Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы



бет39/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76

1. Барынша кең тараған эфирмайлы дақылдармен танысу, сабақ, жапырақ, гүл шоғыры мен гүлдер құрылысын сипаттап жазу.

2. Эфирмайлы дақылдарды жемістері бойынша оқып-үйрену, негізгі белгілерін сипаттап жазу. Егістіктерде 20-дан астам эфирмайлы дақылдар кездеседі, олар әртүрлі ботаникалық тұқымдастарға жатады. Кең тарағандары: кориандр, анис, тмин, фенхель-балдыркөктер (сельдерей) тұқымдасынан ; бұрышты жалбыз (мята), мускатты шатраш, (шалфей), нағыз лаванда-яснотка тұқымдасынан; эфирмайлы раушангүл-раушан гүлділер түқымдасынан; қызыл қазтамақ (герань розовая)-қазтамақтар тұқымдасынан. Солтүстік Қазақстан жағдайында кориандр, тмин, анис, жалбыз өсіп-жетілудің толық циклін өтеді жөне оларды өсіруге болады. Аталған эфир майлы дақыддардың вегетативтік жөне өнімділік органдарын сипаттайтын жиынды деректер. 45-сурет пен 71,72 кест-елерде келтірілген.



45-сурет. Эфирмайлы (үшпамайлы) дақылдардың жемістері: 1-кориандр; 2-анис; 3-тмин; 4-фенхель.



71-кесте Эфирмайлы дақылдары жемістерінің айырмашылық белгілері

Дақыл

Типі

Пішіні

Мөлшері, мм

Беті

Түсі

Кориандр

Қос-

тұқымды

Шар тәрізді

3-4

Әлсіз ұзынша қырлы

Сабанды-қоңыр

Тмин

Сондай

Ұзынша-сопақ, әлсіз иілген және қысылған

Ұзындығы 3-5, ені 1,0-1,5

Ұзынша-қырлы

Сондай

Анис

Сондай

Сондай

Ұзындығы 3-5, ені 0,8-1,3

Ұзынша-қырлы ұсақ талшықтар-мен көмкерілген

Жасылдау-сүр

Ескерту: бұрышты жалбыз жеміс бермейді, вегетативті жолмен ғана көбейеді-сабақ пен көген тамыр қалемшелерімен.

72-кесте


Эфирмайлы дақыддардың гудденген куйіндегі айырмашылық белгілері

Дақыл

Сабағы

Жапырақтары

Гүл шоғыры

Гүлдері

Кориандр

Тік өседі, қатты бұтақтанған, домалақ-қырлы, биіктігі 60-120 см

Кезектескен, сағақты, төменгілері-домалақ жүрек тәрізді, аз тарамдалған, жоғарғылары-қатты тарамдалған, қауырсынды-қиықты

Күрделі шатырша, негізінде орамды

Ұсақ, ақ күңгірт-қызылдау немесе күлгін түсті

Тмин

Тік өседі, қатты бұтақтанған, домалақ, тегіс, биіктігі 40-70 см

Кезектескен, үш қауырсынды, узынша-сағақты, теменгілері-жүрек тәрізді-ұзынша, әлсіз тарамдалған, жоғарғылары күшті тарамданған

Күрделі шатыр, негізінде орамсыз

Ұсақ, ақ немесе ақшыл көк-қызғылт

Анис


Тік өседі, жоғарғы жағынан бұтақты, ұзынша-ойықты, түкті, биіктігі 30-60 см

Кезектескен, төменгілері-ұзын сағақты, домалак, тісті, жоғарғылары сағақсыз, үштілікті, қатты тарамданған боліктерге

Сондай

Ұсақ, ақ немесе сарғыш

Бұрышты жалбыз

Тік өседі, күшті бұтақтанған, төртқырлы, биіктігі 30-80 см

Қарама-қарсы орналасқан, қысқа сағақты, сопақ-ланцетті, өткір тісті

Жартылай жұмыр, масақ тәрізді, гүл шоғырында жинақталған

Ұсақ, ақшыл-кек немесе күлгін-қызыл түсті

Бақылау сұрақтары

  1. Майлы және эфирмайлы дақылдардың латынша, орысша атаулары.

  1. Майлы және эфирмайлы дақылдардың ботаникалық көптүрлілігі қандай ?

  1. Майлы дақылдардың жемістері, тұқымдары, егін көгі,сабақтары, жапырақтары, гүл шоғырлары бойынша айырмашылық белгілері.

  2. Майлы дақылдардың өсіп-даму кезендерінің айырмашылық белгілері.

  3. Күнбағыстың морфологиялық ерекшеліктері.

  4. Шағылатын, майлы және аралық күнбағыс шекілдеуігінің белгілері мен құрылысы.

  5. Кудряш зығырының белгілері.

  6. Қышаның түрлері жөне олардың морфологиялық айырмашылықтары.

  7. Рапс пен арыштың ботаникалық сипаттамасы жөне морфологиялық белгілері.

  8. Эфирмайлы дақылдардың морологиялық ерекшеліктері.

  9. Пайдалануға рұқсат етілген майлы жене эфирмайлы дақылдардың шаруашылық-биологиялық сипаттамасы.

  10. Майлы және эфирмайлы дақылдардың сыртқы орта факторларына қоятын талаптары және республиканың негізгі топырақ-климат аймақтарында олармен қамтамасыз етілуі.

  11. Майлы жөне эфирмайлы дақылдардың негізгі аймақтарда өсіру технологияларының ерекшеліктері.

Тарау бойынша әдебиеттер

Аубекерев Т.А., Мейрамов М.Н. Горчица. Алма-Ата: Кайнар, 1980.

Борисоник З.Б. и др. Подсолнечник. Киев: Урожай, 1985.

Васильев Д.С. Агротехника подсолнечника. М.; Колос, 1983.

Васильев Д.С. Подсолнечник. М.: Агропромиздат, 1990.

Гольцов А.А. и др. Рапс, сурепица. М.: Колос, 1983.

Илялетдинов Ш.А. Масличные культуры. Алма-Ата: Кайнар, 1976.

Кудрявцев В.А., Альжанова Р.М. Рост, развитие и устойчивость растений. Целиноград, 1982.

Кудрявцев В.А. Выращивание ярового рапса и сурепицы на кормовые цели и семена (рекомендации). Алма-Ата: Кайнар, 1982.

Кудрявцев В.А. и др. Яровой рапс и сурепица (на семена при орошении). Целиноград, 1987.

Смирнов И.А. и др. Масличные культуры в целинных районах. М. -Целиноград, 1966.

VII - ТАРАУ. МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАДЫЛДАР 1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

Қазақстан Реслубликасыңда жыртылған жердің 2,7 млн. гектардан астамыңда (2001 ж) немесе егіс көлемінің 16% мал азықтық дақылдар өсіріледі. Маддың қорада тұратын кезеңі мен жазғы үстеп қоректендіруге қажетті мал азығын өңдіруге Қазақстанда өсірілетін мал азықтық дақылдарды шартты түрде төмеңдегідей негізгі топтарға бөледі:

1. Сүрлемдік дақылдар; 2. Көпжыддық бұршақ тұқымдас шөптер; 3. Көпжыддық астық тұқьмдас шөптер; 4. Біржыддық бұршак, тұқымдас шөптер; 5. Біржыддық астық тұқымдас шөптер; 6. Мал азықтық тамыржемістер; 7. Мал азықтық бақшалық дақылдар.

Сонымен қатар аз тараған мал азықтық өсімдіктер тобын бөлуге болады, алайда олар өндірістік маңызға әзірше ие болған жоқ. Қазақстаңда негізгі сурлевдік дақыл ретінде жүгері, күнбағыс, сорго өсіріледі. Дақылдардың негізгі өсірілу мақсаты-сүрлем алу (шай жүгері жөне судан шөбі), тамыз-қыркүйектің екінші жартысында көк балаусаға есіру.

Көпжыдцық бүршақ тұқымдас шөптер пішен, пішеадеме, витаминді-шөп ұнын алу үшін сонымен қатар жазғы айларда малды үстеп қоректендіруге көк балаусаға өсіріледі. Кепжылдық бұршақ тұқымдас шөптер қорытылатын протеиннің жоғары мөлшерімен сипатталады: олардан алынған мал азығының әрбір азықтық өлшемівде жинау технологиясын дырыс сақтағанда 180-250 г қорытылатын протеин болады. Дақылдар мал азығы ендірісінде маңызды энергия козі ғана емес, сонымен бірге мал рационында белок және айырбасқа жатпайтын аминқЫшқыддарын толықтырма болып табылады. Бұршақ тұқымдас шөптер санатывда республикада жоңышқа, эспарцет, түйе-жоңышқа, қызыл беде себіледі.

Көпжылдық астық тұқымдас шөптер пішен, пішеңдеме, көк балаусаға өсіріледі. Аймақта бұл топқа жататын дақылдар-еркекшеп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, сұр бидайық.

Біржылдық шептер пішен, пішеңдеме, жалқы азық алуға өсіріледі. Бұл топтың дақыддары жасыл конвейер жасауда маңызды рөл атқарады және негізгі өкілдері судан шөбі, итқонақ, қонақтары, мал азықтық шөй жүгері, сүлы, арпа, асбүршақ, ноғатық т.б.



Мал азықтық тамыржемістер күзгі-қысқы кезеңдерде пайдаланылатын шырынды диэтикалық және витаминді азықтар алу үшін өсіріледі. Бұл топтың дақылдарынан қант жөне мал азықтық қызылша, мал азықтық сәбіз, тарна жөне турнепс өсіріледі. Қазақстанда бұл дақыддардың үлес салмағы өте төмен.

Аз тараған традициялы емес мал азықтық өсімдіктерге интродукцияланған, яғни жабайы флорадан, немесе бұрын бұл аймақта өсірілмеген мөдени өсімдіктерді жатқызуға болады.

2. МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ҚОРЕКТІШГІШ БАҒАЛАУ Т А П С Ы РМ А

1. Дақылдардың өнімділігін азықтық құндылығы бойынша анықтаудың өдістемесін меңгеру.



  1. Мал азықтарының қоректілігін азықтық өлшеммен (а.ө.) есептеудің әдістемесін меңгеру.

  2. Шартгы азықтық-протеиндік бірліктерді есептеудің әдістемесін меңгеру.

  3. Азықтық өлшемнің қорытылатын (сіңімді) протеинмен қамтамасыз етілуін есептеудің өдістемесін меңгеру.

5. Мал азығына қажетсінуді есептеудің өдістемесін меңгеру.

Қазақстанда мал қораларында тұратын кезең ұзақ-солтүстікте 7-8 айдан оңтүстік аудандарда 4-6 айға дейін жазғы маусымда далалық жайылымдар шідденің алғашқы жартысында-ақ күйіп кетеді, сондықтан жазғы кезеңге мал азығын жасыл балауса конвейері жүйесінде өндіру мұқтаждығы туады.

Мал азығының 50-70%-ке дейінгісі қораларда тұратын кезенде жұмсалатындықтан жасыл балаусадан сүрлену процесінде мал азығының өнімділігін есептеу қажеттігі туындайды. Өнімділікті есептеуде азықтық қүндылыққа жасалған түзетулер 73-кестеде келтірілген.

73-кесте Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін

азықтық құндылығы бойынша есептеуге түзетулер (В.Р. Вильямс атындағы мал азықтык ҒЗИ)



Дақылдардың (мал азығының) атауы

Өнімді дайын мал азығына аударуға (шығымына) түзетулер

Табиғи кептірілген пішен

Өлшеп, немесе өлшемей кіріске алынған жасыл балауса өнімінің 25%-ті. Кіріске алынғанның 10%-ті тасымаддаған жөне сақтаған кездегі шығынға шығарылады.

Қолдан кептірілген пішен

Жасыл балауса өнімінің 30%-ті

Пішендеме

Жасыл балауса өнімінің 50%-ті

Сүрлем

Жасыл балауса өнімінің 70%-ті

Тамыр жемістер

Кіріске алынған өнім көлемінен сақтаған кездегі шығынға 10% -ті шегеріледі.

Шөп үны, түйіршіктер, брикетгер

Жасыл балауса өнімінің көпжылдық шөптерден 25%-ті, біржылдықтарда-23%-ті

Астық орта есеппен

Бункерлік өнімнен өңцегендегі қоспаларға 15%-ті тұқымға 2,5 ц шегеріледі.

ЕСКЕРТУ: Дәлірек түзетулерді шаруашылыктың орта есеппен соңғы 5 жылдағы материалдарын нсгіздеп, әр шаруашылыққа жеке-жеке енгізген дұрыс.

Келтірілген анықтамалық материалдарды пайдалана отырып 1 га егістіктен алынатын жасыл балауса өнімімен мал азығының кез келген түрінің шығымын есептеуге болады.

Қазіргі уақытта әр түрлі мал азығының қоректілігін азықтық өлшеммен (а.ө.) салыстырады, ал ол энергия мөлшері бойынша 1 кг. орташа сападағы сүлы астығына теіңдестіріледі, кейде осыған байланысты азықтық өлшемді "сұлылығы деп" те атайды.

Мал азығының қоректілігі мен ондағы азықтық өлшем зоотехникалық талдау (аналитикалық өдістеме) бойынша анықталады. Осыған сәйкес мал азығындағы судың, құрғақ заттардың, протеиннің, ақсыддың, майдың, клечатканың, азотсыз экстративті заттар (АЭЗ) мен күлдің мөлшері анықталады. Жануарларға қойылған теңгермелік тәжірибелерде қоректік заттардың сіңімділігі (қорытылуы), оның ішінде протеиннің, анықталады, соңынан азықтық өлшем есептеледі.

Мал азықтары қоректілігінің орташа көрсеткіштерін есептеуде кестелерді пайдаланады (кестелік төсіл), мұнда кептеген талдаулардың жадығаттары (материаддары) жинақталған. Мәселен, "КСРО мал азықтары. Құрамы мен қоректілігі" атты 4-басыльщцы бұрынғы Бүкілодақтық мал шаруашылығы интитутымен (М.Ф. Томмэ, 1964) 3094 мал азықтарының түрлері үшін 65000 талдау жасалып жүйеленді. Мұндай анықтамалықтар Қазақстанда да басылып шығарылған. Барлық аталған анықтамалықтарда міндетті түрде мал азығьгаың атауы, оның алынған орны мен мерзімі, өсімдіктердің өсіп-даму кезеңі жөне азықтық өлшем мен 1 кг немесе 100 кг мал азығындагы сіңімді протеин, химиялық қүрамы (%)-су, протеин, ақсыл, май, клечатка, АЭЗ, олардың қорытылу коэффициенттері, сонымен қатар сіңімді қоректік заттар мелшері(%) көрсетіледі. Қосымшаның 9-кестесінде Солтүстік Қазақстандағы негізгі мал азықтарының түрлері үшін азықтық өлшем мен сіңімді протеиннің орташа көрсеткіштері келтірілген.

Азықтық өлшемнің мөлшері мал азығындағы құрғақ заттардың проценттік мөлшеріне тікелей байланысты, басқаша айтқанда-мал азығының ылғалдылығы неғұрлым төмен болса, соғұрлым құрғақ заттардың мөлшері көп, алайда, мысал үшін тамырында тұрып қалған шөптер құрамында құрғақ заттар мол болғанмен, жоғары қоректілігімен ерекшеленбейді. Жеміс салу кезеңінен кейін тамырында тұрып қалған шөптердің құрамында құрғақ заттардың мөлшері жоғары болуы — азықтың нашар қорытылатындығының белгісі. Дегенмен көптеген дақылдар мен мал азықтары үшін азықтық өлшемнің мөлшерін түзету коэффициентін қолданып өсімдіктердің жасыл балаусасындағы құрғақ заттар проценті арқылы есептеп шығаруға болады. Есептеуді мына анықтамамен жүргізуге болады: Аө = Қз" Тк,

Мүнда: Аө - 100 кг мал азығыңдағы азықтық өлшем саны; Қз - Құрғақ зат, %; Тк — түзету коэффициенті.

Жасыл балауса үшін түзету коэффициенті әртүрлі дақылдарда 0,70-тен 0,94-ке дейін өзгереді.

В.Г. Нагорныйдың (1979) есептеулері бойынша мал азықтарына темендегідей түзету коэффициентін қоддануға болады: жүгері-0,94, күнбағыс - 0,84, еркек шөп - 0,74, көген тамырсыз бидайық-0,70, жоңышқа-0,78, эспарцет-0,92, түйежоңышқа-0,81, күздік қара бидай-0,93.

Орта есеппен 3000 кг сүт сауылатын сиырға жылына 36-37 ц.а.ө., тәулігіне 10-11 а.ө., ал 4000 кг сауылғанда 43 ц.а.ө., 5000 жане 6000 кг сауылғанда-тиісінше жылына 48 жөне 54 ц.а.е. жөне жылына 3,7-5,5 ц азықтық протеин қажет.

Мал азығы қоректілігінің келесі көрсеткіші азықтың қорытылатын протеинмен тендестірілуі. 300-техникалық мөлшер бойынша 1 а.ө-ге 105-110 г қорытылатын протеин келуге тиіс. 1 а.ө-ге есептегендегі нақты қорытылатын протеиннің мөлшерін 1 кг мал азығыңдағы қорытылатын протеин мөлшерін сол азықтық 1 кг-дағы а.ө-ге бөлу жолымен табады. Осы төсілмен қорытылатын протеин мөлшерімен өзгешеленетін өртүрлі дақылдардан даярланатын мал азығының тендестерелгендігін бағалауға болады.

Кейде мал азығын бағалауға қолданылатын тағы бір көрсеткіші бар-шартты азьщтъщ-протеиндік бірлік, ол бір өлшем егістіхтен алынған белгілі бір дақылдьщ белгілі бір азық түрінің қрытылатын протеинмен тендестірілген азықтық өлшем санын сипаттайды.

1 та етістіктен жиналатъта шартгъі азыкдық протеиндік бірлікгі мына анықтамамен есептейді:

Ап = Ө • А ө' П,

Мұнда: Ап — 1 га егістіктен жиналған азықтық-протеиндік бірлік,Ц,

Ө - дақылдың өнімі, ц/га, Аө - 1 ц мал азығындағы а.ө. мөлшері, П — мал азығыныпротеинмен қамтамасыз етілу көрсеткіші, ол азықтық өлшемдегі нақты протеин мөлшерінің (г) нормативті мөлшеріне қатынасымен анықталады. Мысалы,



НжтыТ&г НормасъйЮг Бақылау сұрақтары

  1. "Азықтык. өлшем" түсінігіне аныктама беру. Азықтық өлшемдердің қоректілігін есеіггеу өдістемесі.

  2. Азықтық-протеиндік бірлік деген не және оны есептеудің өдістемесі ?

  3. Азықтың қорылытатын (сіңімді) протеин мен айырбасқа жатпайтъш амин қышқылдарымен теңдестірілуі түсінігі және азықтардың протеинмен қамтамасыз етілуінде зоотехникалық норма деген не ?

  4. Құрғақ зат арқылы азықтық өлшемді есептеу әдістемесінің мөні неде ? Түзету коэффициенттерінің жобалы мөні ?

  5. Мал азықтарының қажетті мөлшерін есептеу өдістемесі қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет