38. Мезгілдік қабылдауды дамыту (7 сағат):
1) уақытты әр түрлі сағаттар бойынша анықтау;
2) уақыт ағымының өзгешелігінің айырмашылықтары (кеше, бүгін, ертең, баяғыда, жуырда).
6 - тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
39. Сенсорлық үдерістерді дамыту (14 сағат).
40. Көзбен қабылдау және зейін:
1) жағдаяттық бейненің маңызды және екінші кезектегі бөліктерін ерекшелеу;
2) түс реңкілерінің сериациялық қатарын тізбектеу;
3) заттарды екі (үш) белгілері бойынша топтастыру;
4) суреттегі жағдаяттық желісті, негізгі әрекет етуші тұлғаларды өздік ерекшелеу;
5) болмашы белгілермен ерекшеленген заттар мен нысандардың
(2-4) сұлбалық суреттерін салыстыру;
6) болмашы элементтермен ерекшеленетін жағдаяттық суреттерді салыстыру;
7) шынайы бейнелерді әр түрлі қырынан тану.
Достарыңызбен бөлісу: |