Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы



бет44/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76

Өсімдік құрылысының ерекшеліктері. Жоңышқаның кіндік тамыры жуан, күшті дамыған бүйір тамырларымен 2,5-3,0 м дейін топырақ тереңцігіне бойлайды. Орталық тамыр күшті бүтақтанады да кептеген жіңішке тамыршалар түзеді. Негізгі сабақтың тамырмен жалғасатын бөлігін тамыр мойын деп атайды (тамырбасы, түптену түйіні т.б.) онда бүршіктер орналасқан, олардан шапқаннан кейін немесе өсімдік қыстап шыққаннан кейін сабақтар дамиды. Егін кегі шыққаннан соң тамыр мойны топырақ бетінде болады да өсімдігі есейе келе топыраққа қарай тартылып 2-7 см тереңцікке енеді, бүл құбылыс өсімдіктің қысқа төзімділігін арттырады.

Сабақтар екінші және одан кейінгі тіршілік жыддарында биіктігі 1,5 м жететін қуаггы бұта қалыптастырады, күшті бұтақтанады жөне бір бүтақта 6-7-ден 200-300 сабаққа дейін түзіледі. Тірішлігінің бірінші жылывда ғана жалғыз сабақ болады, ал кейінгі жылдары мойын тамырдан көптеген сабақтар дамиды.

Жапырақтар үштік, жапырақшалары қысқа аяқшаларға, тек қана орта жапырақша ұзынырақ аяқшада орналасқан. Олардың пішіндері әртүрлі: домалақ, эллипс, ланцет, керіжүмыртқа төрізді. Жапырақшалардың жоғарғы жартысы тістенген болып келеді, түстері ашық-жасылдан күңгірт-жасылға дейін, жалаңаш, немесе төменгі жағынан түктенген. Сабақта жапырақтар кезектесіп орналасады, сағақ негізінде жапырақ серіктері болады.

Гүл шоғыры-көпгүлді шоқгүл (бүтақбас) гүлдері қысқа гүл аяқшаларына бекіген.

Гүлдің жасыл түсті бестісті табақшасы мен табақша жапырақшалары бар күлтеше жапырақтың қүрылысы кетпенге үқсас: екі төменгі күлтепіесі бірігіп өсіп қайықша қүрайды, екі бүйіріндегісі ескекшелер, ал бесіншісі, ең үлкені-желкен деп аталады. Гүл қосжынысты, аналығы және 10 аталығы бар. Күлтеше жапырақшалардың түсі күлгін, сары, ақшыл-қызғылт, ақ шүбар болып келеді.

Жоңышқаның жемісі-көптұқымды бұршаққап (бұршақбас) 2-5 айналымды бұранда немесе орақ тәрізді, кейде түзу, қоңыр түсті. Сары жоңышқада орақ пішінді 2-3 тұқымды, ал көкшіл жоңышқада орақ пішінді 2-3 тұқымды , ал көкшіл жоңышқада-1,5-5 айналымды бүранда 5-7 тұқым қалыптастырады, орташа жоңышқа аралық жағдайда.



Тұқымдары ұсақ, бүйрек немесе бадана төрізді сары-қоңыр немесе сары түсті, 1000 санының массасы 1,0-ден (сары жоңышқа) 2,7 г дейін (кекшіл жоңышқа).

Жоңышқаның түрлерін анықтау. Қазақстанда өсірілетін түрлері жоғарыда айтылған. Түрлер мынадай белгілерімен ажыратылады: күлтеше жапырақшалардың түсі, гүл шоғырының пішіні мен тығыздығы, бүршаққаптың пішіні мен мөлшері (56-сурет, 79-кесте).

Жоңышқаның сортотиптерін (топтарын) анықтау. Егістікте өсірілетін барлық жоңышқалар 6 сортотиптерге (топтарға) бөлінеді. Көк, көкбуданды, шүбарбуданды, сарыбуданды, сары және көгілдір. Мұндай белінудің негізіне мынадай көрсеткіштер алынған: гүлдердің түсі, гүл шоғыры мен бұршаққаптың (бұршақбас) пішіні. Республикада алғашқы бес топқа жататын сорттар аудандастырылған.

79 кесте Қазақстан Республикасында өсірілетін жоңышқа түрлерінің сипаттамасы

Белгілері

Егістік оңышқа (М. sativа)

Өзгермелі (орташа) .media (М. vагіа)

Сары жоңышқа (М. falkatа)

Күлтеше жапырақтардың түсі

Күлгін, күңгірт-күлгін

Ашық-күлгін, көкшіл-шүбар түс басым, ашық-көкшіл, күңгірт-көкшіл, күңгірт-сары, ақшыл, жасылдау-сары жөне сары түстер кездеседі

Сары

Бұршаққаптағы оралым саны

2,5-4

1,0-3,5, кейде орақ пішінді

Орақ пішінді немесе түзу

Тұқымдары

Бүйрек, кейде жүрек тәрізді, сарғыш-сүр, 1000 т9қымы 1,5-2,7 г.

Бұрыш бұршақ пішінді, өртүрлі түсті сары, ашық-қоңыр, қоңыр, 1000 тұқымының массасы 1,2-2,3 г.

Жүрек төрізді, бір бүйірлі, сарғыш-күңгірт-қоңыр, 1000 тұқымы 1,0-1 г.

Тамыр мойынның топыраққа бойлауы, см

2 -ден 5-6 дейін

1,5-нан 5-6 дейін

4-тен 7-ге дейін

Күзгі және кектемгі өсу дегелеңі

Жатқыш, құламалы, жартылай тік

Жатқыш, жартылай жатқыш, құламалы, жартылай тік

Қысылған

Орта қабаттағы жапырақшалар, мөлшері мен пішіні

Ірі және орта мөлшерде эллипс, кері жұмыртқа пішінде, кейде домалақ

Ірі, орташа, ұсақ, ұзынша-эллипс, кері жұмыртқа пішінді, кейде жіңішке ланцетті

Ұсақ, ұзынша-эллипс терізді және жіңішке-ланцетті

Шабылғаннан кейін қайта өсуі

Әуелі баяу, соңынан шапшаң

Шапшаң, кейде баяу

Өте баяу

Екінші және одан кейінгі тіршілік жылдарындағы пішенге шабыс саны

2-ден 4-6 дейін

2-3

1, кейде 2

Қысқа төзімділігі

Жоғары, кейде орташа

Жоғары, кейде орташа

Өте жоғары

Көк — гүлдердің түсі күлгін, қоспа түс жоқ. Бұршағы спиральды 2-4 айналымға бұратылған. Бұл топтағы сорттар негізінен Қазақстанның Оңтүстік облыстарында суармалы жерлерде есіріледі.

Сары - гүлдерінің жалпы түсі ашык-сары, қызғьшт сары, бұршағы орақ пішінді, шөптілігі жіңішке сабақты, ұсақ жапырақты, бұқтасы ауытқымалы. Қуаңшылыққа, қыстың суығына өте төзімді, алайда өнімділігі жеткіліксіз.

Көгілдір — гүл күлтесінің түсі кегідцір, көк жоңышқадан гүлдерінің ұсақтығымен және жапырақшаларының енсіздігімен ажыратылады. Өзгермелі жоңышқа түріне жататын көкбудавды, шұбарбуданды жөне сарыбуданды жоңышқа топтарыньщ толық сипаттамасы 80-кестеде келтірілген.



56-сурет. Егістік жоңышка: 1,2-дамыған егін кегі мен гүлдену кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-жапырақтары және гүл шоғырларымен өркеннің бір бөлігі; 4-гүл; 5-жеміс (сол жақта үлкейтілген); 6-тұқымдары (жоғарыда-үлкейтілген).

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жоңышқа сорттары:

Каталог: Книги -> 269
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
269 -> Назар аударыңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет