17.Теріс магниттік қабылдауыштығымен сипатталатын зат?
А.Диполь Б.Диамагнетик В.Орбитальдар
1
№ 12
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Термохимиялық тепе-теңдік жағдайындағы күй параметрлерін атаңыздар.
2. Фик, Фурье, Ньютон заңдарына анықтама бер.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
«Химиялық туыстық» термині заттардың бір-бірімен химиялық әрекеттесуге түсу қабілеті. Заттың түріне сәйкес ол әрекеттесуші заттардың табиғатына, концентрацияға немесе қысым (газдарда) және температураға байланысты. Химиялық туыстықтың термодинамикалық потенциалының өлшемі ретінде: Гиббс энергиясының (DG) және Гельмгольц энергиясының (DF) өзгеруі алынады. Температура тұрақты болған жағдайда Вант-Гофф ережесі қолданылады, ол химиялық реакцияның изотерма теңдеуі деп аталады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Химиялық туыстық терминінің анықтасы
Вант-Гоффтың изобара және изохора процестерінің формуласы қандай?
Химиялық реакцияның изотерма теңдеуін өрнекте
Химиялық реакцияның изобара теңдеуін өрнекте
Химиялық реакцияның изохора теңдеуін өрнекте
Катализ деген қандай құбылыс?
Гомогенді катализ гетерогенді катализден қалай ерекшеленеді?
Автокатализ деген не? Мысалдар келтіріңдер.
Тежегіштер деген не?
Ферменттер деген не?
1
№ 13
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. ХХ ғасыр химиясы Атомның бөлінетіндігі туралы Атом моделі
2. Атом құрылысының ядролық модельдері.
3. Квант сандары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
XIX ғасырдың аяғына дейін атом заттың бөлінбейтін өзгермейтін бөлшегі деп саналып келді. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ- ғасырдың бас кезіндегі ғылыми жаңалықтар (радиоактивтік құбылыс және рентген сәулелерінің ашылуы, электронның табылуы т.б.) негізінен атомның күрделі бөлшек екендігін сипаттады. Сонымен атом құрамында электронның болатындығы белгілі болды. Электронның массасы me = 9.1·10-31кг, ал заряды e = 1.6·10-19Кл, болатын теріс зарядты элементар бөлшек. Бірақ қалыпты жағдайда атом заряды білінбейді, сондықтан да атом бейтарап бөлшек, оның оң зарядты бөлшектерінің шамасы электрондардың зарядына тең болуға тиіс, сонда ғана атом бейтарап бола алады.
ХХ ғасырдың бас кезінде атомның күрделі бөлшек екендігі анықталды, олай болса атомның оң және теріс зарядты бөлшектері болады. Осы оң зарядты иеленуші қандай бөлшек және электронның қозғалысының себебі неден, олардың орналасуы қалай болатындығы,және атомның құрылысы қандай екендігі белгісіз болды.
ХХ ғасырдың бас кезінде осы атомның құрылысы жөнінде бірқатар көзқарастар (пікірлер) айтылып, атомның екі моделі ұсынылды:
1) Ағылшынның физигі Д.Д.Томсонның (1903 ж.) болжауы бойынша, атом дегеніміз оң және теріс электронмен бірқалыпты зарядталған сфера, теріс зарядты электрондар осы сфераның ішкі жағына орналасқан. Сфера ішіндегі барлық электрондардың зарядының мөлшері, оның оң зарядына тең, сондықтан атом бейтарап. Электрон қозғалғанда оған квазисерпімді күш