А) Ф. Велер В) Ж. Дюма С) Ю. Либих
Типтер теориясының негізін қалаушылар
А) Жерар В) Кекуле С) ЛибихД) Велер
1
№ 11
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Термодинамиканың бірінші заңы. Термохимия. Гесс заңы, Гесс заңының салдары.
2. Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия. Термодинамиканың екінші заңының статистикалық сипаттамасы.
3. Сипаттамалық функциялар. Химиялық тепе-теңдік.
4. Химиялық реакцияның изотерма, изобара және изохора теңдеулері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Химиялық термодинамика — физикалық химияның химиядағы термодинамикалық құбылыстарды (химиялық реакция, фазалық ауысулар (еру, булану, кристалдану, т.б.), сонымен қатар заттардың термодинамикалық қасиеттерінің олардың құрамы мен агрегаттық күйіне тәуелділігін қарастыратын саласы. Химиялық термодинамикатермохимия, химиялық тепе-теңдік және ерітінділер (олардың ішінде электролиттер) туралы ілімдермен және электродты потенциалдар, беттік құбылыстар термодинамикаларымен тығыз байланысты. Химиялық термодинамика термодинамиканың жалпы заңдары (нөлінші, бірінші, екінші, үшінші) мен ережелерін пайдаланады.
Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың бірінші заңы негізінен энергияның сақталу және оның жылу процестеріне түрлену заңы болып есептеледі. Демек, ол жылу мен жұмыстың өзгеруіне байланысты. Макроскопиялық системалардағы энергияның өзгеруі тәжірибе көрсетіп отырғандай жылу алмасу формасында байқалады және сан түрлі жұмыс түрінде кездеседі. Көптеген әдістер арқылы бір күйден екінші күйге ауысқан жылу мен жұмыстың алгебралық косындысы өздерінің тұрақты мәнін сақтайды, ал процестерде ол нөлге тең. Жүргізілетін тәжірибелер нәтижесінен, термодинамиканың бірінші заңы сипаттауды, дәлелдеуді керек етпейтін жорамал (постулат) екенін көреміз. Осыған сүйеніп системадағы ішкі энергияның қосындысы тек система күйіне ғана тәуелді функция екенін аламыз. Демек, термодинамиканың бірінші заңын былай тұжырымдауға болады: кез келген процестердегі системаньщ ішкі энергия өсімшесі, осы системаға берілген жылу мөлшерінен система атқарган жұмысты азайтқанға тең: U Q – A (1)