Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері Жансая і-ші деңгейлі сұрақтар


Қоректік орталардың түрлері мен маңызын түсіндіріңіз



бет19/33
Дата02.12.2022
өлшемі7,02 Mb.
#160954
түріРегламент
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Байланысты:
Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері

5. Қоректік орталардың түрлері мен маңызын түсіндіріңіз
Қоректік орта[1] Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары негізгі 3 топқа бөлінеді: 1) Әмбебап қоректік орта. Бұл ортада хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроағзалардың көптеген түрлері өседі. Бұл орталарға бактериялар жақсы өсетін ет-пептонды сорпасы және ашытқы саңырауқұлақтарға лайықты сусло жатады. 2) Арнайы орта. Ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроағзаларды өсіретін орта. Мысалы,спирохеталарға көміртегі мен аминқышқылдардан басқа, ұзын тізбекті майлы қышқылдар қажет. Олар қан сарысуы құрамына кіреді. Сондықтан спирохеталарға арналған қоректік ортаға қан не қан сарысуын қосады. Ал кейбір теңіздерде тіршілік ететін бактериялар, мысалы, Marinomonas туысына жататындар, теңіз суына қажетті болады. 3) Элективті немесе таңдамалы орта. Бұл орта табиғи субстраттардан (топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пен жануарлардан) микроағзалардың жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С.И.Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды. Элективті ортаны жасау барысында микроағзалардың физиологиясын және зат алмасуын, олардың қоректік зат көзіне талғамын, ортаның қышқылдығын, оттектік мөлшерін, температураны және т.б. жағдайларды ескеру қажет. Мысалы, азот қоспалары жоқ минералды ортада, жарық көзі бар жағдайда, молекулярлы азот сіңіруші көк жасыл балдырлар жақсы өседі. Осы ортаға қосымша органикалық энергия көзін және көміртегі көзін қосып, қараңғы жағдайда аэробты, азот сіңіруші Azotobacter-ді өсіріп алуға болады. Ал осы ортада оттексіз жағдайда тежесе, анаэробты, азот сіңіруші Clostridium дамиды. Құрамы әр түрлі элективті қоректік орталарды пайдаланып, түрлі фототүзуші бактерияларды бөліп алуға болады. Мысалы, күкіртті фотосинтездеуші бактерияларды бөліп алу үшін органикалық заттар жоқ қоректік ортаны пайдаланады. Ол ортада сульфидтің бар- жоғын және оның мөлшеріне байланысты әр түрлі бактерияларды бөліп алуға болады.
Қоректік орталарды жасау принциптері
Микроағзаларды лабораториялық және өндірістік жағдайда өсіру үшін жасанды қоректік орталар дайындалады. Микроағзаларды зерттеу барысында ,көбінесе, синтетикалық (құрамы жағынан қарапайым) орталар пайдаланылады. Синтетикалық орта деп – белгілі бір химиялық қоспалардан тұратын орталарды атайды. Бұл орталардың негізін минералды заттар құрайды. Минералдардың негіздеріне энергия, көміртегі, азот көздерін қосып, күрделілігі әр түрлі қоректік орталарды дайындауға болады. Құрамында күрделі заттар, ашытқы экстрактісі, ашытқы автолизаты, пептон немесе ет экстрактісі қосылған орталарды күрделі орта деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет