Жоғарыда айтылғандардан келесідей қорытындылар шығаруға болады: Сәндік қолданбалы өнері бойынша жоғары дәрежеде жүргізілген сабақтар ұсынылған әдістеменің тиімділігі мен болашақта жоғары дәрежелі суретші-шебер, зергер, ұсталарды кәсіби даярлауда көркем шығармашылық белсенділіктері мен қабілеттерін қалыптастырудың шарттарының жеткілікті дәрежесі, алынған нәтижелері айғақ бола алады. Эксперименттік жұмыстарды қорытындылауда кәсіптік колледждің сәндік қолданбалы өнері факультетінің студенттерінің көркем шығармашылық белсенділіктері мен қабілеттерін қалыптастыруда көркем қол өнерінің тиімді әдістемелерін меңгеруде өз оң нәтижесін бере отырып, септігін тигізгені анықталды. Сонымен қатар тәжірибелі эксперимент барысында алынған нәтижесінде студенттердің қызығушылықтары, көркем шығармашылық белсенділіктері мен қабілеттерін арттыруда, сәндік қол өнеріндегі металды көркемдеп өнері ішіндегі ең тиімді және қолайлы түрі екендігі анықталды.
Сәндік қолданбалы өнер пәні бойынша тақырыптарға сәйкес қалыптастыру экспериментінің нәтижелері 2 курс студенттерінің зергелік қол өнері пәні мазмұнына сәйкес төмендегідей болды (Кесте 3):