ҚОРЫТЫНДЫ Ғылыми зерттеу жұмысымыздың мақсат-міндеттерін, ғылыми болжамын негіздей отырып, жүргізілген зерттеулеріміздің барысында жинақталған теориялық, тәжірибелік мәліметтері талдай келіп, төмендегідей қортындыға келдік: Сәндік қолданбалы өнері әлемдік және ұлттық мәдениетіміздің тарихы ретінде қарастырылып, ежелден қалыптасқан ұлттық шығармашылық пен мәдени қиялдарының қоғамдық санаға әсер ететін, қоғамтану, эстетика, философия, психология ұғымдарымен ұштасу жолдарын және қазіргі заманауи сәндік қолданбалы өнерінің зергерлік металды көркемдеу арқылы көркем туындыларының бүгінгі жағдайымен байланысы студенттердің көркемдік іс-әрекетін дамытудың маңызды мәселесі ретінде жан-жақты талқыланды. Студенттердің сәндік қолданбыл өнер шығармалары арқылы көркемдік іс-әрекетін дамытуда ғылыми-теориялық негіздерін, педагог-ғалымдардың ғылыми еңбектерінің дәйекті тұжырымдары мен мен психологиялық -педагогикалық, әдістемелік тәжірибелерді талдай отырып металды көркемдеп өңдеу пәні сабағында студенттердің елжандылығы мен ұлттық талғам өрісін дамыту, көркем еңбек сүйгіштікке қалыптастыру мәселелерін тәжірибе жүзінде зерттеу жолдары мен әдіс-тәсілдері белгіленді.
Сәндік қолданбалы өнер шығармалары арқылы студенттердің көркемдік іс-әрекетін дамытуда олардың көркем білім алу, көркем көзқарас, көркем қиял, көркем шығармашылық, көркем талғам мен көркем таным мәселелері арқылы кезеңдермен қалыптастыру жолдары қарастырылды.
Металды көркемдеп өндеу пәні аясында студенттерге көркемдік іс-әрекетін дамытудығы кейбір мәселелердің шешімдерін табудың жолдары қарастырылды.
«Сәндік қолданбалы өнер металды көркемдеп өндеу пәні бойынша зергерлік өнер шығармалары арқылы студенттердің көркемдік іс-әрекетін дамыту» ғылыми еңбегіміздің мақсаты мен болжамына сәйкес берілген міндеттер орындалып теориялық қағидалар мен тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесі бойынша төмендегідей ұсыныстар жасалынды:
Профильдік колледждерде білім берудің жаңа талаптарына сәйкес компьютерлік-ақпараттық технологияны ендіру жолдарын қарастыру, металды көркемдеп өңдеу пәні бойынша көркем білім беру бойынша оқу-әдістемелік құралдар даярлау қажеттілігі;
Көркем білім беруде металды көркемдеп өңдеу пәні бойынша зергерлік өнері көркем шығармалары арқылы студенттердің көркем шығармашылық іс-әрекетін және металды көркемдеп өңдеу пәнін оқытуда мазмұнына сай ұғымдарды кірістіру оны жүйелі қолдану керектігі;
Металды көркемдеп өңдеу пәні негізінде студенттердің шығармашылық іс-әрекетін жаңаша технологиялар мен материалдарды қолдану аясын кеңейту керектігі.
Педагогикадағы және сәндік қолданбалы өнердегі инновациялық технологиялар үйлесімділігі білімгерлер шығармашылығын арттыратыны сөзсіз. Ғылыми жұмыс тақырыбы толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта профильдік колледж білім беру орнында студенттердің зергерлік өнер шығармалары арқылы көркемдік іс-әрекетін дамытуға деген қызығушылығын қалыптастыруға, студенттердің кәсіби біліктіліктерін дамытуға арнайы зерттеулерді қажет етеді.