27. Есту қабылдау:
1) сыбырлап айтылған сөздер мен сөз тіркестерін ажырату және қайталап айту;
2) күрделі ырғақты ажырату және шығару (дауыс, тықыл, шапалақ, музыкалық ойыншықтар);
3) тұрмыстық және табиғи шуларды ажырату;
4) жануарлардың дауыстарын ажырату.
28. Жанасымдық-қимылдық қабылдау мен заттардың ерекше қасиеттерін қабылдау:
1) беттің бейнелілігі мен өз қимылдарын бақылау;
2) босаңсудың, бұлшық ет қысымын босатудың, ширығуды бәсеңсіту, эмоциялық еркіндік элементтерін игеру;
3) әр түрлі сөйлеу тілдік емес коммуникативтік тәсілдерді пайдалану (мимика, пантомимика).
Достарыңызбен бөлісу: |