Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы


Кәдімгі (орташа талшықты) мақта өсіодігі



бет71/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76

Кәдімгі (орташа талшықты) мақта өсіодігі жартылай бүталы, биіктігі 1-1,5 м, берік сабақты жөне түкті, жақсы дамығаи бұтақтары бар өсімдік. Жапырақтары 3-5 қалақты, қалақтары қысқалау-үшбұрышты. Гүлдерінің мөлшері орта шамада, сары, күлтеше жапырақшаларында дақтар жоқ. Қауашағы домалақтау, төбесіне қарай құстұмсықты, ірі 4-5 жармалы, піскенде кеңінен жарылады. Тұқымдары ұсақ талшықшалармен көмкерілген. Талшықтары ақ түсті, үзыіщығы 31-34 мм.

ТМД елдерінде көдімгі мақта өсщдігі осы дақылдың 90% таяу егіс көлемін алып жатыр.



Перуан (ұзын талшықты немесе жіңішке талшықты) мақта өсімлдігі. Жартылай бұталы биіктігі 1-2,5 м, түкті ұзын бұтақты өсімдік, жапырақтары 3-5 қалақты, қалақтары үзьшдау-үшбүрышты.

Қазақстанда орташа талшықты мақта өсімдігінің төмендегідей сорттарьш пайдалануға рұқсат етілген:



С-4727, 1961 (13); 108-Ф,1949 (13); Киргизский - 3, 1987 (13); С-6524, 1991 (13); Пахтаарал 3031, 1998 (13); Пахтаарал 3044, 2000 (13).

Бақылау сұрақтары

1. Талшықты дақылдарды өсірудің мақсаты қандай ?

2. Талшықты дақылдардың талпшқты түзу орнына байланысты топталуы.

3. Қазақстанда мақта өсімдігі қайда өсіріледі ?

4. Қазақстанда өсірілетін мақта өсімдігінің түрлері жене олардың морфологиялық айырмашылық белгілері.


  1. Мақта өсімдігінің бұтақтану ерекшелікгері.

  2. " Мақта өсімдігінің " гулдену ерекшеліктері.

  1. Қазақстанда өсіруге рүқсат етілген мақта өсімдігінің сорттарын атаңыз.

  2. Мақта өсімдігінің сыртқы орта факгорларына (жылу, ылғал, жарық, топырақ жөне қоректік заттарға) қоятын талаптары.

  3. Мақта өсімдігішң өсіру технологиясындағы ерекшеліктер (ауыспалы егістегі орны және алғы дақылдар, топырақ өңцеу жүйесі, тыңайтқыш мөлшерін есептеу ерекшеліктері және топыраққа енгізу технологиясы, тұқымды себуге дайындаудағы жұмыстар, себу жұмыстары-мерзімі, тәсілдері, терендігі, мөлшері, егістікгі күтіп-баптау, оларға қойылатын талаптар, егінді жинау).

Зығыр(Ііпшп) зығыр тұқымдасына (Ьіпасеае) жатады жөне 200-ден астам түрлерді біріктіреді. ТМД-да 40-тан артық түрлері кездеседі. Ауылшаруашылық өндірісінде көдімгі мөдени зығыр-Іішдт шііайззітит кең тараған. Бұл түр бес түр тармақтарына ажыратылады, олардың ішінде барынша маңыздылары жерортатеңіздік, аралық және еуразиялық түр тармақтары.

Жерортатеңіздік түр тармағы. Өсімдіктері аласа өседі. Гүлдері, қорапшалары мен тұқымдары ірі келеді, 1000 тұқымның массасы 10-13 г.

Аралық зығыр. Өсімдіктері орташа биіктікте өседі. Гүлдері, қорапшалары мен түқымдары да орта мөлшерде, 1000 түқымның массасы 6-9 г. Қазақстанда жөне басқа елдерде майлы дақыл ретівде де өсіріледі.

Еуразиялык түр тармағы. Өсімдіктері биіктігі мен бұтақтануы бойынша әртүрлі. Гүлдері, қорапшалары мен тұқымдары ұсақ, 1000 тұқымның массасы 3-5 г. Барышпа кең тараған тұр тармағы. Талшықты жөне майлы дақыл ретінде өсіріледі. Бұл түр тармақ төрт түршелер топтарына ажыратылады (97-кесте, 96-сурет).

Талшықты зығыр. Биік өсетін, бір сабақты өсімдік, алайда өлсіз дамыған кіндікті тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарының жоғарғы бөлігі ғана бүтақтанады, сабақта талшықтар 20-30% мөлшерінде. Жапырақтары ланцетті, сағақсыз. Гүл шоғыры-зонтик тәрізді шоқгүл. Гүддері дүрыс пішінді, күлтеше жапырақтарының түстері өртүрлі-көкшіл, ақ, қызғылт. Жемісі-бес ұялы қорапша, түқымдары сопақ, жұмыртқа пішінді, қоңыр түсті.

Кудряш зыгыры. Өсімдіктері аласа өседі, сабағьшың төменгі бөлігі күшті бұтақтанған, көптеген қорапшалар қалыіггастырады. Май өндіруге өсіріледі.



97-кесте Мәдени зығырдың еуразиялык түр тармағының түршелер топтарынан белгілері

Белгілері

Талшықты зығыр

Кудряш зығыры

Аралық зьпыр

Теселгіш зығыр

Өсімдіктердің биктігі, см

60-120

30-50

50-70

80-100

Сабақтың бұтақтануы

бутақтан-байды

күшті бұтақтанады

өлсіз бұтақтанады

әлсіз бұтақтана-

ды


Бір өсімдіктегі сабақ саны, дана

1

4-5

1-2

1-2

Бір өсімдіктегі қорапша саны, дана

8-10

30-501

15-25

15-20

1000 тұқымның массасы, г

3,5-5,5

5,0-8,0

4,5-6,0

6,0-8,0

Аралык немесе межеумок зығыры. Өсщціктері орташа бипсгікге, 1-2 сабақты. Негізінен майға өсіріледі.

Төселгіш зығыр. Гүлденуге дейін көптеген жатаған (төселгіш) сабақтар қалыптастыратын өсімдік. Гулдену қарсаңыңда сабақтары көтеріледі де 80-100 см биіктікке жетеді.

96-сурет. Зыгар: 1,2-дамыған егін кегі мен гүлдену кезеңцеріңдегі әсімдіктер: а-талшықты зығыр, б-межеумок зығыры, в-кудряш зыгары, з-сзбақтың жоғарғы бөлігі; 4-гүл қабықшасы; 5-бүтін жеміс және қимасы; 6-талшықты зығырдың түқымдары (оңжақта үлкейтілген); 7-кудряш зығырының тұқымы; 8-талшықты зығырдың өсу кезеңдері; егін көгі, қосқүлақ, бүрлену (шанақтану), гүлдену, жасыл, ерте сары, сары және толық пісу.


Талшықты зығыр негізінен оның сабағынан талшықтар өңціру мақсатында өсірілетін дақыл. Ол талшықтар ұзындыгы 15-40 мм жөне одан да ұзын қарапайым талшықшалардан тұрады. Талшықтардың маңызды сапа көрсеткіштеріне олардың жіңішкелігі, беріктігі, иілімділігі, түсі ж.б. жатады.

Талшықтардың мөлшері мен сапасы талшықты зығыр сабағының анатомиялық құрылысына байланысты. Сабақ сыртынан эпидермис қабығы мен және балауызбен көмкерілген. Эпидермистен

кейін паренхима қабаты



орналасқан, ал оның шеттерінде талшықша шоғырлары түрінде сабақ талшықтары қалыптасқан. Әрі қарай камбий, дің жөне өзек қуысы жайғасқан.

Сабақтың негізінде (ең төменгі бөлігівде) талшықтар дөрекілеу, бір бөлігі діңценген және ол сабақтың тиісті бөлігінің 12% құрайды. Сабақтың орта бөлігіндегі талшықтардың шығымы 34% дейін жетеді және олар барынша құнды-жіңішке, берік ері ұзын келеді, ішкі қуысы аз мөлшерде алайда қабырғалары қалың. Сабақтың жоғарғы белігіне қарай талшық шығымы 28-30% дейін азаяды да сапасы төмендей береді. Сабақ ұзындығы 70 см және диаметрі 1-1,5 мм-ден кем емес, эрі жалпы ұзын сабақтар жоғары сапалы талшықтар түзеді.

Өсірілетін аймақтарында пайдалануға рүқсат етілген талшықты зығыр сорттары мыналар: Прогресс, Смоленский, Томский 10, Л-1120, Лазурный, ВНИИЛ-11, Торжокский 4, Светоч ж.б.

Бақылау сұрақтары

  1. Зығырдың қандай түрлерін, түр тармақтарын, түршелер топтарын білесіздер ?

  2. Зығырдың түршелер топтарьшың айырмашылық белгілерін атаңыздар ?

  3. Талшықты зығырдың морфологаясыңдағы ерекшеліктер қандай ?

4. ТДМ-да талшықты зығырдың қандай сорттары өсіріледі ?

5. Талшықты зығырдың биологиялық ерекшеліктерін атаңыздар ?

6. Талшықты зығыр әсірудің ерекшеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет