9 - тарау. 7-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
51. Пәндік нәтижелер.
52. Білім алушылар:
1) таяқшалардан таныс әріптер мен цифрларды құрастыру тәсілдерін;
2) заттардың кеңістікте орналасу орнын білдеретін сөздерді;
3) екі затты салыстыру тәсілдерін біледі деп күтіледі.
53. Білім алушылар:
1) шынайы суреттерді әр түрлі қырынан тану;
2) болар-болмас белгілермен ерекшеленген заттар мен объектілердің контурлы суреттерін салыстыру;
3) 2 жағдаяттық суреттерде айырмашылықтарды табу;
4) үстінен бастырылған, «шимайланған», сызып тасталған, аяғына дейін салынған сұлбалы суреттерде берілген заттың суретін табу;
5) схема бойынша қимылдарды немесе қалыпты жаңғырту;
6) нысандардың өзара орналасуын үлгілеу;
7) берілген кеңістікте заттарды өз денесіне қатысты орналастыру;
8) уақыт аралығын: сағат, минут, секунд ажырату дағдыларын меңгереді деп күтіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |