Тақырыбы: Өсімдіктің өсуі және дамуы. Өсімдіктердің өсу кезеңділігі. Тыныштық күй.
Өсу процесінің корреляциясы. Өсу қозғалыстары.
Өсімдіктің өсіп жетілуі.
Яровизация және фотопериодизм.
1. Өсу кезенділігі. Тыныштық күй. Тұқымның өнуі. Онтогенез барысында тұтас өсімдіктің және оның мүшелерінің өсу жылдамдылығы біркелкі болмайды. Ол түрдің тұқым қуалаушылық ерекшеліктерімен, сыртқы орта жағдайларымен анықталады.Көптеген өсімдіктердің тіршілік циклінде активті өсу кезеңдері тыныштық күй деп аталатын, өсудің толық тоқталатын кезеңімен кезектесіп келіп отырады. Өсімдіктердің тыныштық күйге өтуі ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделуі ретінде қалыптасқан. Бұл кезеңде өсудің тоқталуы өсімдіктерді неғұрлым төзімді экстремалды жағдайларда зақымданбайтындай етеді. Мұндай жағдайлары мысалы қысқы аяз немесе қуаншылықпен аптап ыстық жағдайлары болуы мүмкін.Тыныштық кезеңінде өсімдіктердің физиологиялық-биохимиялық процестері баяулап, өсуі анық байқалмайды, бірақ клетка дифференциялануының көзге көрінбейтін процестері жүріп жатады. Тыныштық кезеңінде клетка протопластары суынан айырылып, оның бетінде ақуызды – липидті қорғаныш қабаты түзілетіндігін және оның плазмодесмалары үзіліп, протопластары оқшауланатындығын П.А.Генкель анықтаған. Бұлайша тыныштық күйге өту генетикалық тұрғыдан туындаған қажеттілік болды. Мысалы, күз маусымында картоп, лалагүл түйнектері мен гладиолус пиязшықтары өндірілмейді. Бұл кезең ұзақ органикалық тыныштық күй деп аталады. Қажетті жағдайлар болғанда қыстың екінші жартысынан бастап олар өне бастайды, ал ондай жағдайлар болмаса өну баяулайды. Тұқым немесе қыстап шығатын бүршіктер тыныштық кезеңнен өткен соң оларда зат алмасуының айтарлықтай өзгерістері басталады. Ферменттердің активтілігі артып, гидролиз және тотығу процестері күшейеді.Тұқымның қор заттары ұрықтың өсуіне жұмсалып, оның тыныс алуы күшейе түседі. Тұқым бөрткен соң іле-шала оның құрамындағы судың мөлшері артады, ферменттер активтеленеді. Ферменттердің активтілігімен тұқымды крахмал, амин қышқылдары синтезделеді. Гидролиздің бұл өнімдерінің бәрі де өсу нүктелеріне қарай қозғалады, мұнда олар жаңа клеткалардың өсуі мен протоплазманың түзілуіне қажетті энергетикалық және құрылыс материалы ретінде пайдаланылады.