Өскемен қаласы химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Химия пәнінің мұғалімі: Адиканова З. К



бет3/7
Дата06.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#28687
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
III-кезең . Жаңа сабаққа әзірлік
Ой шақыру
Сабақтың тақырыбын биология пәнінің генетика бөлімімен байланыстыру арқылы оқушылардың өздеріне анықтату.
Сабақтың тақырыбы: Органикалық қосылыстардың- көмірсутектер, көмірсутектердің галогентуындылары, спирттер,фенолдар арасындағы генетикалық байланыс
IV – кезең. Жаңа білімді меңгеру
Мағынаны түсіну
Генетика – гректің «генезиз» «шығу тегі» сөзінің негізінде алынған, яғни органикалық заттардың шығу тегі. Органикалық қосылыстар – құрамына міндетті түрде көміртегі атомы кіретін (карбид, цианид, карбонат, көміртегі оксидтерінен басқа) заттар.
Заттардың жеке кластарының өзара байланысы арқылы бір-біріне айналуы генетикалық тектік байланыс деп аталады.
Органикалық қосылыстардың негізі Бутлеровтың құрылыс теориясы
Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы бойынша:

  1. Органикалық зат молекуласындағы атомдар ретсіз орналаспайды, олар өздерінің валенттіліктеріне сай белгілі бір ретпен байланысады.

  2. Органикалық заттың қасиеті оның молекуласының құрамына қандай атомдардың қанша мөлшерде кіретіндігіне тәуелді болумен қатар молекуладағы атомдардың өзара байланысу ретіне де (яғни химиялық құрылысына) тәуелді болады.

  3. Молекула құрамындағы атомдар мен атом топтары бір-бірінің химиялық қасиетіне әсер етеді.

  4. Заттың қасиеті арқылы оның молекуласының химиялық құрлысын анықтауға және керісінше оның молекуласының химиялық құрылысы бойынша заттың қасиетін болжауға болады

Осы қағидалар органикалық қосылыстардың құрмындағы С атомының ерекше қасиеттерін сипаттайды:
- өзара тізбектеліп, тармақталып, тұйық тізбек жасай жалғасуы;
- жай және еселі байланыстар түзуі;
- С атомдарынан түзілген тізбектің изомерленуі;
- гомологтік қатар түзуі.
Сондықтан органикалық қосылыстар кластарының арасында генетикалық байланыстар түзіледі .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет