51-сурет. Жүгері: піскен собықтар мен дәндер жөне негізгі түр тармақтары: 1-тіс төрізді; 2-кремнийлі; 3-крахмалды; 4-қанттық; 5-жарылмалы.
Пайдалануға рұқсат етілген жүгері будандары
Одесский 80 МВ. Украинаның Жеребков ТС шығарылған. Алты жниялы будан. Өсімдік биік өседі, 220-280 см биіктіктегі негізгі сабақта 15-16 жапырақ қалыптасады. Дәні тіс тәрізді, кейде кремнийлі сары, ақ түсті. 1000 санының массасы 250-300 г. ортадан ерте пісетін будан, 1986 (1,2,3,4,5,6,7,9,10,11,12).
Молдавский 257 СВ. Молдавияның жүгері ҒЗИ-да шығарылған. Дөні ашық сары түсті жартылай кремнийлі және қызыл собықты сортотип түріне жатады. Өсімдігінің биіктігі 150-209 см, жапырақ саны 15, ерте пісетін будан, 1000 дәннің массасы 218 г, 1989 (4,6,9,12).
Молдавский 215 МВ. Молдавияның жүгері ҒЗИ-да шығарылған. Ерте пісетін сортотип түрінің дәні сарыв тіс тәрізді жене собық білігінің түсі қызыл. Өсімдік биіктігі 136 см дейін. 12-14 жапырақ түзеді. 1000 дәнінің массасы 260 г, 1989 (1,2,7,11,12).
Соңғы жылдары пайдалануға рүқсат етілген жүгері будавдары: Алатау 107 ТВ, 1992 (6,7); Алтай 250 МВ, 1994 (1,3,8,11); Бильбао, 1996 (3); Бони, 1996 (4,6,12); Будан 237 МВ, 1994 (1,2,4,6,7,8,9); Гусар, 1998 (12); Диамант, 1996 (1); ДК 636, 1997 (5,13); Доллар, 2000 (4,5); Драхма, 2000 (3); Дупло, 2001 (4); ЗПСК 704, 2001 (3); Импакт, 1996 (9); Каз ЗП 125, 1996 (1,2), Каз ЗП 678, 1996 (3,13); КазНИИЗ 74, 1975 (3,5); Казахстанский 162 МВ, 2001 (6); Казахстанский 43 ТВ, 1979 (3,7,13);Казахстанский 587 ТВ, 1993 (3,8); Казахстанский 700 СВ, 1993 (5,13); Моддавский 456 МВ, 1993 (3); Паллас, 1998 (9); Призма, 1997 (3,5,13); Сары-Арка 150 АСВ, 1994 (1,2,3,4,7,9); Сервия, 1998 (13); Сибирячка, 1994 (4); Скандия, 2001 (9); Тема, 2000 (3); Тургайский 5/87, 1993 (1,2,3,9); Целинный 160 СВ, 1993 (1,3,6,7,9,12); Цецилия, 2001 (3). ШАЙ ЖҮГЕРІ - СОРГО - 8ОКСКШМ ТАПСЫРМА
Шай жүгерінің жүйеленуін оқып-үйрену.
Өсімдік морфологиясындағы ерекшеліктерді оқып-үйрену.
Шай жүгерінің маңызды сорттары мен будандарына шаруашылық-биологиялық сипаттама беру.
Шай жүгеріні астыққа және сүрлемге өсірудің операциялық технологиясын жасау.
Түр тармақтарын анықтау. Шай жүгері (5ог§һшп) туыстығы 30-дан астам біржылдық жөне көпжылдық түрлерді біріктіреді. Шай жүгерінің типтері мен формалары географиялық таралуы мен пайдалануына қарай гвинеялық, кафр, негритяндық, қытайлық, қантгық, сыпыртқылық, шөптік т.б. қарапайым түрлерге бөлінеді.
Рестубликамызда іс саналық маңызы бары қанттық, астық немесе нандық, шөптік жөне сыпыртқылық шай жүгері түрлері өсіріледі. 76-кестеде кейбір шай жүгері түрлеріне қысқаша мәліметтер берілген.
Морфологиялық ерекшеліктері. Тамыр жүйесі шашақты және бес дербес типтерге бөлінген: ұрықтык, мезокотильдік (бүйір), түптену, түптену өркендерінің тамырлары және ауа тамырлары. Қуатты тамыр жүйесі 2,0-2,5 м топырақ терендігіне бойлай өседі жөне 1,0-1,2 м жан-жағына тарайды. Барынша қарқынды өсуі шашақтанудың басында болады, негізгі массасы 1 м дейінгі топырақ қабатында орналасқан.
Шай жүгерінің сабағы тік өседі, тегіс бетті, биіктігі 2-3 м, қуысы паренхимамен толтырылған, онда әртүрлі дөрежеде қант шырыны бар. Шырынның құрамына кристалданатын қанттан басқа фруктоза кіреді, ал ол кристадды қант алуды қиындатады. Қанттың негізгі массасы орта және теменгі буынаралықтарда болады және барынша жоғарғы мөлшеріне дөннің балауызданып пісу кезеңінде жетеді.
Сыпыртқы жөне көптеген астық бағытындағы сорттарының өзегі қүрғақ губкамен толтырылған. Сабақ өзегінің шырынды немесе қүрғақ екендігін көрсететін морфологиялық белгі-жапырақтың орталық жүйкесінің түсі, ал оның анантомиялық құрылысы сабақтың сондай құрылысына ұқсас. Оның ақ түсі сабақ өзегінің губкалы ткань екендігінің белгісі-ауамен толтырылған (қүрғақ), ал жасыл сұр түс-шырынды, шырынмен толтырылған.
Сабақ цилиндр пішінді 5-25 буын (түйін) аралықтарынан тұрады, ерте пісетін сорттарында 11-25-тен, кеш пісетіндеріңце 16-25. Тамыр маңындағы түйін аралықтарының ұзындығы 0,3-2-3 см, ал жоғарғылары 5-тен 40 см дейін жетеді. Түптену түйінінен толық дамитын 4-5 сабақ түзіледі, мал азығына өсіргенде бұл оң әсер етеді.
Жапырағы жапырақ қынабы мен тақтасынан тұрады жөне ені 5-14 см, ұзындығы 40-80 см дейін болуы мүмкін. Пісу мерзіміне қарай жапырақтарының саны 5-9-дан 16-25 жэне одан да көп болады. Мал азықтық мақсатқа жақсы жапырақтанған сорттары барынша бағалы.
76-кесте Негізгі шәй жүгері түрлерінің анықтамалығы
Түрдің атауы
|
Пайдалану бағыты
|
Сілсебас-тыңорналасуы
|
Сіпсебас-тың пішіні
|
Сіпсебас-тың тығыздығы
|
Төменгі қабықтың (қауыздың) құрылысы
|
Дәннің орналасуы
|
Қанттық немесе мал азықтық
|
Мал азықтық және қанттық
|
Тік
орналасқан
|
Эдлипс тәрізді
|
Айтарлық-тай борпылдақ
|
Қалың, жылтыр, жүйкесіз
|
Масақша қабығынан шығыңқы
емес
|
Астық
немесе нандық
|
Астық
|
Сондай
|
Кең эллипс тәрізді
|
Өте тығыз
|
Негізінің 2/3 бөлігі қалың, көлденең өжімі жоқ, жоғары бөлігі-қалың жарғақты жөне көлденең әжімді әрі жаншылған
|
2/3 бөлігі шығыңқы
|
Кәдімгі қосгулді
|
Сондай
|
Сондай
|
Эллипс тәрізді
|
Салыстыр-малы борпылдақ
|
Қалың, әжімсіз және жаншылмаған
|
Масақша қабықшаларынан шығыңқы
|
Иілген джугара
|
Сондай
|
Иілген, бүгілген
|
Кең эллипс терізді
|
Өте тығыз
|
Негізінде қалың-жарғақты, көлденең әжімді, жоғарғы жартысында жаншылған
|
2/3 бөлігі шығыңқы
|
Сыпырт-
қылық
|
Сыпырт-қы сыпыр-ғышы
|
Тік,
орналасқан, бас ібілігі жоқ
|
Қалқан тәрізді қысыңқы
|
Салыстыр-малы борпылдақ
|
Қалың, жылтыр, жүйкесіз
|
Масақша қабығынан шыгыңқы емес
|
Судан шөбі
|
Мал азықтық
|
Тік орналасқан
|
Шашы-раңқы қомақты-лықтан қысыңқы тармақ-танғанға дейін
|
Борпылдақ
|
Төменгі және жоғарғы қабықтар қалың, екі гүл қауыздары да қабықты. Төменгі қауызға ұзындыгы 5-18 мм шоқгүл бекіген, оның төмеші бөлігі бұралып иілген
|
Қабықты, масақша қабықшаларымен көмкерілген,дөннің жоғарғы ұшы-шығыңқы болмайды, будандары-шығыңқы, пішіні-ұзынша-сопақ, нсмесе ұзынша келгсн
|
Гүл шоғыры-өртүрлі пішіндегі жене түстегі үзындығы 15-60 см сіпсебас (шашақ). Сабақпен салыстырғанда сіпсебастың орналасуы, сорттарына қарай тік, иілтен жөне бұралған болуы мүмкін. Масақшалар бұтақшалар ұшында негізінен екіден жүптасып орналасқан, біреуі-қосжынысты, жемісті, сағақсыз, ал екіншісі-қысқа сағақты, біржынысты, жеміссіз, аталықты айқас тозандануы басым.
Дәні - қабықты немесе жалаңаш, қабықты сорттарында масақша жөне гүл қауыздарымен тығыз көмкерілген, ал жалаңаш дәнділерде-қауыздар тығыз емес, жеңіл опырылады. Дәннің пішіні домалақ, ұзынша-жұмыртқа, алмұрт пішінді, ақ, сары, қызыл, қоңыр түсті, 1000 санының массасы 30-45 г (ірі), 20-30 г (орташа) және 20 г-нен төмен (үсақ). Шай жүгерінің жекелеген морфологиялық белгілері 52,53-суреттерде кескінделген.
Өсімдіктің тіршілік циклі мынадай фенокезеңдерден құралған: өнуі, көктеуі, түптенуі, түтікке шығу, сабақтану, шашақтану, гүлдену, сүттене пісу, балауыздана пісу, толық пісу.
52-сурет. Шай жүгері: 1,2-астық (нандық) шай жүгері егін көгі мен гүлдену кезеңдерінде; 3-масақшалар (жеміссіз-а және жемісті-б); 4-дөн; 5,6-егін кегі мен гүлдену ксзеңцеріндегі судан шөбі; 7-судан шөбінің масақшасы мен дөні.
биіктігі 20-25 см жетеді, бүл кезенде тамыр жүйесі пәрменді (қарқынды) дамиды. 5 жапырақ пайда болғаннан кейін, шамамен 20-30 тәуліктен соң, түптену басталады және ол 15-20 теулікке созылады. Сорттың пісу мерзіміне қарай көктеуден 40-60 төуліктен соң өсімдік түтікке шығады, бұл кезеңде барынша қарқынды өсе отырып төулігіне 5-6 см ұзындық қосылады, түтікке шығудан 15-20 тәуліктен кейін шашақтану басталады.
53-сурет. Шай жүгері. Піскен сіпсебас (а), масақша (б) жөне ден-сол жақта улкейтілген; 1-сыпыртқы шай жүгері; 2-қанттық; 3,4-астык шай жүгерісі.
Достарыңызбен бөлісу: |