«Өсімдіктер физиологиясы»


Өсу процесінің корреляциясы, өсу қозғалыстары



бет36/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС

2. Өсу процесінің корреляциясы, өсу қозғалыстары. Жекелеген мүшелер мен тұтас өсімдіктің өсуі өзара өте тығыз байланысты. Сабақ ұшының өсуі қатық бүршігінің өсуін тежейді. Сабақтың ұшын шырпып тастағанда жанама өркендер өсе бастайды. Негізгі және жанама тамырлардың өсуі де бір бірімен өзара байланысты. Өсімдіктердің әр түрлі мүшелері өсуінің мұндай өзара байланыстылығы өсу корреляциясы деп аталады, ол фитогормондардың жәрдемімен жүзеге асады.Өсу процестерінің өзара байланысын көбінесе бірнеше фитогормондардың арақатынасы реттеп отырады. Ауксин және биос-факторлармен қамтамасыз ете отырып, өркен тамырдың өсуіне әсер етеді, ал тамыр өркенді цитокинин және гиббереллинмен қамтамасыз ете отырып, өркеннің өсуіне жағдай жасайды. Қоректік заттар үшін бәсеке нәтижесінде немесе ингибиторлардың жәрдемімен бір мүшенің өсуі кезінде екінші мүшенің өсуі тежеледі.Өсу процесінің нәтижесінде өсімдіктер әр түрлі қозғалыстар жасайды. Топыраққа бекініп орналасқандықтан, өсімдіктер орын ауыстыра алмайды, бірақ мүшелерінің қалпын өзгерте отырып, оларды қозғалысқа келтіреді. Сыртқы ортаның бір жақты әсер ететін әр түрлі факторларына жауап ретінде өсімдіктер мүшелерінің қозғалысқа келуі тропизм деп аталады.Мүшелер қозғалысының мынадай түрлерін ажыратады: жердің тарту күшінің әсерімен жүзеге асатын геотропизм, жарық көзінің орналасуына байланысты болатын фототропизм, қоректік заттардың орналасуына байланысты болатын хемотропизм және т.с.с. Өсімдіктердің тамыр жүйесі оң, сабағы мен жапырағы – теріс геотропизмге ие. Егер өскіннің тамырын жоғары, сабағын төмен қаратып орналастырсақ, олар иіліп, қарама қарсы бағытта өсетін болады, яғни тамыры иіліп, төмен қарай, ал сабағы жоғары қарай бағытталады. Өркеннің немесе тамырдың әр түрлі: жақтарының әркелкі өсуі қозғалыстың негізі болады, мұндай өсудің нәтижесінде сабақ пен тамыр осы бөлікте иіле алады.Өсімдік мүшелерінің диффузиялық әсер етуші факторлардың ықпалымен қозғалуы настия деп аталады. Температура, ылғалдылық, жарықтың түсуі және т.б. ортаға біркелкі таралған осындай факторлар болып табылады. Настияның термонастия, фотонастия, гидронастия деген түрлерін ажыратады. Егер 100С температурадағы ортадан 200С температурадағы ортаға ауыстырып орналастыратын болсақ крокус пен жауқазын ашады. Үрме бұршақтың, қымыздық пен шынкетердің жапырақтары күндіз горизонталь қалыпта болады да, түнге қарай төмен иіледі. Күн мен түннің алмасуына байланысты болатын мұндай қозғалыстар никтинастиялық қозғалыстар деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет