Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері Жансая і-ші деңгейлі сұрақтар


Агрегаттар мен жасушалардың тіршілікке қабілеттілігін анықтау үшін қолданылатын бояуларды атаңыз



бет25/33
Дата02.12.2022
өлшемі7,02 Mb.
#160954
түріРегламент
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Байланысты:
Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері
Жансыздандыру, 1 чек лист қаз, Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары., 1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату, Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed
14. Агрегаттар мен жасушалардың тіршілікке қабілеттілігін анықтау үшін қолданылатын бояуларды атаңыз
Негізінен суспензия жеке жасушалардан және ұсақ агрегаттардан тұрады, оларды ӛсірілетін бірліктер деп аталады. Агрегаттар мен жасушалардың тіршілікке қабілеттілігін анықтау үшін суспензияның тіршіліктік бояулары қолданылады. Тірі жасушалар боялмайды, оларда цитоплазманың қозғалысы кӛрінеді. Ӛлі жасушаларға бояу кіріп қара-кӛк түске боялады. Бояғыш-0,1%- дық кӛк Эванс ерітіндісі немесе кӛк метилен. Жасушалардың тіршілікке қабілеттілігін есептеу үшін заттық шыны үстіне суспензия тамшысын тамызамыз, оның қасында бояу тамшысы болуы қажет. Оларды шыны таяқшамен араластырамыз. Егер жасушалардың жартысы немесе жартысынан кӛбісі боялмаса онда ол тірі деп саналады.
15. Құрамында цитокинині бар қоректік ортада өсімдіктердің қандай мүшелерінің өсуі белсендірек жүретінін түсіндіріңіз
Фитогармондар — Өсімдіктің өсу процестері арнаулы заттардың әсерімен реттеліп отырады. Олар өсуді ретттеуші заттар деп аталады. Кейбір өсуді ретттеуші заттар организімнің өзінде түзіледі, сондықтан оларды фитогармондар дейді. Оларға ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер,этилен, абсциз қышқылы (АБК) жатады. Өсу процесіне әсер ететін химиялық жасанды қогсылыстарды өсуді реттеуші химиялық заттар деп атайды.
Цитокинин. Фитогармондардың бұл тобы аденин туындылары болып табылады:
Цитокинин тамырдың ұшында түзіліп, су ағынымен қоса жоғары қарай жылжыиды. Цитокинин сондай-ақ тұмен жемісте түзіледі. Ол негізінен жасушаның бөліну процесін тездетіп, ДНК мен РНК түзілуін жақсартады және жалпы зат алмасу мен ақуздың синтезделуін арттырады.
Цитокинин жаңадан бүршік түзілуі мен жанама бүршіктердің ашылуына жағдай жасайды

16. Вирустық ауруы бар өсімдікті жылумен өндеудің мақсатын түсіндіріңіз
Жылумен өндеп, меристеманы өсіру арқылы алынған материалды вирустың бар-жоғын міндетті түрде тексеру керек. Ол үшін түрлі әдістер қолданылады: вирустық ауруды айқындаушы өсімдіктер; серологиялық әдістер; электрондық микроскоппен қарау және иммуноферменттік талдау.
Вируспен зақымдалған өсімдіктен бөлінген шырынды жапырақтарына тамызғанда, кейбір өсімдіктер аураға тез шалдығады. Олар вирустың жұққанын арнайы сезімталдық реакция арқылы көрсетеді. Бұл әдіске көп уақыт және көп еңбек жұмсалады. Арнайы өсімдіктерді өсіретін теплица қажет және оларды өсіретін маман керек. Бұдан басқа, әдістің сезімталдығына түрлі факторлар әсер тетеді, жауап реакция білінгенше бірталай уақыт кетеді. Қорытындысында, бұл әдіс өндіріс масштабында көптеген өсімдіктерді жылдам және тиімді талдауға жарамайды.
Электрондық микроскоп арқылы өткізген талдау қымбатқа түседі және ұзақ уақыт өтеді. Бұл әдіс ғылыми зерттеулер үшін, мысалы вирустарды бөліп шығарғанда, жаңа вирустарды алғашқы рет анықтағанда қолданылады.
Ауыл шаруашылық практикасында көбінесе серологиялық әдістері қолданылады. Олардың негізінде организмнен тыс антигендер мен антиденелердің әрекеттесу реакциясы жатады. Арнайы жасалған шыныда өсімдіктің тазартылмаған сөлінің бір тамшысы антисыворотканың бір тамшысымен қосылады. Жасушаның органоидтарында абсорбцияланған вирустар оларды серологиялық реакцияға қатыстырады, нәтижесінде тұңба (агглютинат) пайда болады. бірақ бұл әдістің анықтау сезімталдығы төмен болғандықтан, оны тек қана жапырақтарда жоғары концентрацияда жинақталатын вирустардв анықтау үшін қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет