Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет6/12
Дата02.09.2024
өлшемі90,16 Kb.
#203796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс тезистері химия тарихы

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Химиялық элементтерді жіктеу қажеттілігі неліктен туындады?
2.Период дегеніміз не? Периодтар қалай жіктеледі?
3.Топ дегеніміз не.Топ нешеге бөлінеді?
4.Периодтар мен топтарда элементтердің металдық қасиеттері қалай өзгереді?
5.s,p,d,f-элементтері деген не?
6.Металдық қасиеті ең жоғарғы элементті анықтаңдар
7.Негізгі топшадағы химиялық элементтер қалай өзгереді?

1

№ 9
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылу тарихы.
2. Физикалық химияның даму тарихы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
XIX ғ-ң бірінші жартысында ғалымдар қасиетінде ұқсастық байқалатын элементтердің бірнеше классификациясын ұсынды. Орыс ғалымы Д.И.Менделеев 1869 жылы элементтерді атомдық массасына қарай таблицаға орналастырып, оны периодтық жүйе деп атады. XIX ғ-ң 50-жылдарында химия мен физиканың арасындағы жақындық айқын байқала бастады. Оған атомистикалық ілім және кейіннен физикалық химияның дамуына үлкен үлесін тигізген газдардың кинетикалық теориясы негіз болды. Жаңа туындаған ғылым – химиялық процестің жылдамдығын, жылуға байланысты жүретін құбылыстарды зерттеуге ден қойды. Физикалық химияның дамуына адамзат, өсімдік және жануарлардың өмірінде маңызы зор болатын ертінділер табиғатын зерттеу үлкен үлес қосты.
Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылу тарихы; Менделеевтің Периодтық заңы мен периодтық кестесі.Периодтық заңның дамуы
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Химиялық элементтерді жіктеу қажеттілігі неліктен туындады?
2.Период дегеніміз не? Периодтар қалай жіктеледі?
3.Топ дегеніміз не.Топ нешеге бөлінеді?
4.Периодтар мен топтарда элементтердің металдық қасиеттері қалай өзгереді?
5.s,p,d,f-элементтері деген не?
6.Металдық қасиеті ең жоғарғы элементті анықтаңдар
7.Негізгі топшадағы химиялық элементтер қалай өзгереді?




№ 10
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Құрылымдық химияның пайда болуы. Құрылымдық теория.
2. Органикалық химияның даму тарихы.
3. Структуралық химия (химиялық құрылыс теориясы).
4. Стереохимия.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
XIX ғ. алғашқы онжылдығында текстиль және бояу өнеркәсібінің сұранысы табиғаты осы кезге дейін белгісіз болып келген органикалық заттардың қасиетін зерттеу жұмысын дамытуға негіз болды. Бұл салады А.Лавуазье ұсынған органикалық заттардың элементтік анализінің маңызы зор болды. Ол алғаш рет заттардың сандық құрамын анықтады. А.Лавуазье – органикалық заттар күрделі радикалдардың оттегімен қосылуынан пайда болатынын айтып, органикалық қышқылдардың жіктелуінің негізін қалағанын жариялады. Кейіннен Ж.Гей-Люссак, Л.Тенар, Я.Берцелиус және Ю.Либих жүргізген аналитикалық зерттеулер органикалық қоспаның сандық құрамын анықтап, ондағы элементтердің қатынасын белгілеуге мүмкіндік берді. Я.Берцелиус еселік қатынас заңының дұрыстығын дәлелдеп, органикалық қосылыстырдың радикалы туралы ілімді қалыптастырды.
1860 жылға дейін химиктер заттың құрамын зерттеп, классификациялап, көптеген органикалық және бейорганикалық қосылыстырадың эмпирикалық және рационалды формулаларын анықтаумен айналысты. Заттың қаситеі туралы мәліметтің жинақталуы, химиялық қосылыстардың қасиеті мен құрамын анықтау химиялық білімнің шегі емес, бұл ғылымның негізгі мақсаты – заттың қасиетінің оның құрамы мен құрылысына тәуелділігін зерттеу екендігі байқала бастады. 1860 жылдың басында химияда: қосылыстардың химиялық формуласы оның құрылысын және қасиетін анықтайды деген жаңа ұғым қалыптасты. Бұл салада А.М.Бутлеров, А.Кекуле, В.В.Марковников т.б. ғалымдар көп еңбек сіңірді.
XIX ғ 70-жылдары химиялық құрылыс теориясы толық бекігеннен кейін химиялық қосылыстардың кеңістіктік құрылысы туралы ілім қалыптаса бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет