Орта білім беру



бет163/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)
ЭССЕ Юсупов Рустем Орынбаевич, 11 ??? 2014-15, 7-???????? ???
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің базалық мазмұны. 10-сынып.
«Кіріспе сабағы» бөлімі:

  1. білім алушыларға «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын;

  2. «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы»,

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 15725 болып тіркелген),«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген). Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.
Кіріспе сабақты өткізу кезінде білім алушыны әскери қызметке даярлау және Қазақстан Республикасын қорғауға, алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін адамгершілік- жігер, психологиялық және физикалық күшін жұмылдыра білу қажеттілігіне баса назар аударылады.
Бөлімдер:

  1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі».

  2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдардың жалпыәскери жарғылары».

  3. «Тактикалық дайындық».

  4. «Атыс дайындығы».

  5. «Саптық дайындық».

  6. «Әскери топография».

  7. «Әскери роботты техникалардың негіздері».

  8. «Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері».

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.
Әр сабақ сайын білім алушылар әскери анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, білім алушылардың әскери білім алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін заңдар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.
Тактикалық дайындық алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді.
Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде қару және оқ-дәрілерді қолданудың қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударған дұрыс.
Саптық дайындық бойынша сабақтар саптық алаңда өткізіледі.
10-сыныпта әскери топография сабақтарын білім алушыларға оқытқанда таныс емес аймақтарда картасыз және картамен бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды, сонымен қатар ұшқышсыз қашықтықта ұшатын аспаптардан алынған ақпараттарды қолдануын үйретуді қарастырады.
«Әскери роботты техникалардың негіздері» бөлімі: Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалануды. Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдері. Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды.
«Өмір қауіпсіздігінің және ақпараттық технологиялар негіздері» оқу курсының мазмұны 10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс- шаралармен таныстырады.
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық- қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет