Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар 1. Химия дамуының негізгі кезеңдері
2. Ежелгі химия. Алхимия. Авиценна.
3. Медециналық химияның дамуы. Парцельс. ХVI ғасыр химиясы
4. Роберть Бойль. Химиялық элементтерді ашқан ғалымдар.
5. Флогистон тероиясы. Шталь.
6. ХVIІІ ғасыр химигі орыс ғалымы М.В. Ломоносов
7. Химияның пайда болуы
8. XVI-XVII ғасырда Европада химияның дамуы
1
№ 5
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Дальтонның, Бойль-Лемеридің Ньютонның, Ломоносовтыңт.б. ғалымдардың атомистік ұғымдары мен теориялары.
2. Авогадроның молекулалық теориясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Атом-молекулалық ілімнің алғаш пайда болып, қалыптасуымен химияның дамуында жаңа кезең басталды. Дальтонның Атомистикалық және Авогадроның молекулалық теориялары қазіргі кездегі химияның түпкілікті негізін құрады. Атом-молекулалық ілім химияда жинақталып қалған көптеген фактілерге түсініктеме беріп, атомдық теорияның маңызын көрсететін жаңалықтарды ашуға негіз болды. Дальтон мене Авогадроның теорияларынан атом мен молекуланы қатар қарастыратын маңызды заңдылықтар туындады. Міне осыдан бастап, молекуладағы атомдардың орналасу ретін және химиялық байланыс түрін анықтауға мүмкіндік беретін қосылыстардың құрылысын зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар 1. Зат мөлшері деген не? Оның өлшем бірлігі қандай?
2. Авогадро саны нені көрсетеді? Оның шамасын қалай есептеп шығаруға болады?
3. Молярлық масса деген шама нені көрсетеді?
4. Судың: а) 0,2; ә) 2; б) 5 молінде қанша молекула болатынын есептеп шығарыңдар.
5. Берілген атомдар санын мольмен есептеңдер:
а) 12,04*1023 атом темір; ә) 3,01*1023 атом сутек; б) 6,02*1023 атом көміртек.
6. 1л суда қанша молекула саны бар және ол қанша моль болады?
7. Мынадай жазба нені білдіреді: υ(Ғе)=3моль, М(Ғе)=56г/моль
8. Берілген реакция теңдеуіне сай: 4Ғе + 3О2 =2Ғе2О3 5,6г темір әрекеттескенде шығатын темір (ІІІ) оксидінің массасын және зат мөлшерін есептеп шығарыңдар.
1
№ 6
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Стехиометрия заңдары.
2. Эквиваленттер заңы.
3. Дальтонның атомистикалық теориясы.
4. Көлемдік қатынастар заңы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Химиядағы стехиометриялық заңдар деп, құрам тұрақтылық,еселі қатынастар, эквиваленттер, газдар, Гей-Люссактың көлемдік қатынастар және Авогадро заңдарын айтады. 1.Құрам тұрақтылық заңы. Прусттың 1801ж ашқан құрам тұрақтылық заңы: Әрбір таза заттың элементтік құрамы әрқашанда тұрақты,ол заттардың алу әдісіне байланысты емес. Мысалы әр түрлі жолмен алынса да көміртек диоксидінде 27,29 процент көміртек және 72,71 оттек бар. 19 ғасырдың басында Бертолле кейбір заттардың құрамы ауыспалы болатындығын ескертіп, заңға күмән келтірді. Пруст пен Бертолле арасындағы таласты, орыс ғалымы Курнаков шешті. Курнаков құрамы тұрақты қосылыстарды дальтонидтер деп, дальтонидтерге қарсы құрамы тұрақсыз қосылыстарды бертолидтер деп атады. 2.Эквиваленттер заңы. Эквиваленттер заңы-химиялық заңдардың ең бір негізгісі. Олар химиялық элементтер бір-бірімен өздерінің химиялық эквиваленттеріне сай, белгілі сандық қатынаста әрекеттесетінін белгілейді. Эквивалент дегеніміз бағалары тең деген сөз. Эквивалент деп берілген қышқылдық негіздік реакцияда сутектің 1 катионына немесе берілген тотығу-тотықсыздану реакциясында 1 электронға сәйкес шартты немесе нақты бөлшекті айтады. Заттың эквивалентінің 1 моль мөлшерінің массасын оның эквивалентінің молярлық массасы деп атайды.