Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет11/12
Дата02.09.2024
өлшемі90,16 Kb.
#203796
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дәріс тезистері химия тарихы

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Мына топтарда элементтің таңбалары атомдардың электртерістік мәндерінің өсу ретімен берілген:
А) C,O,N б) O,N,C в)C,N,O г)N,C,O
2. Электртерістік – берілген элемент атомдарының:
А) басқа химиялық элемент атомдарынан электрондар тартып алу
Б) электрондарын оңай беріп жіберу
В) тотықтырғыштармен әрекеттесу қасиеті
3. Коваленттік байланыс
А) электрондық бұлттар
Б) валенттік электрондар
В) екі жалпы электрон немесе электрон жұптары
Г) электростатикалық тартылу күштері есебінен жүзегек асады.
4. Иондық химиялық байланыс коваленттік байланысқа қарағанда былайша сипатталады:
А) бағытталмаған және қанықпаған
Б) қаныққан және бағытталмаған
В) бағытталған және қанықпаған
Г) бағытталған және қаныққан
5. Өте мықты емес химиялық байланыс:
А) металдық б) иондық в) сутектік г) коваленттік
6. Иондық байланыс бар заттардың формуласын көрсетіңдер:
А) КОН б) Н2О в)K2SO4г)KF
7. Донорлы-акцепторлы механизм бойынша түзілген коваленттік байланысы бар молекулалар немесе иондардың формулаларын көрсетіңдер:
А)CO б) H2в) NH4+г) H3O+
8. Су молекуласындағы химиялық байланысты сипаттаңдар:
А) сутектік б) коваленттік полюсті
в) Г) 1
9. HF HCl HI молекулалары қатарында байланыстың полюстігі және беріктігі қалай өзгереді?
А) байланыстың полюстігі де, беріктігі де артады,
Б) байланыстың полюстігі артады, беріктігі азаяды,
В) байланыстың полюстігі де, беріктігі де азаяды,
Г ) байланыстың полюстігі азаяды, беріктігі артады
10. HCl молекуласы түзілгенде сутек және хлор атомдарының қаптасатын сәйкес орбитальдары
А) s және s Б)s және p В)p және p Г)p және d
11. Коваленттік байланыс түзілгенде валенттік орбитальдардың гибридтенуі:
А) түрі және энергиясы бірдей электрондық орбитальдардың түзілуімен
Б) барлық электрон бұлттарының теңелуімен
В) зат молекуласыныңтетраэдрлік молекуласының түзілуімен
Г) бірдей конфигурациялы электрон бұлттарының пайда болуымен сипатталады
12. Берилий хлориді молекуласында жүзеге асады
А) S–гибридтенуБ)sp гибридтену - В)sp2 – гибридтену Г)sp3 гибридтену -
13. Судың айырықша қасиеті
А) гидроксони й иондарының В) диссоциацияланған молекулалардың
Б) сутектік байланыс Г) су молекулаларының ерекше қасиеттері болуымен түсіндіріледі
14. Күкіртсутек молекуласында химиялық байланыс
А) иондық Б) коваленттік В) сутектікГ) донорлы-акцепторлы
15. Мыстың физикалық қасиеттері
А) элементтің периодтық жүйедегі орнымен Б) жоғары электрөткізгіштігімен
В) металдық байланыспен
Г) сыртқы электрондық деңгейде екі электронның болуымен сипатталады.
16. Химиялық қосылыстардағы иондардан тұратын атомның шартты заряды
А) тотығу саны б) тотығу дәрежесі в) ион заряды г) катионды немесе анионды деп аталады
17. Химиялық байланыстың қандай түрімен зат молекулалық кристалдық тор түзуі мүмкін?
А) коваленттік полюсті б) иондық в) ковалентік полюссіз г) металдық
18. Атомдық кристалл торлы затқа тән
А) сәл қаттылық және жоғарғы балқу температурасы
б) жоғары қаттылық және төменгі балқу температурасы
в) жоғары қаттылық және жоғары балқу температурасы г) сәл қаттылық және төменгі балқу температурасы
19. Иондық кристалл торлы химиялық қосылыс
А) жоғары балқу температурасы б) жоғары химиялық белсенділігі
В) жақсы ерігіштігімен г) жоғары ұщқыштығымен ерекшеленеді

1

№ 15
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Нанотехнологияның даму тарихы және оның жетістіктері
2. Нанотехнологияның Қазақстанда дамуы
3. Шет елдерде нанотехнологияның дамуы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
XX ғасыр соңы мен XXI ғасыр басында пәндераралық дүниежүзілік ғылым мен техника саласында пайда болған жаңа ғылыми бағыт ол нанотехнология, заттарға түрлі атомдық манипуляция әдісін қолдану барысында оның қасиетін бүтіндей өзгертіп жаңа материалдар алу арқылы, сол кіші бөлшегін терең үйренуге бағытталған.
Жаңа ғылыми бағыт түсінігі екі сөздің құрамынан келіп шығады: жалпыға түсінікті «технология» мен «нано» қосындысы ортасынан пайда болып, ұзындық өлшем бірлігінің кішіреюімен байланысты 10-9 (миллиард есе), яғни 1 нанометр=1нм=10-9м аралығы 0,1-100 нм ұзындықтағы бөлшектерден алатын ақпаратты анықтаумен байланысты. Олай болса, заттың бөлшектері арасындағы процесті және өзара аралық қашықтығы 1-ден 100 нм дейінгі ұзындықты өлшеу мүмкіндігі бар, түрлі әдіс-тәсілді қолданып оның ішкі құрылымы мен қасиетін анық көрсете алатын жаңа ғылыми бағыт нанотехнологияның үлесіне тиеді. Осыдан келіп шығатын ұғым -нанотехнологияның жоғарғы өлшемі арқылы, қазіргі жартылай өткізгіштер мен компьютер техникасындағы интеграл схемалардың көлемін кішірейтуге бағытталған. Ал төменгі өлшем бірлігіне лайықты көптеген вирустардың және көміртегітүтікшелердің ұзындығы 10 нм аспайды, ал белок молекуласінікі 1 нм (ДНҚ спиралінің радиусы 1 нм) тең екендігі дәлелденген.
Атом және молекулалар арасындағы түрлі орын алмасу құбылыстармен байланысты мәселені шешуде, барлық техникалық процестердің басын қосатын ғылым, нанотехнологияға негізделеді. Нанотехнологиялық зерттеулер бағыты. Нанотехнология тарихы. Қиялдың шындыққа айналуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет