Қосымшаны әдебиеттерді жөнде!!! Мүмкін болса 2015-2020 жж. әдебиеттер қосу керек



бет32/36
Дата21.04.2022
өлшемі1,36 Mb.
#140227
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
ИнкарБ.Профильдік колледж.30.05.2020.02.06.

қорытынды, үлгілеу; эмпирикалық-сұрау әдістері (сауалнама жүргізу),
тестілеу), бақылау, білім алушылардың шығармашылық жұмыстарын зерделеу, эксперимент; математикалық және статистикалық әдістер: тіркеу, статистикалық топтастыру, шкалалау, ранжирлеу, гипотезаны дәлелдеу әдістері (Пирсон хи-квадраты, тиімділік коэффициенті және корреляция коэффициенті). Зерттеудің тәжірибелік базасы. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының мектеп –интернат колледжінің Сәндік қолданбалы өнер кафедрасының металды көркемдеп өңдеу пәні бойынша әр түрлі зерттеу кезеңдеріне 2 курс студенттері қатысты. Барлығы зерттеумен 10 адам қамтылды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 1 ақпан айынан бастап 28 на дейін өзара байланысты және бір-бірін толықтыратын бірнеше кезеңдерде жүргізілді. Бастапқы, дайындық 2 сабақ кезінде кәсіби теория мен практикадағы зерттелетін проблеманың жағдайына талдау жүргізілді.
Зерттеудің пәнінің әдіснамалық және теориялық негіздері нақтыланды, ғылыми зерттеу проблемасының, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы мен міндеттері анықталды; Эксперименталды зерттеу бағдарламасы жасалды және эксперименттің қорытынды кезеңінің нәтижелерін өңдеу жүзеге асырылды. Колледж әкімшілігімен бірлесе отырып, студенттердің кәсіби шығармашылық дайындығы қалыптасуын. Сонымен қатар,осы арқылы колледж студентерінің өз бетінше дайындалуы ұйымдастырылды, бұл олардың осы саладағы білім ауқымын кеңейтуге ықпал етті.
Негізгі зерттеу пәні бойынша әдебиеттерді зерттеу және талдау жалғастырылды, сондай-ақ ұсынылған гипотезаны нақтылау жүзеге асырылды.Профильдік колледж студенттерінің шығармашылығының қалыптасуына педагогикалық бағыт бағдар және эксперименталды түрде тексерілді, қалыптастырушы кезең өткізілді.Колледж студенттерінің кәсіби дайындық үдерісіне педагогикалық сүйемелдеудің құрылымдық-мазмұндық моделін енгізу тиімділігін қадағалау мақсатында эксперимент жүргізу.
Қорытынды кезеңде теориялық тұрғыдан ұғыну жәнеде жүргізілген тәжербиелік эксперимент жұмыстары талданды. Жалпылама алынған деректер нақтыланып, теориялық ережелер зерттелді, қалыптастырушы тәжірибелер қорытындыланды, Жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижелері рәсімделінді .
Студенттер - ол болашақ қазақ өнерін дамытушы-болашақ шебер мамандар болғандықтан, суретші-ұста мамандығына оқып, дәріс алып жүрген студент- жастардың әдістемелік даярлық, білімділік сапасын жетілдіру өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені, сәндік қолданбалы өнерін профильдік колледж оқу орнында оқыту әдістемесі қайсібір кезеңде болмасын өз орнын жоғалтқан жоқ. Демек, студенттердің сәндік қол өнерді колледжде оқыту әдістемесі пәніне деген қызығушылықтарын қалыптастыруға деген қоғамның, колледждің сұранысы арасындағы, бейнелеу өнері пәнінің жалпы білім беретін орта мектептерде жүргізілуіндегі білім сапасының төмендігі және де жан-жақты тиімді әдістемелік тұрғыда орта мектеп білімгерлеріне көмектің қарастырылмауы, сәндік қолданбалы өнерінің эстетеикалық тәрбие мәселелері мен мүмкіндіктері белгілі дәрежеде бүгінгі кездерде жүзеге асырылмауы сияқты қарама-қайшылықтыр кездеседі
Қазақстан Республикасының егеменді ел болуына байланысты қоғамымызда болып жатқан түбегейлі өзгерістер болашақ мамандарды даярлауға, оның ішінде әсіресе, бейнелеу өнері пәнінің оқытушыларын даярлауда орта мектеп алдына өте жоғары талаптар қойылып отыр. Себебі, қоғамның және жоғары мектептің сұранысы- рухани, адамгершілік тұрғыда заман талабына сай жеке тұлғаны әлемдік және ұлттық мәдениетке, өнерге жан-жақты баули отырып кәсіптік деңгейдегі мамандар даярлау көбіне орта мектеп ұстаздарына байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын негізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген [53].
Қазіргі кездерде қалыптасқан қоғам мен орта мектеп арасында-қайта бағалау білім беру жүйесінде қойылатын талаптарды өзгертуде. Осы заманғы студенттер алған білімдерін жадына сақтап қана қоймай, сонымен бірге шығармашылық тұрғыда, болашақ маман ретінде кеңінен қолданып, ойлауға да қабілетті болуы тиіс. Студент оқытушының беретін білімімен шектеліп қана қоймай, оны ары қарай өз бетінше белсенді танымдық іс-әректі нәтижесінде игруге тиіс. Сәндік қолданбалы өнері-жас жеткіншек өмірінде рационалдық және эмоционалдық, тұлғалық және әлеуметтік тұрғыда тепе-теңдікті сақтайды. Сәндік қолданбалы өнері пәні- қоршаған дүниені меңгерудің өз жолы, тәсілі деп те айтуға болады. Бейнелеу өнері түрлері қоршаған ортаны көркем меңгерудің мүмкіндік болатын тәсілдері ретінде ұғыну көзқарасы. Ал, көзқарастар белгілі бір ұстанымды, бағытты білдірсе, көркем білім жеке тұлғаның қоршаған ортадағы әр түрлі процесстер мен құбылыстарды бағалауы, қатынасы, ал одан туындайтын пікірлер жас өспірімдердің осы көзқарастардың тек қоршаған ортаны көркем қабылдауы ғана емес, сонымен қатар жалпы өзінің өмірлік мақсаттарын қоюы мен жүзеге асырылуында да мүмкін және мақсатқа сәйкес болатындығы жайлы мәселерді шешуге мүмкіндік береді. Жастар бойындағы рухани дүниені дамыту арқылы өмірге, айналасындағы қоршаған ортаға, әсемдікке үйлесімді қатынас орната аламыз. «Жастардың рухани ішкі жан дүниесін зстетикалық тұрғыда тәрбиелеу арқылы сыртқы дүниеге, көріністерге, құбылыстарға жаңаша қатынас орнатып, жоғары деңгейге көтеруге деген ұмтылысын қалыптастыра аламыз. Руханилық құбылысы әлеуметтік болмыста адамсыз және адамнан тыс өмір сүрмейді, сондықтан ол жеке тұлғаның дүниетанымен, іс-әрекетімен тікелей байланысты»[54.7]. Сәндік қолданбалы өнерінің өнертанудағы бір саласы металды көркемдеп өңдеу болып бөлінгендіктен. Металды көркемдеп өңдеу зергерлік өнерінің тарихы, теориясы, сыны болып үш салаға бөлінеді. Зергерлік өңдеу өнерін зерттеу сәндік қол өнері, философия, этика, эстетика, мәдениеттану ғылымдарымен байланысты дамып, жетіліп отырады. Сондай-ақ зергерлік өнерінің зерттеу обьектісі болып табылатындар: жеке зергер ұстаның шығармашылығы, жеке зергерлік өнерінің туындысы немесе белгілі бір дәуірдегі зергерлік бұйымдарын өңдеу өнерінің даму құбылыстары болып табылады. Зергерлік өнері тарихын қамтитын негізгі бағыттар, ежелгі өнер, орта ғасыр өнері, классикалық өнер, қайта өрлеу дәуірі өнері, шет ел өнері, ұлттық өнер, ұлттық қол өнер болып табылады. Зергелік өнері сәндік қолданбалы өнерінің теориясы: композиция,фактура,механизм, зергерлік өңдеу технологиясы, фаянс, форма, симметрия, рендік қатынастар ұғымдарымен байланысты қарастырылады. Заманауи зергерлік өнерінде металды көркемдеп өңдеу өнерінің өнертанымының көпшілік танып, мойындайтын негізгі міндетінің бірі- өнерінің маңызын, оның көркемдік ерекшеліктерін жұртшылыққа түсіндіру, оны үгіттеп насихаттау. Көптеген суретші ұста педагогтер оқыту мен міндеттері мен шығармашылық міндеттерді ажыратып пайдаланады. Бір қарағанда осы дұрыс ұстаным сияқты. Оған себеп оқу міндеттері жай ғана студенттің машықтылығын жетілдіріп, сурет сала білу деген дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Жалпы алғанда, сурет сала білу мен шығармашылық арасында үлкен айырмашылық бар екендігін өнертанушылар мен өнер сыншылары да айтады. Яғни, мұндай жағдайда сурет сала білу шығармашылыққа жететін жол, құрал-тәсіл ғана. Суретшілер оны кәсіпқойлықты жетілдіру деп таниды. Ол кәсіптік мамандықпен байланысты дүние. Біз үшін оқу мақсаттары шығармашылық міндеттермен ұштасып жатады. Оқу міндеттерінің өзінде шығармашылық міндеттер жинақталған. Дағдыландыру, машықтылықты жетілдіру ол шығармашылықты дамытумен бірдей қойылады. Бұл екінші жағынан студенттке бөлінген әрбір сабақты тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Көркем сәндік қолданбалы өнерінің негізінде студенттерге көркем білім мен тәрбие беру барысында оқу және шығармашылық міндеттер ажыратылмауы тиіс. Олай дейтініміз, халық шеберлерінің және олар жасаған бұйымдарды пайдаланушы адамдар да әдемі етіп шебер жасай білуде, осының негізінде пайда болған заттарды да өнер деп таниды. Сондықтан да, олар үшін шығармасы шеберлікпен өнер тапқыштықтың, шығармашылық шешімнің қосындысы. Сонымен, қолөнер арқылы студенттердің көркем шығармашылық белсенділіктері мен ойлау қабілеттерін қалыптастырып, көркемдік тұрғыда тәрбие беру - оқытушыға көп қырлы, бірақ бір-бірінен ажырамайтындай біртұтас міндеттер жүктейді. Біріншіден, студенттерге көркем сәндік қолданбалы өнері жөнінде жан-жақты теориялық мағлұматтар беріп отыруымыз қажет. Ол дегеніміз, бағдарламада қамтылған сағаттармен үзеңгілес өтуге тиіс. Екіншіден, студенттердің алған білімдеріне сәйкес тәжірибелік іс-әрекеттермен шұғылдануға үйрету. Бұл студенттердің кеңістіктікте көркем ойлай білу қабілеттерін жетілдіреді. Осы тәжірибелік іс-әрекеттермен шұғылдануға студенттердің көркем шығармашылық белсенділіктері мен көркем ойлау қабілетін арттырады. Жалпы алғанда, сәндік қолданбалы қол өнері, оның ішінде – металды көркемдеп өндеу зергерлік бұйымдарын жасау өнері студенттердің біліктілігін, іскерлігін, икемділігін, машықтылығын, дағдысын жетілдіру оның көзқарасы мен қызығушылықтарын дамытып қана қоймай, сонымен бірге жалпы адамзаттық мұраны ұғуға, ұлтжандылық қасиетінің артуына мол мүмкіндіктер жасайтыны сөзсіз. Сәндік қолданбалы өнерінің әлеуметтік жағдайларға байланысты қалыптасуы, ерекшелігі заманауи өнердің қаншалықты өгеруі мен даму жолы студенттердің өзіндік ой-санасын, дүниетанымдық түсініктерін жетілдіріп, білім береді.Сәндік қолданбалы өнерін тереңірек меңгеріп, онымен тәжірибе жүзінде шұғылдану, (мүмкіндік болған жағдайда), өнерді дұрыс қабылдап, түсінуге, басқа өнердің арасынан зор талғаммен таңдай білуге, жақсы мен жаманды айыра білуге жеке және ұжымдық көркем еңбекке деген жаңаша көзқарасын қалыптастыруға тәрбиелейді.Көркем қол өнері студентердің теориялық білімдерін жетілдіреді, тәжірибеде оларды еркін қолдана білуге үйретеді, оларды шығармашылық ізденістерге итермелейді, сөйтіп студенттің бойындағы эмоционалды екпінділікті, рухани- білімпаздықты, жеке тұлғалық сапаны дамытады. Бүгінгі студенттер- ол болашақ үлкен кәсіп орнында сұранысқа ие мамандар болғандықтан, өнер жолында жүрген суретші сәндік қолданбалы өнерінің зерегер ұста мамандығында оқып, дәріс алып жүрген студент-жастардың теориялық және практикалық тұрғыда даярлықтары, көркем білім сапасын жетілдіру өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені, сәндік қолданбалы өнері металды көркемдеп өңдеу пәні орта мектепте оқыту әдістемесі қайсы бір кезеңде болмасын өз орнын жоғалтқан жоқ. Сондықтан, қазіргі таңда оқытушы- студентке болашақ бизнесмен кәсіпкер маман, шығармашыл тұлға ретінде қарап, олардың сөз сөйлеу мәдениетін шыңдап, дұрыс сөйлей білуге және өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу, өнер туындыларына, түрлеріне жеткілікті дәрежеде баға беру сапасын арттыру студенттердің көркем білігіне игі әсер ету қажет.Сәндік қолднабалы өнер қоғам өмірінің жемісі, ол- табиғаттың қоғамның обьективті дамуының нәтижесінде пайда болып, өзі де обьективті түрде өсіп ұлғаяды. Ол обьективті өмір сүру үшін қоғаммаен байланыста болып, одан нәр алып, оған өз үлесін қосып отырады. Осыған байланысты металды көркемдеп өңдеу өнері туралы ғылымның басқа түрлері сияқты көркем өнердің обьективті даму үрдісінде пайда болып, өзі де обьективті өмір сүру үшін өнерден, қоғамдық ой-санадан қуат алып, қоғамдық дамуға өзіндік үлесін қосады. Мәдениет жөнінде айтқанда, біріншіден, тарих өзіндік сипатын сақтап келген халықтың рухани қазынасын айтамыз. Бұл қазіргі мұражайларда тұрған тарихи көне ескерткіштер болса, екіншіден, қазіргі халық шеберлерінің қолынан шыққан көркем бұйымдар. Үшіншіден, осы халықтық бұйымдардың қазіргі кезеңде жаңаша көрініс табуы. Төртіншіден, осы құбылыстардың студенттерге көркем шығармашылығында өз қырынан сомдалуы. Егер осы жағдайды енді мектепке тікелей жанамалап айтатын болсақ, әрине, бұл студенттерге халықтық мұраны, дәстүрлі өнерді өзінше қабылдауы, пайымдауы, бағалауы. Кез келген халықтың халықтығы ең алдымен оның ғасырлар бойы қалыптасқан салт-санасы мен ұлы өнерінде жататындығы шындық. «Жігітке жеті өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ» сынды мақал-мәтелдерді кейінгі ұрпақтарына мирас еткен қазақ халқында өнердің түрі де сан алуан. Солардың бірі - «қиындығы инемен құдық қазғандай» әрі аса шеберлікпен қоса асқан табандылықты, ыждағаттылықты қажет ететін, металды көркемдеп өңдеу зергерлік өнері. Бұл өнер түрінің – атқаратын ісі ауқымы шағын болып көрінгенімен өте нәзік те күрделі өнер. Халықпен бірге жасасып, біте қайнасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан көненің көзі дей келе, сол саланы казіргі заман ағымына сай жан-жақты қарастырып инновациялық технологиялар арқылы дамыту бұл өнерге жастарды баулуда , үлкен ұлттық өнердегі тәрбие мектебі болары айдан анық. Соған қарамастан, осы өнер түрінің көп жылдар бойы қағажау көріп, шеттеу қалып келгені баршамызға аян. Әсіресе, кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында зергерлік қол өнері тоқырап қалды десе де болғандай еді. Мұның өзі зергерлік өнеріне таптық мән беріп, оны ескіліктің қалдығы, тек үстем тап өкілдеріне ғана қызмет етуге арналған деп түсінген сол кездегі «шаш ал десе – бас алар» асыра сілтеуші адамдардың кесірі. Десе де, «ел іші - өнер кеніші» деген. Мұндай келеңсіздіктер мен тосқауылдар тамырын тереңге жайған халықтық зергерлік өнерімізді мұқалтып, із-түссіз өшіріп алған жоқпыз. Ал енді еліміз егемендігін алған бүгінгі республикамыздың әр түкпіріндегі халық шеберлері экономикалық-әлеуметтік қиындықтарға қарамастан хал-қадірінше зергерлік өнеріміздің осынау шетін де әсем түрін кеңінен қолға алып, ілгері дамытып келеді. Сөйтіп, зергерлік өнерінің ғасырлар бойы қалыптасқан игі дәстүрлері қайта жаңғырып-жаңарып, одан әрі жалғасын табу үстінде. Бұл әрине, көңіл қуантарлық жайт.Қазіргі кезде Қазақстанда зергерлік өнер шеңінен шығып түрлі сала бойынша үйлесім табуды оның мысалдыры көптеп кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет