Шығармашылық ұйым әрбір топ мүшесінің шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ф.Ұ. дайын, басқа біреулердің бағдарламасымен шықса, ал Ш.Ұ. – да өздерінің жасаған не белгілі бір дайындық кезеңінен өткен жеке шығармашылықтарымен шығады. Бұл ұжым бір композицияны жарты жыл дайындап, көрерменге ұсынып, содан кейін келесі шығармашылықтарын дайындауы мүмкін. Топ құрамына идея бастаушылар, талантты ақындар, композиторлар, ғалымдар, конструкторлар, т.б. кіреді.
Ш.Ұ. құрамына студия да кіреді. Тәрбие берудегі әлеуметтік бағыттауда әсіресе студияда ансамбльдердің, театрлық көрсетілімдер, көрме залдарының болуы үлкен тәрбиелік жұмыстыр жүргізуге көмектерін тигізеді. Студияда әдеби эстетикалық хабарлар (вокалдық, хореографиалық, театралдандырылған әдеби) қызмет көрсетеді. Соңғы жылдары жаңа жобалармен жасақталған студиялар өз жұмыстарын істеуде. Студияда балалармен жұмыстар әртүрлі топтарға бөліну арқылы оқытылуы тиіс. Сабақты (пәнді) таңдау баланың өз билігінде болуы тиіс. Мысалы сурет немесе музыка сабақтарға қатысу жеке түрде немесе топпен болуы мүмкін. Әртүрлі бағыттардағы зерттеулерді зертханаларда жүргізу өте маңызды. Зертханаларда жүргізілген жұмыстар нәтижесі ғана үлкен көрсеткіштер бере алары анық. Қызығушылар бірлестіктері творчестволық бірлестіктер сияқты үлкен маңызға ие. Бұл салада әртүрлі мамандық иелері бас қосады: ғалымдар, өнер қайраткерлері, өте жоғары беделдері бар адамдар, ақындар т.б. Қызығушылар бірлестігінде коллекциялар толықтығы өз жұмысына деген қызығушылық. т.б. ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |