10 - тарау. 8-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижелер
54. Пәндік нәтижелер.
55. Білім алушылар:
1) үлгіні тірек ете отырып, заттардың кеңістіктік қатынасын үлгілеу тәсілдерін;
2) заттардың екі бейнесін салыстыруды;
3) бір белгісі бойынша заттардың сериялық қатарын табу тәртібін біледі деп күтіледі.
56. Білім алушылар:
1) әр түрлі басумен және қол қимылының амплитудасымен әр түрлі бағытта сызықпен штрихтап түрлеу;
2) боялатын бетті шектеп және шектемей әр түрлі бағытта бояу;
3) кескіні бойынша суретті сызу;
4) суретті көшіру;
5) тірек нүктелері бойынша сурет салу;
6) суреттерді салып бітіру;
7) тормен және басқа да шектелген бетте сурет салу;
8) заттың суретін оның бөлшектерінің жиынтығынан жинау (үлгі және түсінік бойынша);
9) нысандарды қағаз немесе үстел бетінде берілген қалыпта орналастыру;
10) бір-біріне қатысты ныандардың кеңістіктік өзара орналасуын үлгі, нұсқама бойынша үлгілеу;
11) уақыт аралығын: сағат, минут, секунд ажырату дағдыларын меңгереді деп күтіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |