Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет2/12
Дата02.09.2024
өлшемі90,16 Kb.
#203796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс тезистері химия тарихы

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Ежелгі химия. Алхимия. Авиценна.
2. Медециналық химияның дамуы. Парцельс. ХVI ғасыр химиясы
3. Роберть Бойль. Химиялық элементтерді ашқан ғалымдар.
4. Флогистон тероиясы. Шталь.
5. ХVIІІ ғасыр химигі орыс ғалымы М.В. Ломоносов
6. Химиялық тепе-теңдік. Бертолле. Пруст. Экиваленттер заңының ашылуы.
7. Атомистика. Дальтон.

1

№ 3
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Алхимия кезеңі.
2. Иатрохимия және техникалық химия.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Алхимия кезеңін Александриялық алхимия, Араб және Еуропа алхимиясы құрайды. Жаратылыстану мен антикалық философияның біріге дамуы Александрия академиясынан басталады. Араб алхимиясы кезеңінде алхашқы алхимия теориялары қалыптасып, зертханалық техника мен тәжірибе әдістемелері дамиды. Жалпы алхимия кезеңінің нәтижесі зат жайлы білімнің толығуымен қатар, оның қасиетін зерттеуде тәжірибелік ізденістің қалыптасуы болды. Иатрохимия мен техникалық химия - классикалық алхимиядан жаңа ғылыми химияға өтудегі ауыспалы кезеңде дамыды. Бұл дәуірде ғылыми химияның негізі қаланып, химиядан көптеген тәжірибелік жетістіктерге жетті.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Философиялық тас
2. Химия-заттар жайлы ғылым
3. Химия пәнінің басты міндеттері
4. Алхимия дәуірі
5. Химияның жетістіктері
6. Атом-молекулалық ілім
7. Химияның негізгі заңдары

1

№ 4
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. XVII ғасырдағы эксперименталды жаратылыстану.
2. Химиялық элементтер жайлы ілімнің қалыптасуы.
3. Роберт Бойль және ғылыми химияның пайда болуы.
4. Флогистон теориясы.
5. Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия.
6. Стехиометриялық заңдардың ашылуы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
XV-XVI ғасырларда Еуропада сауда мен материалдық өндіріс қатты қарқынмен дами бастады. XVI ғ. Еуропа техникасының даму деңгейі Антикалық дәуірдің гүлденген кезеңінен де асып түсті. Техникадағы өзгеріс теорияның алдында жүрді. XVII ғ. жаратылыстанудың дамуына үлкен үлес қосқан ірі философиялық еңюектер жарық көрді. Френсис Бэкон лорд Веруламский ғылыми дискуссияның негізгі шешімі тәжірибеге сүйенуі керек деген ой тастайды («Новый органон» және «Новая Атлантида» шығармалары).
Он жетінші ғасырда философияда атомистік ұғым пайда болды (Рене Декарт) және физика, механика, математика және астрономия салаларында үлкен жетістіктерге жнтті. Галилео Галилей классикалық механиканың негізін қалап, физикаға ойлаудың тәжірибелік әдісін енгізді. Нәтижесінде тәжірибелік көрсеткіштерге сүйенетін жаңа жаратылыстану дүниеге келді. Ол ұйымдастырудың жаңа формаларын дүниеге әкелді. Ғылыми қоғам мен ғылым академиясы пайда бола бастады.
XVII ғ. екінші жартысында болған ғылыми төңкеріс нәтижесінде ғылыми химия қалыптасты. Оның негізін қалаушы ретінде Роберт Бойль саналады. Р.Бойль «Химик-скептик» атты еңбегінде химияның жаңа мақсатын айқындап, химиялық элементтерді іздестіріп, зерттеудің бағдарламасын ұсынып, химияға индуктивті әдісті енгізді.
Ғылыми химияның алғашқы теориясы – флогистон теориясы болып табылады. Ол заттың құрамы жайлы ілімді зерттеп, элементті белгілі бір қасиетті бойында ұстаушы ретінде қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет