Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары


«Етістік» тақырыбына арналған жаттығулар



бет3/6
Дата30.03.2023
өлшемі34,54 Kb.
#173300
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
етістік

«Етістік» тақырыбына арналған жаттығулар


108-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, етістіктерді тауып, олардың қандай сұраққа жауап беріп тұрғанын және мағыналарын айтыңдар.
Ол жазғы таңғы ұйқыдан әрі тез, әрі сергек оянды.Тасегеннің терістігінен шығысына қарай жиектеген қан қызыл шұғыла Қалқан тауының арғы бетінен иегін артып, көкжиекті тегіс қармай, әлемге шырайын шашап келеді.Өлке беті тып-тынық.Ауа мұнартпай, ап-айқын ғана мөлдірейді.Айнала жиегін қызыл торғынмен көмкерген биязы көк шатыр түні бойы маужырап тұрып, енді үлпілдей бастады.Шатырдың шығыс жақ табалдырығына нұрлы сұлу ажарын айқындап, төңіректей жүріп келе жатты. 109-жаттығу. Етістіктерді тауып, мағыналарына түсінік беріңіз, морфологиялық белгісін көрсетіңіз. 1.Әсем ақ көк атты жайдақ мініп, екі торыны жетекке алып, бұл да өзенге қарай кетіп барады ( Ғ. Мүсір. ) 2. Толып жатқан жағалы киіммен жарғақ терідей құрысқан арық мойны тасбақаның мойнындай қылқиып, жылтыр табан мәсісімен Қожекең төрге әрең жетті ( М. Ә. ). 3. «Нартас-Шұғыла» жолаушылар автобусынан орта жолда бала көтерген жас әйел түсіп қалды ( Ш. М. ). 4. Әне, үйден ақ ала көйлек, жеңсіз камзол киген, басында үкілі тақиясы бар қыз шықты ( М. Сүнд. ). Үш жыл өтіп, төртінші жылға айналғанда, қыс түсіп, күн суыта Жаяу да оралды Ақшоқыға ( З. Ақ. ).
110-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, негізгі түбір, етістіктің астын бір, туынды етістіктің астын екі, күрделі етістіктің астын ирек сызықпен сызып жазыңдар.Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктің түрін ажыратып айтыңдар.
1.Қорадан үшеу ғана болып шыққан Бейсендер тобына жолдан адамдар қосыла берді. (С.Б.) 2. Дәл үстімізден танкінің ең үлкендері өтіп барады екен. (Ғ.Мүсір.) 3. Менің де ойым осы. Ауыл шаруашылық бөлімімен алдын ала келісіп, Баршагүлді шақыртқанмын. (Ғ.Сл.) 4. Ержан жүрелеп отырды.(Т.А.) 5. Баян бәйбіше бір жапырақ қағазды жүрегіне қысып келе жатыр.(Ә.Ә.) 6. Мен Михаил Ивановичтің осы бір сөзіне әбден сеніп алған едім, сондықтан да әкемнің амандығына да, өзіміздің апат құшағынан құтылатындығымызға да бұдан былай ешбір шек келтірмедім. (Ә.С.) 7. Әбдірахманның бұл сөзіне Дмитриев таңданғандай, жүзіне қадала қарады.(Х.Е.) 8. Мен генералға рақ-мет айтып, бұрынғы орныма отырдым.(Б.М-ұ.) 9. Шығанақ бәсеңдеп сала берді.(Ғ.М.) 10. – Дәрмен аға, атама сіздерді айтайыншы-деп, сылтауратып, үйге қарай жүгіре жөнелді.(М.Ә.) 11. Қырықтықшы жас бала бастыққа аңтарыла қарап қалды.(Б.К.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет