру, әр сабақты өту мен оқытудың мақсаттарын айқындау, сабақ беру мен оқытудың нәтижелерін өлшеу әдістемесін бекіту, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында оқыту мен сабақ берудің міндеттерін айқындау, оқытудың барлық кезеңінде мақсатқа бағытталған оң динамиканы қамтамасыз ету, барлық білім алушыларды оқыту процесіне тарту мақсатында стратегиялық жоспарлау міндетті.
Тізбекті сабақтарды жоспарлауға байланысты сабақтың өту және оқыту мақсаттарын реттеуді айқындайтын келесі сұрақтар туындауы тиіс:

  • Сіздің ойыңызша білім алушылар қандай білімді меңгеруі тиіс?

  • Білім алушылар қандай негізгі идеяларды ұғынуы тиіс?

  • Білім алушылар қандай мәселелерді зерттеуі және талдауы тиіс?

  • Мәселен, оқыту мақсаттары (Блум бойынша).

Білім алушылар: … біледі. … түсінеді. ... ойланады. Бұл бағдарламаның идеясын, аталған тәжірибенің ықпалын, өзгерістерін есепке ала отырып өзінің сабақ өту тәжірибесіне енгізуіне мүмкіндік береді.
Тізбекті сабақтарды жоспарлау мұғалімнің мыналарды түсінуіне ықпал етеді: тізбекті сабақтар кім үшін жоспарлануда, ең алдымен нені үйрету қажет және бағалаудың қандай тәсілін пайдалану қажет?
Пәнді меңгеру барысында білім алушылардың оқу жетістіктері сынақ түрінде бағаланады.



  • «Графика және жобалау» пәнін «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша дипломы бар мұғалімдер жүргізе алады. Мамандық алғандағы оқыған пәндер тізімі «Графика және жобалау» оқу пәнін оқыту үшін арнайы диплом талап етілмейтіндігін куәландырады.

  • Осы оқу пәнін оқыту үшін тиісті сертификатты ала отырып, біліктілікті арттыру курстарынан өту ұсынылады.



«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет