Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері Жансая і-ші деңгейлі сұрақтар


Өсімдіктерді «in vitro»жағдаййында өсіруде ақуыздар мен микроэлементтердің маңызы



бет22/33
Дата02.12.2022
өлшемі7,02 Mb.
#160954
түріРегламент
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Байланысты:
Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері
Жансыздандыру, 1 чек лист қаз, Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары., 1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату, Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed
9. Өсімдіктерді «in vitro»жағдаййында өсіруде ақуыздар мен микроэлементтердің маңызы
Түсіндіріңіз.
Клондық микрокөбейті бұл ұлпалар мен клеткаларды жасанды ортада өсіріп, жыныссыз жолмен көп мөлшерде көбейту. Бұндай жағдайда пайда болған өсімдіктер генетикалық жағынан бастапқы өсімдікпен бірдей өсімдіктер клон аркылы микрокобейтудің жетістіктері мен туындалған мәселелері, сонымен қатар осы сұракқа арналған ғылыми шолу Н.В. Катаева мен Р.Г.Бутенконың кітабында толық берілген. Авторлар өсімдіктерді көбейтудің дағдылы вегетативтік әдістерімен салыстырғанда клондық микрокобейтудің артықшылығын келтірген. 1/ Өсу коэффициентінің
жоғарылығы. Бір гербери өсімдігінен дағдылы әдістерді қолдану арқылы жылына 50-100 өсімдік өсірілсе,ал ұлпаларды қоректік ортада көбейту арқылы 1 млн. өсімдік алуға болады; алманың бір жоғарғы бүршігінен 8 айдың ішінде 60 мың ӛскін алуға болады. 2/ Өсімдіктерді жыл бойы өсіруге болады: 3/ Әдіс өте тиімді және үнемді. іп vitro жағдайында кішірек лаборатория көлемінде мыңдаған өсімдік өсіруге болады. 4/ Өсімдіктерді көбейтумен қатар оларды вирустар мен патогендік микроорганизмдерден сауықтыру бірге жүретіндігі. 5/ Ұлпаларды іп vitro өсіру арқылы вегетативтік жолмен өте қиын немесе тіпті көбеймейтін өсімдіктерді , мысалы, пальманы көбейтуге болатындығы.
Қоректік ортаға қосатын ингибитордың концентрациясы нақтылы клеткалар линиясының сезімталдығына байланысты.Сондықтан қоректік ортаға әрбір селективтік факторының әр түрлі концентрациясы қосылған жеке-жеке ыдыстарға клеткалардың салып,олардың өсу қарқындығын анықтайды.Клеткаларды өсіргенде қоректік ортаға кейбір аминқышқылдарының уландыратын концентрациясын немесе олардың аналогтарын қосып сұрыптау нәтижесінде сол амин қышқылдарынан сол мутандар алынған.
10. Жасушалардың регенерациялану ерекшеліктерін сипаттап беріңіз
Жасушаішілік құрылымдардың қалпына келуі және олардың гиперплазиясы сүтқоректілер мен адамның барлық мүшелерінің регенерациялануының ең негізгі әмбебап формасы болып саналады. Ол жасушаның маңызды бір бөлігі өліп қалған жағдайда қалған органоидтардың көбеюі арқылы қалпына келуі (шынайы жасушаішілік регенерация) не жасуша түгел өліп қалған жағдайда көрші жасушаның органоидтар санының көбеюі арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Регенерацияның негізгі көзі ағзаның екі түрлі пікір айтылып жүр:
Резерв жасушалар теориясы – маманданған ұлпалар мен мүшелерде жіктелмеген (дифференциаланбаған) камбий жасушалары болады (ствол жасушалары, жасушалар бастамасы). Олардың актив бөлінуінің және жіктелінуінің нәтижесінде мүшенің жарақаттанған не жойылған бөлігі қалпына келеді және толық қызметі қалыптасады. Маманданған ұлпалар мен мүшелерде жіктелмеген (дифференциаланбаған) жасушалар болмайды, ал регенерация көзі болып патологиялық процесс жағдайларында мүшенің жоғары дәрежеде жіктелген жасушаларының қайтадан көбею қасиетіне ие болып бөлінуі, жіктелуі саналады.
Регенерация нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін: 1) регенерация нәтижесінде жойылған не жарақаттанған мүше не ұлпа толық қалпына келеді, оны типтік регенерация немесе гомоморфоз деп атайды. 2) Регенерация нәтижесінде жойылған мүшеден өзгеше бір мүше не бұрынғы мүше толық емес, жартылай қалыптасуы мүмкін. Оны гетероморфоз деп атайды. 3) кейде сүтқоректілер мен адамдарда регенерация нәтижесінде жарақаттанған мүше бетінде оған жат дәнекер ұлпа пайда болады да, әрі қарай ол тыртық болып бітіседі. Оны типтік емес регенерация деп атайды.
Жойылған мүшелер бірнеше жолдармен қалпына келе алады: эпиморфоз, морфоллаксиз, эндоморфоз.
Эпиморфоз — жойылған мүшенің жарасының бетіне жаңа мүшенің өсіп шығуы. Ол үшін жойылған мүшенің шамалы болса да қалдық ұлпалары сақталуы шарт, оны культя деп атайды. Алғаш ескі мүше ұлпасының (культя) жасушалары актив бөлінеді, содан кейін жіктеледі, ақырында ескі мүше пішініне, көлеміне сәйкес бұрынғы мүше қалыптасады.
Морфоллаксис – жойылған мүше ұлпаларының (культя) жасушалары бөлінбей қайта құрылып, өзгеріп тұтас мүшеге айналады, бірақ ол бұрынғы мүшеге қарағанда кішкентай болады немесе басқа бір мүше қалыптасады.
Эндоморфоз – немесе регенерациялық гипертрофия деп мүшелер ішінде жүретін толық емес регенерацияны айтамыз. Бұл жолмен қалпына келгенде жаңа жасушалар пайда болмай, сақталған жасушалар ұлғайып өсіп мүшенің бұрынғы көлемін қалыптастырады.
Егер ағзаның ескірген не бұзылған құрылымдары табиғи жолмен (регенерация) қалпына келмесе, басқа сау мүшені не ұлпаны қондыру (трансплантация) қажет болады – мұны ұлпалар мен мүшелердің трансплантациясы деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет