8 - тарау. 6-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
48. Пәндік нәтижелер.
49. Білім алушылар:
1) заттарды белгілі бір белгілері бойынша жіктеуді орындау тәсілдерін;
2) белгілі бір белгі бойынша екі затты салыстыру тәсілдерін;
3) заттардың кеңістікте орналасу орнын білдеретін сөздерді біледі деп күтіледі.
50. Білім алушылар:
1) айқын белгілермен ерекшеленетін шынайы көлемді заттарды және объектілерді (2-4) салыстыру;
2) әр түрлі қырынан шынайы суреттерді тану;
3) 2 жағдаяттық суреттерден айырмашылықтар табу;
4) үстінен басылған, «шималанған», сызып тасталған, аяғына дейін салынған сұлбалы суреттерде берілген заттың суретін табу;
5) заттармен, жазық пішіндермен, суреттермен ойындар мен жаттығулар процесінде және түсінік бойынша өлшемдер көрсеткіштерін ажырату;
6) пайдаланылатын материалдың қасиеттері мен сапасын, заттардың белгілерін сәйкес сөздермен белгілеу;
7) сурет бойынша қимылдарды немесе кейіпті жаңғырту;
8) бір-біріне қатысты заттардың көлденең орналасуын анықтау дағдыларын меңгереді деп күтіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |