Жаңа сабаққа кіріспе Тақырып бойынша сұрақтар:
1) Етістік қандай сөз табы?
2) Етістіктер мағыналық жағынан қалай жіктеледі?
3) Етістіктер грамматикалық категориялары жағынан қандай етістіктер болып бөлінеді?
4) Етістіктер қандай жолдармен жасалады?
5) Қандай жұрнақтар етістіктерге жалғанып, грамматикалық форма туғызады?
6) Қандай жұрнақтар есім сөздеріне жалғанып, жаңа мағыналы етістік сөздерін туғызады?
7) Күрделі етістіктер қандай жолдармен жасалады? 8)Қандай етістіктер негізгі және көмекші етістіктер деп аталады?
9) Арнаулы көмекші етістіктерге қандай сөздер жатады?
10) Етістіктер қандай жағдайда ауыспалы көмекші етістік мағынасында қолданылады ?
Етістіктің лексика-семантикалық категорияларына
байланысты жаттығулар
108-жаттығу.Мәтінді оқып шығып, етістіктерді тауып, олардың қандай сұраққа жауап беріп тұрғанын және мағыналарын айту. 110-жаттығу.Мына сөйлемдерді көшіріп, негізгі түбір, етістіктің астын бір, туынды етістіктің астын екі, күрделі етістіктің астын ирек сызықпен сызып жазыңдар.Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктің түрін ажыратып айтыңдар 111-жаттығу.Мына сөйлемдерді көшіріп, болымды етістікті бір, болымсыз етістікті екі сызыңдар да, болымсыз етістіктің қалай жасалғанын айтыңдар, яғни синтетикалық тәсілмен бе, аналитикалық тәсілмен бе? 113 - жаттығу. Мәтінді оқып шығып, көсемшелерді тауып, олардың қалай жасалғанын, сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айтыңдар.
114- жаттығу.Мына сөйлемдерді көшіріп, есімшелердің астын сызыңдар. Есімше тудырып тұрған жұрнақтарды сызықшамен бөліп жазыңдар да, есімшенің қай шақтық екенін айтыңдар. 115–жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, есімшелердің астын сызыңдар. Олардың сөйлемде қай мүше болып тұрғанын айтыңдар. 116-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, етістік сөздерді сабақты етістік пен салт етістікке ажыратыңдар.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1) Етістіктер лексика-семантикалық категориялары жағынан қандай етістіктер болып бөлінеді ?
2) Болымсыз етістік қандай қимылдық процесті білдіреді ?
3) Болымсыз етістік қандай жолдармен жасалады ?
4) Қимыл атауы деген не ?
5) Көсемше қандай қимыл-әректті білдіреді ? Көсемшенің қандай түрлері бар ?
6) Есімше –етістіктің қандай түрі ? Есімшенің ерекшелігі неде ?
7) Есімше қандай жолдармен жасалады ?
8) Өткен шақтық есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?
9) Келер шақтық есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?
10)Ауыспалы шақтық есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
11)Есімше сөйлемде қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады ?