31. Ұсақ қимылды және графикалық дағдыларды дамыту (10 сағат):
1) статикалық қалыпты екі қолмен бір мезгілде ұстау;
2) бір қимылдан екінші қимылға бірқалыпты ауыстыру;
3) үлгі бойынша тура, толқынды, пунктирлі сызықтарды салу;
4) нүктелер бойынша өрнек салу.
5 - тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
32. Сенсорлық үдерістерді дамыту (10 сағат):
33. Көру қабылдау және зейін:
1) заттарды берілген белгілер бойынша таңдау (көлемі, түсі, пішіні);
2) заттардың қарама-қарсы белгілерін ерекшелеу; түсі, пішіні, көлемі бойынша салыстыру;
Достарыңызбен бөлісу: |