Тақтада 10 – 30 ұпай аралығындағы есептер жапсырылған. Әр топ әр ұпайдан бір – бір есеп таңдап үш тапсырманы алып жеке есептейді, жұпта талқылайды, топқа салады.
«Жиксо 2» әдісі арқылы түстер бойынша орындарын ауыыстырып, басқа топқа түсіндіреді және қосымша есептер алып келеді. (18минут)
Тапсырма:
5 данадан ұпайлық
Талантты оқушыларға
Сергіту сәті: «Логикалық есеп» (5 мин)
«Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағ 43 мин)
Жыл 12 айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кезедеседі? (барлық)
Екі қолымызда 10 саусақ болса, 10 қолымызда неше саусақ болады? (50 саусақ)
Қараңғы бөлмеде керосин шамы мен шырағыдан шамы қатар тұрса, бірінші қайсысын тұтатар едің? (шырпыны)
7 ағайындының бір – бірден қарындасы бар. Олар барлығы нешеу? (8 туыс)
ІІІ.Ой-толғаныс
«Жедел тест» (10минут)
Жедел тест аталғандықтан 6 есептен 2 нұсқа тест таратылады. Оқушылар жеке орындайды.
Тексеру: Оқушылар жұмыстарын сағат тілі бағытымен ауыстырады да тақтадан көрсетілген тест кілті арқылы тексереді. Дұрыс жауапты санап баға қояды. «5» - 6, «4» - 5, «3» - 3-4 дұрыс жауап болу керек.
Бағалау: бағалау парағындағы бағалау критерилер бойынша топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. (5 мин)
Қолдарындағы стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.
Мұғалім оқушыларға бағыт- бағдар береді, топтық жұмысты бақылайды, оқушылардың жауабын тыңдайды, ынталандырады, тапсырма береді. Кері байланысты ұйымдастырады.
Бірлесіп жұмыс істейді. Топта пікір алмасады, жоба қорғайды, оқулықпен жұмыс жасайды, кесте толтырады, ізденеді, бір- бірін бағалайды.
Дереккөздер және жабдықтар:АКТ, флипчарт, маркер, кесте, қағаз, т.б.
Кейінгі оқу
Үй тапсырмасы: №132, №133
Сабақты бағалау
Топ басшысының топ мүшелерін бағалауы, сабақ үдерісіндегі оқыту үшін бағалау (мадақтау, смайлик)