Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет26/105
Дата09.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#63310
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қосымша білім беру мекемелерінің номенклатурасы қандай?



2. Бір профильді мекемелерге жататын мектептер?

3. Көп профильді мекемелерге жататын мектептер?

4 дәріс тақырыбы: Қосымша білім беру бағдарламасы



Дәріс мазмұны:

1. Қосымша білім беру бағдарламасы туралы түсінік

2. Қосымша білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері

Мақсаты: Студенттерде қосымша білім беру бағдарламалары жөнінде білімді қалыптастыру.
Қосымша білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің эффективтілігі мазмұны мен бағыты бойынша түрлі сәйкес бағдарламалық құжаттардың жасалуын талап етеді. Атестациядан өту үшін мекемелер ұсынатын құжаттар тізімінде мекеменің іс-әрекетінің бағдарламалары мен қосымша білім бағдарламалары көрсетілген. Бұл бағдарламаларды мекеменің өзі даярлайды. Тәжірибенің көрсетіп отыруы бойынша мекемелерде құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекетінің бағдарламалары, ағарту ісі мен тәрбиелеу жұмысының, бөлімшелер мен мекеменің өзін дамыту бағдарламалары жасалады.

Бағдарлама (грек тілінде – programma – хабар, өкім дегенді білдіреді) – қойылған мақсатқа жетудегі әрекеттерінің жүйелілігін анықтайтын, адамдардың бірлескен іс-әрекетінің нормативті моделі.

Білім бағдарламасы оқу-әдістемелік комплекстің бөлігі болып табылады. Оның қызметі келесіден тұрады:


  • меңгерілуі керек теория, заңдылық, ұғым, құбылыс, фактілерді көрсету жолы арқылы білім мазмұнын ашуға акцент қояды;

  • оқу материалының жүйелік, реттілігін, оның меңгерілуіне бөлінетін уақытты көрсету;

  • мазмұны бағдарламаны анықтайтын білімнің кейбір кезеңінің нәтижелерін сипаттау.

Оқдың нәтижесін, ұйымдастырылуын, мазмұны мен мақсатын көрсететін бағдарламаның әдістемелік әдебиетінде «Балаларға қосымша білім беру бағдарламасы», «Қосымша жалпы білім беретін бағдарламасы» т.б. тұрақты сөз тіркесі белгіленген.

Бағдарламаның болжамдылығы әлеуметтік-педагогикалық жағдайдың өзгеру темпі мен оның бағыттылығын есепке алумен байланысты.

Бағдарламаның нақтылығы ол шешуге бағытталған мәселе мен оны шешу үшін педагогтің таңдайтын әдіс-тәсілдерінің арасындағы сәйкестікті көрсетеді. Көп жағдайда педагогтар білім процесін модельдей отырып бірден бірнеше мәселені шешуге бағытталады. Бірақ бір уақытта бәрінің шешімін табу орындалмауы мүмкін. Өйткені педагогтың қолданатын бір әдісі екіншісін шешпеуі мүмкін.

Бағдарламаның рационалдылығы барлық мүмкін болатын тәсілдер мен әрекеттердің ішінен аз шығынмен қалаулы нәтижеге қол жеткізетінін таңдауды қамтамасыз етеді. Бағдарламаның бақыланушылығы мәселе шешімінің индикаторы, оларды өлшеу тәсілдері мен әдістерінің болуымен анықталады. Бұл жағдайда индикаторлар - олардың көмегімен жоспарланған нәтиженің болуы немесе болмауы туралы айтуға болатын тәрбиеленушінің тұлғалық сапаларының сыртқы көрінісі.

Бағдарлама тек түпкі нәтижені ғана емес аралық нәтижелерді де қарастыруы маңызды. Бұл дер кезінде білім процесінің ұйымдастырылуы мен мазмұнына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Тұтастық – аналитикалық, мақсаттық, технологиялық, бақылаушы-диагностикалық компоненттердің ішкі үйлесімділігінің болуы кезінде пайда болатын бағдарламаның сапасы. Сонымен қатар қосымша білім бағдарламасы үшін маңызды сапаның бірі олардың интеграцияланатындығы. Мекеменің бағдарламалары бір әдістемелік жүйені құруы керек. Білім процесін жеткілікті деңгейде толық сипаттайтын және жалпы мәдени, әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық психофизиологиялық факторларды есепке ала отырып оны жүзеге асыратын әдіс, тәсілдерді талдауды негіздейтін бағдарламалық-әдістемелік өнімді жасау педагогтан тек компетентілікті ғана емес қосымша білім.

Бағдарламалары жалпы білімнің мемлекеттік стандарты негізінде жасалады. Балалардың шектен тыс артық жұмыстануының алдын-алу үзілістің, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқу міндеттерінің балалар қажеттілігіне сәйкес келу есебіне жүзеге асырылады. Сондықтан қосымша білім бағдарламасы білім беру процесінің тек мазмұнын сипаттау ғана емес, оқу процесін, әдістерін, тәсілдері мен механизмдерін ұйымдастыруы керек. Онда жеткілікті түрде дидактикалық жүйенің барлық компонеттері көрсетілуі керек: мақсаты, мазмұны, әдістері мен тәсілдері, формалары мен нәтижелері.

Қосымша білім бағдарламасының елеулі ерекшелігі біздің пікірімізше білім беру қызметінің нарығының конъюнктурасына бағытталуы. Басқарудың эффективті тәсілі болуы үшін В.С.Лазарев пен М.М.Поташниктің пікірінше, бағдарлама өзектілік, болжамдылық, ақиқаттылық, рационалдық, тұтастық, бақыланушылық, үзілістерге сезімталдық сияқты сапаларға ие болуы керек.

Бағдарламаның өзектілігі қосымша білімнің проблемасының мәнділігімен анықталады. Проблема немесе мәселе кейбір қарама-қайшылықтардың көрінісі:


  • баланың тұлғалық дамуындағы қарама-қайшылықтар арасындағы және нақты жағдайда олардың қанағаттандырылуы үшін жағдайдың болуымен;

  • қоғам қажеттіліктері арасында;

  • жасөспірімдер мен жастардың сүйікті істері мен сол істің тұлғалық және қоғамдық мағынасын өз бетінше анықтап, жүзеге асыруға қабілетсіздік арасындағы.

Бұл түсініктердің мәні келесі түрде анықталады:

  • жоспарланған нәтижелердің шарты, әдісі, жетістік технологиясына сәйкес педагогтың концепциясын бейнелейтін құжат;

  • педагог пен баланың өзара әрекеттесу процесін бейнелейтін оқу курсының моделі;

  • негізгі білімнің қандай да бір аймағын кеңейтетін бағдарлама;

  • одан өте отырып, білімділіктің белгілі деңгейіне шығатын баланың жеке білім маршруты;

  • пәндік бағдарлама белгілі бір аймақта балаға өзін жетілдіруге мүмкіндік беретін негізгі білімнің бір саласын қарастыратын, білім бағдарламасының құрамды бөлігі.

Қосымша білім бағдарламалырының ерекшелігі, біріншіден, педагогтың өзін-өзі көрсете білу мүмкіндігі, екіншіден, негізгі білімнің мазмұнын толықтыру, үшіншіден, баланың өзіндік анықталу мен өзіндік жетілу, білімнің индивидуализациясы үшін мүмкіндіктің жасалуы.

Балалар үшін қосымша білім бағдарламасын педагог немесе мекеме өз бетінше жасайды. Білім процесінің мақсаттық, мазмұндық және технологиялық компонентін анықтауда еркіндікке ие. Бұл негізінде білім беру процесі жүзеге асатын құжат ретіндегі қосымша бағдарламаға талаптың күшеюіне себебші. Бағдарлама педагог іс-әрекетінің мақсатқа бағыттылығын, нәтижелігін, заңдылығын қамтамасыз етеді. Педагогтың осы курстың тәсілдерімен баланың дамуы мен рухани-құндылыққа бағытталуына нақты үлес қосу міндетін бейнелейді, оның негізінде білім беру процесіне бақылау жүзеге асатын құжат. Бағдарламаның незінде қосымша білім беретін мекеменің материалдық-техникалық қамтамасыздандырылуы қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет