Қосымшаны әдебиеттерді жөнде!!! Мүмкін болса 2015-2020 жж. әдебиеттер қосу керек



бет28/36
Дата21.04.2022
өлшемі1,36 Mb.
#140227
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Байланысты:
ИнкарБ.Профильдік колледж.30.05.2020.02.06.

3. Төмен деңгей. Бұл деңгейде студенттердің шығармашылық қабілеттерінің өте нашар айқындалуымен және көркем ойлау қабілеттері мен дамулары нашар жүруімен, қажетті білімдер, білік, дағды, іскерліктермен жеткіліксіз қаруланғандығымен ерекшеленіп, оларға оқытушы тарапынан үнемі кеңестер мен көмектің қажеттілігі байқалды.
Эксперименттік топтағы студенттердің оқу-шығармашылық тапсырмаларын орындау барысында келесідей көрсеткіштермен бағаланды:

  1. Декоративті композицияны ұйымдастыру;

  2. Айшықтылық; (түс, үйлесімділік, бедерлілік, форма мен мазмұнның білігі, конструкциялық шешім т.б.)

  3. Шығармашылық тұрғыдан жұмыс жасау;

Шығармашылық тұрғыдан жұмыс жасауға ерекше тоқталып кетуге болады. Ол дегеніміз - әрбір шебердің өзінше бір жеке-дара қайталанбас қолтаңбасы іспеттес нәрсе. Себебі, бұл табиғатпен етене байланысты құбылыс, табиғаттан дарыған талап, өнер деп ұғынуға болады. Бірақ та, бұл мәселеде өзіне тән кейбір жалпы заңдылықтары бар. Бұл композициялық ізденістер, образдық тұрғыда ойдың туындауы, бейнелеу элементтерінің ізденістері, материал таңдау, құрал-жабдықтар т.б. Осының барлығын алдын-ала даярлап алып, суретші бейнелеу өнері, сәндік қоданбалы өнер шығармасын туындатуға кіріседі.Қол өнер бұйымдарын жасауда өзіне тән ерекше қасиеттері мен мүмкіндіктері бар болғанымен, оның пластикалық, түзілімдік тұрғыда ойлау қабілеттерінің дамуының жаңа бір жүйесіне енеді.


Қалыптастыру эксперименті өзіне төмендегідей жұмыстар түрін қамтыды. Олар:

  1. Оқытушы жетекшілігімен оқу шеберханаларында сәндік қол бұйымдары бойынша сабақ жүргізу;

  2. Мысалы түрлі түсті маталдан зергерлік әшекей бұйымдарын жасаудың басты да негізгі тақырыптары бойынша шебер сыныптар ұйымдастырып жүргізу;

  3. Көркем образдық жұмыстарды туындатуда сәндік (зергерлік) бұйымдарын орындау техникасын меңгеру бойынша студенттердің өз бетінше жеке-дара жұмыстары;

  4. Компакт дискілерді көру; (cәндік қол өнерінен бұйымдар жасауда технологиялық операцияларды орындау, оқыту әдістемесі бойынша оқу фильмдері)

  5. Көркем шығармашылық көрмелер, мұражайлар, шеберханалар мен халық қол өнер шеберханалары, шеберлер ауылымен студенттерді таныстыру;

  6. Сәндік зергерлік бұйымдарын жасау процесінде қандай 3 D фарматтағы компютерлік програмалармен қолдануға болатыны жайлы таныстыру;

Қалыптастыру эксперименті процесінде келесідей міндеттерді шешу көзделген:

  1. Сәндік қол өнері сабағында студенттердің көркем шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға ықпал болатын қол өнерінің тәсілдерін меңгеру әдістемесі бойынша арнайы құрастырылған тапсырмалар мен жаттығулардың практикалық тиімділігін бекіту, айқындау, қорытындылау;

  2. Студенттердің көркем шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға ықпал ететін жеке тапсырмалардың нәтижесін тексеру; (оқыту әдістері мен түсіндіру тәсілдері)

Қалыптастыру эксперименті Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат колледжінің сәнді қолданбалы өнер кафедрасының оқу-өндірістік шеберханаларында (металды көркемдеп өңдеу дәрісханасы) ақпан айының 1 жұлдызынан 28-не дейінгі аралықта педагогикалық практиканы өту барысында жүзеге асырылды. Эксперименттік топтарға «металды көркемдеп өңдеу» мамандығының 2 курсс студенттерінің 5 студенттері қатысты. Ал, бақылау топтарында 5 студент қатысты.Сәндік қолданбалы өнерінен сабақ мектеп-интернат колледж оқу-әдістемелік кеңесі (УМО) мен ҚР БҒМ- мен бекітілген типтік, жұмыс оқу бағдарламаларының негізінде және оқу жоспарына сәйкес жүргізілді. Сәндік қол өнері пәнінде эксперимент жүргізуде арнайы технолог-шебер болуы керек және сонымен қатар, аталған пәнді жүргізіп жүрген тәжірибелі оқытушының жетекшілігімен жүргізілді. Қол өнерінің техникалық тәсілдерін меңгеруде сабақ жүргізуші оқытушы сабақтың мақсат-міндеттерін нақты қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын баяндап, сабақтың теориялық материалын қысқаша түсіндіріп өтеді. Яғни,металды көркемдеп өңдеу өнерінен жасалатын бұйымның композициялық ізденіс жолдарын қағаз бетіне түсіре отырып, формаға, мазмұнға, стилизацияға мінездеме беріп отыруларын ерекше атап кетті. Ал, технолог-шебер болса, станокта металды өндеу бойынша жасалатын жұмыстың орындалу техникасы мен тәсілін демонстрациялап отырды. Жаңа сабақтан алған білімдерін, іскерліктері мен машықтылықтарын шыңдап, тереңдетуге бағытталған жаңа берілетін композициялық жұмыста студенттерге жаңа сабаққа байланысты бірнеше міндеттер қоямыз.
Олар:

  1. Тақырыпты анықтау, таңдау;

  2. Бұйымның өлшемі мен композициялық ізденістерді қағаз бетіне дұрыс орналасуы т.б.

Кейбір студенттер бұған өте мән бере бермейді. Себебі, олардың ойынша форманың өзі мотивті айқындайды ал, композиция жұмыстың аяқталуын көздейді деп тұжырым жасайды. Бұл негізі дұрыс көзқарас емес. Себебі, шығармашылық қабілетті дамыту мен көркем образды туындатуда тек, бір сұрақ туындайды, ол шығармашылық процесте кездесетін қиындықтарды жеңіп шығу т.б.с.с. Оқытушы бұл кезде әрине, қол өнер бұйымдарынан жұмысты аяқтау мен жұмыстың принциптік тұрғыда, міндетті түрде меңгеруде оқытушы дер кезінде педагогикалық талаптар қоя білулері қажет. Оқытушы әрине, сабақ процесінде студенттердің жұмысында кездесетін проблемаларға тез арада көңіл бөліп, көмек көрсету қажет. Яғни, дұрыс әдістемелік нұсқаулар беру, қателерін түзету, студенттерге проблемалық ситуациялар тудырта отырып, өздеріне терең ойлануларына мүмкіндік беру, өз қателіктерін өздері таба білулері мен өздерінің жұмыстарына терең талдау жасай білу қасиеттерін дамыту. Сонымен қатар, студенттерге оқу процесінде кездесетін кейбір қиындықтарды мойынсынбай жеңіп шығуға, еңбекқорлыққа, төзімділікке, тазалыққа баули отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізулері мен шығармашылық жұмыстарында өздерінің еңбектеріндегі жоғары нәтижелерге қол жеткізулері сияқты мәселелер эмоционалдық, психологиялық тұрғыда студенттерге өте қажет, маңызды мәселе деп білеміз. Мұндай жағдайда студенттердің кәсіби біліктіліктерін дамыта отырып, өз жұмыстарында қорытынды нәтижелер мен жетістіктерді көре білу қабілеттері мен өз шығармашылық жұмыстарында сезімталдық пен талғампаздықты өрбіту, дамыту болып табылады. Ал, енді «Сәндік қолданбалы өнері металды көркемдеп өдеу » мамандығының 2 курс студенттеріне іс тәжербиелік практикада жүргізген «Металды көркемдеп өңдеу кезеңінде инновациялық техникалардың тиімділігі» атты сабақ жоспарын ұсынып отырмыз. Дәріс сабақтарының міндеттеріне сәндік қолданбалы өнері мен түрлі түсті металдардан жасалатын бұйым жұмыстарын жасауда студенттерге олардың дұрыс орындалу технологиялық операцияларымен композициялық шешіміне, сәндік қол өнер шығармаларын инновациялық техника арқылы материалдылығы жөнінде қысқаша теориялық материалды бере отырып, түсіндіру қамтылған. Ал, семинарлық-практикалық сабақтарда студенттер маталды көркемдеп өңдеу арқылы рельефті зергерлік бұйым сомдап, композиция туындатады.Сәндік қолданбалы өнер туралы әртүрлі тақырыптарда бірнеше варианттарда тапсырмалар ұсынылып, орындатылады. («Аспан әлемі», «Фосфор мен басқа да флуоресцентті элементтерден арқылы әшкей бұйым жасау»,«LED және аккумуляторлардан жасалатын зерегерлік бұйым», «SMD технологиясының көмегімен жасалатын бұйымдар»,«су асты әлемі», «жеміс-жидектер», «2 заттан құралған геометриялық денелерден тұратын», «спорт», «балалар мен жануарлар» т.б.«Миллениум ғасырындағы зергерлік өнер бизнес дамыту»атты 2 курс студенттеріне лекция өтуді жөн көрдім .
«Eclectic Jewel Tech –это путь прогресса новых ювелирных технологий идущий вверх.Это путь союза драгоценных камней,метталов современных технологий и механики, а также дизайнерской мысли, творческой изобретательности и любви к созиданию»[ ].Философия ювелирных технологий для развития ювелирного искусства и бизнеса в век миллениум! Автор статьи: Андрей Космолов 2020. сөзінен шыққан заңа заманауи термині бойынша.«Қазіргі таңда зергелік Өнерді 3 бағыт бойынша қарастыруға болады»XXI ғасырдың зергерлік өнері, заманауи зергелік өнердің жарқын техноологиялық айырмашылығы, миллениумдар ұрпағы заманауи әшекей бұйымдар .Үшке бөлу арқылы презинтация арқылы,білім алушыларға түсіндірме жұмыстары өтті.Минимализм стиліндегі әшекейлер: артық ештенесі жоқтығымен ерекшелінеді.Бейберекеттік тұтынудан, сән-салтанат бас тартады. Бұл стильдің қарапайымдылығы мен талғампаздығы барлық: интерьерлерді безендіруде, өмірлік философияда және зергерлік бұйымдардың дизайнында көрінеді.1960 жылдары Еуропада және АҚШ-та қарапайым және қарапайым жиһазбен жабдықталған интерьерлер өте танымал болды. Ең бастысы заттардың функционалдығы, пайдаланушылық жайлылығы мен үйлесімдігі ерекшелінді: минимализм стилінде безендірілген орындық ыңғайлы болғандықтан, қалай көрінсе де маңызды емес еді.Минимализмге деген қызығушылықтың жаңа толқыны 2014 жылы басталды. Оның өзіндік ерекшелігі-ерекше өмірлік философияның пайда болуы, онда артық нәрседен саналы түрде бас тарту өзін жақсы түсінуге, заттардың шынайы мәнін көрсетуге көмектеседі. Осы тұрғыдан алғанда, ең аз зергерлік бұйымды өзгертпейді, тек бейнені толықтырады, оның табиғи сұлулығын көрсетеді. Сабақ барысы;Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып заман талабына сай бағытта жұмыс барысын түсіндірілді.(Қосымша ) Метал, ағаш, сүйек,эмаль,химиялық, фосфор ,led технологиясы, керамика, Castable Wax Resin програмасы қосылыстар арқылы сәндік қолданбалы бұйым жұмыстарын жасау процесі. Оқытушы металдан бұйымдар(зергерлік) жұмыстарын жасауға қажетті құрал-жабдықтар мен қажетті көрнекіліктер мен материалдарды көрсете отырып, түсіндіреді. Қандай сала бойынша әлемде өзгерістер дамып келе жатқаны жайлы презинтация, видео, фото, көрнекіліктер арқылы тақырыпты түсіндіеміз Содан соң, арнайы даярланған эскизді сызықтық суретін «Zbrush» Зергерлік бұйымдарды 3D-модельдеу арқылы бағдарламада түсіріп алады. Әрине, бұл жерде композициялық заңдылықтарды ескерген жөн. Олар: симметрия, перспектива, композиция ортасы, ырғақ, динамика, форма мен мазмұнның бірлігі т.б. Сонымен студенттердің метал өнімдерінен замануи XXI сәндік қолданбалы өнер шығармашылық жұмыстар жасаудағы әдістемелік принциптерді жақсы дәрежеде меңгерулері үшін арнайы шебер сыныптар (мастер-классы) ұйымдастырылды.Шебер сыныптарда оқытушы жұмыстың дұрыс орындалу тәсілдерін ашық түрде көрсете отырып, студенттерге қосымша жұмыстың дұрыс орындалу принциптері мен заңдылықтарын әдістемелік тұрғыда көрнекіліктермен демонстрациялап береді. Бұл жерде төмен және орта деңгейде материалды меңгерген шығармашылық белсенділігі өте төмен студенттерге міндетті түрде бірнеше рет жаңа материалды түсіндіріп, әрқайсысымен жеке-дара жұмыстар жасау қажет. Ал, жоғары деңгейде меңгеретін студенттерге жұмыстың дұрыс жұру, өтілу барысын байқап отырып, өз беттерінше жеке-дара, қалаулары бойынша қалған студенттермен компютерлік программамен өз нобайларын нақтылап жұмыстар орындауға орындауға кіріседі. Сәндік зергерлік бұйымдарды заманауи бағытта әр түрлі инновациялық технологиялар техникалар арқылы байқап көруге болады . Қосымша ағаш(қара ағаш,қызыл ағаш,шырша.ақ қайың,полисандр т.б)метал(күміс,алтын,мелхиор,томпак,альюминий,мыс т.б) тастар (зүмірет (изумруд),лағыл т.б )жұмыстар жасауға байланысты арнайы құрастырылған әдістемелік шебер-сыныптарда және оқу-өндірістік шеберханаларда жасалған жұмыс процесі жақсы нәтижелер бере отырып, студенттердің шығармашылық тұрғыда жан-жақты қалыптасуына өз септігін тигізетіні сөзсіз. Барлық дерлік тапсырмалар негізінде студенттердің көркем сәндік қолданбалы өнеріне деген шығармашылық белсенділігін кезеңділікпен қалыптастыруға бағытталған:
Дамыту

  1. Көркем қабылдау;

  2. Кеңістікте ойлау қабілеттері;

  3. Көру қабілеттері;

  4. Композициялық ойлау қабілеттері;

  5. Сәндік қолданбалы өнерінен бұйымдар жасау іскерліктері;

  6. Жүйелі жұмыс жасау;

  7. Жұмыс нәтижесіне көркем сын;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет