Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет5/12
Дата02.09.2024
өлшемі90,16 Kb.
#203796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс тезистері химия тарихы

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Период дегеніміз не? Бір период ішінде орналасқан элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары қандай?

  2. Мына элементтерді металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеруі бойынша орналастырыңдар: СІ, Mg, S, F, C, I, Na, AI, O. Валенттіліктерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіріңдер.

  3. Мына элементтерді металдық қасиеттерінің әлсіреуіне қарай орналастырыңдар: 1) германий; 2) мыс; 3) калий; 4) кальций; 5) селен;

  4. 4-период элементтерін бейметалдық қасиеттерінің өсу реті бойынша орналастырыңдар: 1)Se, 2)Ge, 3)Br, 4)As, 5)Zn.

  5. Д.И. Менделеев химиялық элементтердің периодтық жүйесінің кестесін қандай ұстаныммен құрастырды? Қазіргі кезде периодтық жүйенің қандай заңдылықтары белгілі?

  6. Преиодтардағы және негізгі топшалардағы химиялық элементтердің қасиеттері қандай бағытта және қалай өзгереді?

  7. ІІ топтың қай элементі (Мg немесе Са) басым металдық қасиет көрсетеді.

  8. Реттік нөмірлері 7,12,17,23,30,35,41 элементтер қай периодта, топта, қатарда орналасқан анықтаңдар.

  9. Периодтық заңның практикалық және теориялық маңызы неде?

  10. Периодта және негізгі топшада орналасқан элементтердің электртерістіктері қалай өзгереді?

  11. Химиялық элементтің энергетикалық қабатында )2)8)1 болып бөлінеді. Осы элементтің жай затының №8 және №16 элементтермен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Түзілген өнімдерді атаңдар және қай класқа жататынын анықтаңдар.

  12. 3-период элементтері (№11, 12, 13) оксидтері мен гидроксидтерінің формуласын жазып, атом ядросының заряды артқан сайын қасиеттерінің қалай өзгеретінін көрсетіңдер.

1

№ 8
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Классикалық химия кезеңі.
2. Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылу тарихы.
3. Менделеевтің Периодтық заңы мен периодтық кестесі
4. Периодтық заңның дамуы
Д.И. Менделеев элементтер жүйесін жасауда сол уақытқа дейінгі химияның үш табысына сүйенді: олар химиялық элементтер жайындағы түсінік, элементтердің оның сол уақытта белгілі 63 түрі; 1852 жылы ғана химияға енген жаңа түсінік-элементтердің валенттігі; 1860жылы Карлсруэдегі химиктер съезінің қорытындысының бірі- элементтердің атомы және атомдық масса жайындағы түсінік.
Менделеев элементтерді жүйелеуге негіз етіп, элементтің шешуші қасиеті масса деп түсініп, массаның көрсеткіші атомдық массаны алады. Масса-материға тән қасиет. Менделеевтің массаны негізге алуы оның ғылыми ойлау жүйесі материалистік екенін көрсетеді.
1870жылы Менделеев «Химия негіздерінің» бірінші басылуында элементтер жүйесінің жаңа нұсқасын береді. Мұнда бірінші нұсқа да кестені 900 бұрған, сонда ондағы вериткаль қатарлар мұнда период болып, параллель горизантальдағы элементтер валентігі бойынша, топ түзеді. Біздің осы уақытта қолданатын кестелеріміз осы екінші нұсқаның негізінде жасалған.
Бұл нұсқаға сүйеніп Менделеев:

  • 12 элемент тағы ашылу керек деп болжап, оларға бос орын қалдырады, ол осы күні табылған- скандий, галлий, германий, технеций, рений, гафний, полоний, астат, франций, радий, актиний, протактиний; бұлардан басқа лантаноидтар мен ураннан кейінгі элементтер табылуы мүмкін деген пікір айтқан;

  • 10 элементтің атомдық массаларын 1,5-2 есе түзеп өзгертеді, олар берилий, индий, ванадий, торий, уран, лантан, церий және басқа лантаноидтар осылардың валенттіліктерін өзгертеді;

  • 10 элементтің атомдық массаларын түзетеді;

  • 8 элементті, ол уақытта ұқсас деп жүрген элементтерден басқа элементтермен ұқсастығын тауып солармен бір топқа орналастырады.

  • Осындай жұмыстардың ақтығында 1871 жылы Менделеев периодтық заңның анықтамасын береді:

Элементтердің, олардың жай және күрделі қосылыстарының қасиеттері атомдық массаға периодтық тәуелділікте болады.
ХІХ ғасырдың аяғына дейін химияда да, физикада да атом материяның бөлініп болған ең кіші бөлігі, одан әрі бөлінбейді деген метафизикалық жалған пікір үстем болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет