Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы



бет70/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
Әдебиет

Вавилов П.П., Кондратьев А.А. Новые кормовые культуры. М., Россельхозиздат, 1975.

Медведев П.Ф. Малораспространенные кормовые кудьтуры. Л.; Колос, 1979.

Милащенко П.З. Абрамов В.Р. Технологая выращивания и использования рапса и сурепицы. М.; Агропромиздат, 1989.

8. МАЛ АЗЫҒЫНА МҮҚТАЖДЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ

МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЕГІС КӨЛЕМІ МЕН

ЖАСЫЛ КОНВЕЙЕРДІ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

ТАПСЫРМА


  1. Малдың мал азығына қажетсінуін есептеу (шаруашылық мысалында): а. жылдық қажетсінуі; б. жасыл балаусалы мал азығына қажетсінуі (мұқтаждығы).

  1. Табиғи мал азықтық жерлер мен екпе дақылдарды өсіруден түсетін мал азығын ескере отырып жасыл балаусалы конвейер кескінін жасау.

  1. Малдың қорада ұсталатын кезеңіне мал азықтық дақылдардың егіс көлемін есептеу.Азықтық өлшем мен протеинге жылдық мүқтаждық жануарлардың өнімділігі мен олардың массасына тікелей байланысты.

95 жөне 96-кестелерде сауын сиырлардың азықтық өлшем мен сіңімді протеинге тәуліктік жобалы рационы келтірілген (Қазақ АУ-нің а.ш. жануарларын азықтандыру кафедрасы, Е.Ш. Шекенов пен Б.Н. Григорьев деректерінен). Осыған негіздей отырып малдың қорада тұратын айлық кезеңін мүқтаждықты анықтауға болады.

Әрі қарай шаруашылықтағы нақты мал табынына байланысты қажетгі мал азығын бүкіл мал басына есептеуге болады, есептеуді жеңілдету үшін сауын малдың мұқтаждығынан (% есептегенде): қашарларға-90%, 1 жылдан ересек төддерге-70%, 1 жылға дейінгі төлге-50% деп алынады.

Мал азығына қорада түратын кезеңге жылдық мұқтаждықты есептегенде мына кескінді пайдалануға болады (қосымшаның 12-кестесі).

Малдың қорада түратын екзеңіне қажетті мал азығын өндіру үшін егістік көлемі мен өрбір дақылдың өнімділігін ескере отырып мына кескін бойынша есеп жүргізіледі (қосымшаның 13-кестесі).



Соңынан жасыл мал азығына (балаусаға) онкүндіктер бойынша мүқтаждықты есептейді және тәуліктік рацион 11-14 а.ө. болғаны жен, 1-3 кг жемазық қарастырылады. Мүндай жағдайда жасыл балаусаға қажеттілік 50-60 кг қүрайды. Есептеуді қосымшаның 14-кестесіне сәйкес жүргізуге болады. Осыдан кейін жайылымның орташа өнімділігі мен жалпы көлемі бойынша күтіліп отырған жас балауса массасын есептейді. Шаруашылық жағдайында жайылымның қурап қалу кезеңі де ескеріледі (қосымшаның 5-кестесі).

Жасыл балаусалы мал азығына онкүндіктер бойынша мүқтаждықты және оның табиғи мал азықтық жерлерден қамтамасыз етілуін салыстыра отырып оның қосымша қажетті мөлшерін барлық уақыт пен айлардың онкүндіктеріне есептейді.

Жасыл балаусалы мал азығына жетіспеушілікті жасыл конвейер жүйесінде екпе дақыддарды себу есебінен жоюға болады. Есептеулер қосымшаның 5-кестесі бойынша жүргізіледі.

Жасыл балаусалы мал азығына онкүндіктер бойынша мүқтаждықты негізге ала отырып екпе дақылдар есебінен жасыл конвейер жүйесі жасалады және мынаны еске алған жөн: көпжылдық шөптердің шабылмалы пісу кезеңі мен шабу мерзімі (айлардың онкүндікгері), алшынкөк алу мүмкіндігі мен мерзімі, бүкіл басқа мүқтаждық өртүрлі мерзімде себілетін біржылдық шөптердің сесбінен қанағаттандырылады. Мұндай жағдайда себу мерзімінен бастап бүл дақылдардың шапбылмалы кезеңіне дейін 55-65 тәулік қажеттігін жөне шабу кезеңі орта есеппен 7-10 тәулікке созылатынын негізге алу керек, қысқасы сәуірдің соңы-мамырдың басынан бастап өрбір 7-10 күн сайын шідденің ортасына дейін біржылдық шөптерді сеуіп отырады.

Барынша ерте мерзімде жасыл балаусалы мал азығын алуга еткен жылы себілген күздік қара бидайды, ең кеш мерзімге рапс, қыша, майлы шомыр және оның сүлымен немесе арпамен қоспасы пайдаланылады. Біржылдық шөптер өдетте бүршақ түқымдастар мен

95-кесте


Тірідей массасы 450 кг, тәулікгік сүт сауылымы 11-14 кг

жөне майльілығы 3,7% сүт беретін сауьш сиыр үшін тәуліктік рацион



Мал азығы

Тәуліктік берілімі, кг

Азықтық өлшем (а.ө.)

Сіңщді протеин, г

Қант, г

Каротин

мг


Астық түқымдас пішен

5

2,25

190

100

75

Жүгері сүрлемі

20

3,60

240

30

360

Бұршақ тұқымдас пішендеме

8

2,8

400

144

120

Қызылша

10

1,2

80

500




Жем азықтар

3

3,0

300

54

_

Патока


0,5

0,3

25

250

_

Тұз

80













Фосфордың қос аммоний тұзы

80













Мөлшер (норма)




11,0

1120

1000

490

Рациондағы мөлшері




13,1

1235

1078

555

96-кесте

Тірідей массасы 450 кг, төуліхтік сүт сауылымы 15-18 кг және майлылығы 3,7% сүт беретін сауын сиыр үшін тәуліктік рацион



Мал азығы

Тәуліктік берілімі, кг

Азықтық өлшем (а.ө.)

Сіңімді (қорытылатын) протеин, г

Қант, г

Каротин, мг

Астық тұқымдас пішен

5

2,25

190

100

75

Бүршақ түқымдас пішен

3

1,5

195

45

75

Жүгері сүрлемі

20

3,6

240

30

360

Бүршақ тұқымдас пішендеме

10

3,5

500

180

150

Қызылша

10

1,2

80

500

-

Жемазықтар

3

3,0

300

54

-

Түз

95













Фосфордың қос аммоний түзы

100













Мөлшері (норма)




13,2

134 _,

1180

580

Рациондағы мөлшері




15,0

1505

1009

660

қоспа түрінде себілуге тиіс. Жасыл конвейер жүйесі мына үлгіде жасалады (қосымшаның 17-кестесі).

Мал қорада тұратын кезеңге қажетті мал азығын алу үшін егістік алқаптың көлемі дақылдың өнімділігін ескеріп мына жобалы кескін бойынша іске асырыяады (қосымшаның 14-кестесі).

Мал азығына жылдық мұқтаждықты есептегендегі барлық деректер бір кестеге жинақталады (қосымшаның 18-кестесі).

Бақылау сұрақтары


  1. Мал азығының негізгі турлері және олардың салыстырмалы мал азықтық құңдылығы.

  2. Көпжылдық және біржыддық шөптердің сүрлемдікдақылдардың жинау мерзімдері жөне тәсілдері.

  1. Егін жинау жұмыстарының сапасына қойылатын талаптар.

  2. Мал азықтық даылдарды жинауға пайдаланылатьш техника.

  1. Негізгі мал азықтарына қойъгаатын талаптар, сыныпқа (класқа) бөлу төртібі.

  1. Жоғары сапалы пішен, пішендеме, сурлем, жалқы азық өндірудің жағдайлары.

  1. Далалық жағдайда кептіру және белсенді желдету жолдарымен сүрлем, пішендеме, витаминді шеп үнын, пішен дайывдау технологияларьшың ерекшеліктері.

  2. Сүрлемдік және пішендемелік құрылымдар. Оларды алынатын мал азьщтарының сапасы мен шығымына байланысты бағалау.

  3. Пішен мен пішеңдемені әртүрлі құрылымдарда жабу мен жүргізу тесіддері.•

  4. Мал азықтарын есептеу өдістемесі.

  5. Жануарларға мал азығьшың қажеттілігін есептеу әдістемесі; тәуліктік, айлық, қорада тұратын жайылымдық кезеңдер.

  6. Жайыпымдық кезеңге мал азығын есептеу одістемесі қандай және жайылым кезеңін ескере отырып мал азығының балансын жасау.

  7. Жасыл конвейер кескінін жасау едістемесінің негізі қандай?

  8. Маддың қорада тұратын кезеңіне байланысты егістік көлемін есептеу әдістемесі қандай ?

VIII - ТАРАУ. ТАЛШЫҚТЫ ДАҚЫЛДАР

Талшықты өсімдіктер талшық өндіру үшін өсіріледі, ал ол әртүрлі тоқыма маталары мен көптеген басқа бүйымдар өндірісінде пайдаланылады.



Талшықты дақылдар тобы ертүрлі ботаникалық тұқымдастарға жататьш көптеген өсімдікгер түрлерін бірікгіреді. Талшықтьщ пайда болу орнына байланысты оларды төрт топқа бөледі:

  1. Тұқымдары талшықты өсімдіктер-талшықтары тұқымдарында түзіледі. Оларға мақта өсімдігі (ұлқайыр тұқымдасы) жатады.

  2. Сабақтары талшықты өсімдіктер-талшықтары сабақтарында қалыптасады. Оған зығыр (зыгыр тұқымдасы), қарақурай (қарақурай тұқымдасы), кенеп пен канатник (құлқайыр тұқымдасы), кендір (жөке тұқымдасы), рами (қалақай түқымдасы) кіреді.

  3. Жапырақтары талшықты өсімдікгер-талшықтары жапырақтарында пайда болады. Бұл топқа тоқымалық агава, жаңазеландиялық зығыр жөне сизаль жатады.

  4. Жемістері талшықты өсімдіктер. Оларға кокос пальмасы жатады.

Талшықты дақылдар тоқыма өнеркөсібінің шикізат көзі болып табылады. Дүние жүзілік егіншілікте талшықты дақылдардың ішінде аддыңғы орынды мақта өсімдігі, кевдір, зығыр, қарақурай жөне кенеп иеленеді, ал ТМД елдеріндегі маңызды талшықты дақыддар-мақта өсімдігі, талшықты зығыр, қарақурай.

Талшықты дақылдардың тұқымдарда тамаққа және техникалық мақсаттарға пайдаланатын май болады. Тұқымды майға өндегенде шығатын қосымша енім-күнжара бағалы белокты мал азығы.

Қазақстан Республикасында талшықты дақыддардан Ощүстік Қазақстан облысьшың 6 ауданында-Мақтаарал, Сарыағаш, Ордабасы, Түркістан, Арыс және Шардара-тек қана мақта өсімдігі өсіріледі.

МАҚТА ӨСІМДІП - ХЛОПЧАТНИК

Мақта өсімдігі Құлқайыр тұқымдасына туыстығына жатады да 60-тан астам түрлерді біріктіреді.

Негізінен екі түрі кең тараған; көдімгі (орташа талпіықты) мақта өсімдігі және ұзынталшықты (перуан) мақта өсімдігі — . Қазақстанда кодімгі (орташа талшықты) мақта өсімдігі өсіріледі.

Мақта өсімдігі көпжылдық есімдік, алайда Қазақстанда көптеген басқа елдердегі сияқты біржылдық дақыл ретінде есіріледі. Мақта есімдігінің тамыры кіндікті болып келеді. Тұқым жарнағы кезеңінде негізгі тамыр 20 см дейін топырақ қабатына бойлайды, ал өсіп-жетілудің соңында 2,5-3,0 м дейін жетеді.



Топырақ қабатының 3-8 см терендігінде негізгі тамырдан бірінші дөрежелі бүйір тамырлар тарайды. Олар біршама бүрыш жасап 70-100 см радиуста жан-жаққа жайылады.

Бірінші дөрежелі бүйір тамырларынан екінші дөрежелі тамырлар, олардан үшінші дәрежелі жөне т.б. тарайды. Әртүрлі дережелі

94-сурет. Көдімгі мақта өсімдігі: 1,2-дамыған егін көгі жөне пісудің соңғы кезеңцеріндегі есімдіктер; 3- гүл мен жапырақ; 4-піспеген жеміс; 5-піскен қорапша (қауашық); 6-қорапша жарғақтары (жармашалары); 7-түқым талшыгамен; 8- туқым қабыгамен және қабыксыз (оң жақта).



95-сурет. Жіңішке талшықты (перуан) мақта өсімдігі: 1-жемісті бүтақтың бір белігі; 2,3-піспеген жөне піскен қорапша; 4-қорапшаның жарғақтары; 5-үшпа талшыктар; 6-тұқым түріне қарамай; 7-жас өсімдіктің кескіні; 8-гүлдену кесікіні (арап сандары мен бүтақтар, римдікпен гүлдену сақиналары кескінделген); 9-түқьшнын, күрылысы: а-түқым жарнактарының қатпарлары, б-тамырша, в-қабыш мен қысқа талшықтар.



жарнағынан, тамыршадан жөне өскіннен тұрады. Тұқым массасының 8% ядро, 20-25% қабығы қүрайды. Шикізат массасьшан талшықтың шығымы 30-35%. 1000 түқымның массасы 80-125 г жэне одан да жоғары.

Бұтада негізгі сабақтың және ондағы жемісті бұтақтардың өсуіне қарай шанақтың (бутонның) пайда болуы мен олардың ашылуы өсіп-жетілу кезеңінде бірте-бірте іске асады. Осыған байланысты бір бүта шеңберінде гүлдердің ашылуы бірінен соң бірі төменнен жоғары, бұтақтан бұтаққа қарай жөне бұтақ бойымен жан жаққа, өрі бұтаның шеттеріне қарай өрбиді.



Ең төменгі жемісті бүтақтьщ алғашқы буыныңда орналасқан гүл бірінші гүлдейді. Осыдан кейія екінші жемісті бұтақтың бірішді гүлі, одан соң үшінші жемісті бүтақтың бірінші гүлі ашылады. Аталған үш гүл гүлденудің бірінші қабатын (конусын) қүрайды. Бұл конустағы келесі гүл 2-3 күннен кейін ашылады. 5-7 күннен соң бірінші бұтақтың екінші гүлі және төртінші жемісті бүтақтың бірінші гүлі ашылады. Соңынан екінші -үшінші бұтақтың екінші гүлдері мен беснші-алтыншы жемісті бұтақтардың алғашқы гүлдері ашылады. Барлық осы гүлдер гүлденудің екінші конусын (қабатын) қалыптастырады.

Осындай кезекпен үшінші конустың гүлдері ашылады, оларға бірінші, екінші, үшінші жемісті бұтақтардың үшінші гүлдері, төртінші, бесінші және алтыншы жемісті бұтақтардың екінші гүлдері, жетінші, сегізінші және тоғызьшшы жемісті бұтақтардың алғашқы гүлдері кіреді.

Келесі гүлдену конусының (4-5 жөне басқаларының) пайда болуы осы кескінмен іске асады. Әрбір қабаттағы гүлдер, біріншідегі сияқты, 2-3 күннен кейін (қысқа кезек), ал симподңдегі кезекті гүл 5-7 күннен кейін (үзақ кезек) гүддейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет