Орта білім беру


Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарында



бет165/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)
ЭССЕ Юсупов Рустем Орынбаевич, 11 ??? 2014-15, 7-???????? ???
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарында инклюзивті білім беру ортасын құру
Қазіргі заманның жаһандық мәселелері қазақстандық қоғамның дамуына да әсерін тигізуде, мұндайда аталған мәселелер ықпал ететін маңызды спецификалық объект жас ұрпақ болып табылуда.
2015 жылы ЮНЕСКО шешімімен қабылданған «Білім беру 2030 немесе Тұрақты дамудың мақсаттары 4» жаңа жаһандық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан басқа да қатысушы мемлекеттер секілді «барлық адам үшін өмір бойы білім алу мүмкіндігін ілгерілетуді және толық әрі әділ сапалы білім беруді қамтамасыз етуге міндетті».
Кәсіби жолдың табыстылығы, сайып келгенде, адамның өз өміріне қанағаттануы сапалы білім деңгейіне, еңбек нарығындағы конструктивті мінез- құлыққа және, ең алдымен, мамандықты дұрыс таңдауға байланысты болады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін түлектерге кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мен әлеуметтендіру мәселелерін қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды табысты кәсібилендіру үшін оларда өздеріне, өз мүмкіндіктеріне оң қатынасын, өздерінің психофизиологиялық
ерекшеліктерін максималды түрде адекватты бағалау қажеттілігін түсінуін дамыту маңызды.
Қазақстандағы нормативтік құқықтық құжаттар бүгінгі күні әрбір баланың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оның білім алу құқығын қамтамасыз етеді. Сол себепті ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды кәсіптік бағдарлау үздіксіз процесс болып табылады және барлық жас кезеңдерінде мақсатты түрде жүзеге асырылады. Олардың кәсіби өзін-өзі анықтау процесі жеке дамуы үшін өте маңызды. Қазіргі динамикалық әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жалпы білім беру ұйымдарының адаптивті, әлеуметтік-еңбек, зияткерлік, психологиялық-педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерінің жоғары деңгейіне ие кәсіптік бағдарланған түлектеріне сұраныс өсуде.
Осылайша, кәсіптік бағдар және кәсіптік өзін-өзі анықтау «өмір бойы білім беру» парадигмасын іске асыру үшін қажетті құзыреттілікке ие болудың маңызды шарты болуы тиіс. Осыған байланысты жалпы педагогикалық принциптерге сүйене отырып, ғылыми-әдіснамалық тәсілдерді, психологиялық әзірлемелерді ескере отырып, кәсіптік бағдар беру бойынша жүйелі педагогикалық қызметті ұйымдастыру қажет.
Еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кәсіптік бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «ЕБҚ бар балалардың мамандық таңдауында отбасы, мектеп және жұмыспен қамту мекемелерінің арасындағы өзара іс-әрекеті бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралына (Академия сайты: www.nao.kz), «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын анықтау және диагностика жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға» ( Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №150 бұйрығына қосымша) https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=34241215#pos=4;- 116, «Мүгедектігі бар адамдар үшін ұсынылатын кәсіптер атласына» (ҚР ЕХӘҚМ) https://www.enbek.kz/ru/atlases-professions жүгінуге кеңес береміз.
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыны психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі мақсаты оның оңтайлы дамуын, қоғамға сәтті кірігуін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі әрдайым дербестендірілген және мұғалім топпен жұмыс істесе де, белгілі бір білім алушыға бағытталған болуы тиіс.
Критериалды бағалау жүйесінің көмегімен әрбір білім алушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке прогресін анықтау білім алушылардың оқуға деген ынтасын ғана емес, мектептегі білім беру процесінің сапасын да арттыруға ықпал етеді.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға және жеке оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға қорытынды аттесттау өткізу
қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді.
Бұл ретте мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі ерекше білім беруді қажет ететін әрбір білім алушының жеке психофизикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, аталған балалар үшін қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру процесінде арнайы жағдайлар жасау жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Осы ұсынымдардың негізінде педагогикалық кеңесте ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін, оның ішінде жеке оқу бағдарламалары бойынша оқитын білім алушылар үшін қорытынды аттестаттау рәсімінің тәртібі мен арнайы шарттары бекітіледі.
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау білім алушылардың денсаулығы мен физикалық жағдайын қолдауға: балалардың денсаулығын сақтау режимін ұйымдастыруға, физикалық белсенділіктің жеке таңдалған формаларына тартуға; білім алушылардың зияткерлік дамуын қолдауға бағытталғанын есте сақтаған жөн. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «ЕБҚ бар балалардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда» педагогтерге ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін арнайы жағдайлардың сипаттамасы ұсынылады.
Қазіргі уақытта білім алушылардың тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына және өмір сүру жағдайларына қарамастан сапалы білім алу үшін тең жағдай жасау білім беру жүйесін дамытудың келешекті бағыты болып табылады. Мұндай жағдайларды жасауда қашықтан оқытуды көздейтін және көп жоспарлы білім беру міндеттерін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген қашықтан білім беруді дамыту шешуші рөл атқарады.
Педагог пен ерекше білім беруді қажет ететін білім алушының отбасы мүшелерінің күш-жігерін біріктіру олардың бір-бірінің позициялық теңдігін өзара және тең құрметпен тануымен ғана мүмкін болады. Бұл бағыттағы алғашқы қадамды педагог жасауы тиіс, себебі бұл оның құзыреті шегінде әрі оның кәсібилігін көрсетеді.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің барлық қатысушыларының бірлескен жұмысының негізінде білім алушыларға қиындықтарды жеңуге, бағдарламалық материалды игеруге, оқу іс-әрекетіне оң мотивация қалыптастыруға және әлеуметтік өзара әрекеттесудің негізгі әдістерін игеруге уақытылы және сапалы көмектесуге болады. Оқу процесіне қатысушылар мен ата-аналар арасындағы серіктестік жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін әр бала үшін дұрыс білім беру бағытын анықтауға болады.
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен қашықтан режимде жұмыс істеу бойынша ұсынымдарды толығырақ Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдардан, Академия сайтында «Қашықтан оқыту» айдарынан https://nao.kz/blogs/fromorg/2/94 табуға болады.

    1. Қашықтан оқыту туралы

Қашықтан оқыту форматы қазіргі уақытта оқытудың балама түрі ретінде қазіргі шындыққа берік енеді. Қашықтан оқыту форматы оқытудың балама түрі ретінде тәжірибеге мықтап енген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет