оқуға қажетті өзіндік жеке қасиеттерінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі;
эмоционалды қолайсыздық.
Үлгерімітөменбілімалушыларменжұмысжасауалгоритмі: бірнеше педагогтің сабақтарды, оқыту процесін бірлесіп жоспарлауы (олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқу материалын қайталау, бекіту, оқу тапсырмаларының минимумын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу әрекетін реттеу және т.б.);
оқу іс-әрекеті барысында қолдау көрсету және кеңес беру;
бірінші сыныптың білім алушылары мен осал топтың балаларын психологиялық бейімдеуді қамтамасыз ету;
оқу іс-әрекетін ынталандыру (көтермелеу, табысты жағдаяттарды туғызу, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.).
оқушының оқу іс-әрекетінің және оқу жетістіктерінің мониторингі (білім алушыларға жүйелі сауалнама жүргізу, оқу тапсырмаларының орындалуын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауда белсенділікті арттыру және т.б.);
қосымша сабақтарды және өзара көмек беруді ұйымдастыру;
өздігінен орындайтын тапсырмалар үшін қашықтан оқыту жүйесін пайдалану.
Барлық білім беру ұйымдарында мазмұнды оқу контенті (жетекші мұғалімдердің сабақтары, қарқынды оқытуға, жаттығулар, тестілер және т.б. арналған виртуалды зертханалар) бар цифрлы платформаларға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарында:
Педагогоқушылардыңбілімалуқажеттіліктерінжәнежекедамужолын ескере отырып, пән бойынша білім алушылардың білімін толықтыруалгоритміндербес әзірлейді.Мысалы:
формативті бағалауда өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасы бойынша тапсырмалар әзірлеу және енгізу;
өткен оқу жылындағы материалдар бойынша зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру;
білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру сабақтары үшін Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын пайдалану;
білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының мүмкіндігін барынша пайдалану;
білім беру платформаларын қолдану.
Негізгі оқу пәндерінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша ұсынымдар әдістемелік-нұсқау хаттың «Орта білімберу ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты 3-бөлімінде беріледі.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыруда «2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» қосымшасын басшылыққа алу қажет (ҚР БҒМ 2021 жылғы 26 мамырдағы №240 бұйрығы).
2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында ұйымдастырылған Жазғы мектеп білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруға бағытталды.
Жыл сайын жазғы мектеп барлық білім алушылар үшін оқыту мерзімін
20 маусымға дейін ұзарта отырып жұмыс істейтін болады. 2021-2022 оқу жылында жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды.