Summary
Іn this article of the considered use of language of Pascal at programming appendix of the application programs and methods the use their educational process.
АҚБӨКЕНДЕРДІҢ ЖОЙЫЛЫП КЕТУ ҚАУПІ
б.ғ.к, аға оқытушы Батыров Б.М.,1-курс БГ-113 тобының студенті Данбай Н.
Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті,Шымкент,Қазақстан
Кілттік сөздер: ақбөкен,киік.
Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады. Ақбөкендердің табындары жүздеген, мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға көп қосыла бермейді, әсіресе киіктер бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді. Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап, жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап, сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады.
Соңғы кездерде ақбөкенді мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан, күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп, зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап, әлденіп алады. Көктем шыға, солтүстікке қарай жылжитын қалың табын жылдың бұл мезгілінде суаттарды көп іздей бермейді. Олар жаңа өнген шөптің нәрімен, таңғы түскен шықпен сусындайды. Жауынды күндері апталап су ішпей жүре береді. Киіктер Аралдың, Балқаштың тұзды суларын іше береді. Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Әдетте табынды суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына осқырана қарап, біраз уақыт айналаны бақылайды. Қалғандары «команда» болмай суға беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңынан келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап ішпейді, 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды.Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ақбөкендердің қаңқаларына қарағанда, бұлар ертеректе Ұлыбритания аралынан бастап Аляскаға дейінгі кеңістікте өмір сүрген. Қазақстан аумағында Павлодар облысындағы Ямышево мен Подпуск ауылдарында, Семей қаласының түбінен, Нұра өзенінің бойынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған киіктердің сүйектері табылған. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты.
Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi. Және сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы бөлдi. Ал үстiмiздегi жылы бұл қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр. Әрине бұл игi шаралар қолға кеш алынып отыр.Дегенмен «Ештен кеш жақсы» деген емес пе?
Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді.
Кең даланың киесі – ақбөкенге қару кезенген қаскөйлердің қатары азаяр емес. Халқымыз сахараның кербезін ежелден киелі санаған. Ерекше қадірлеп, қастерлеген. Алайда, бүгінде киелінің қадірін түсінуден қалып барамыз. Елімізде ақбөкендерді атуға 2020 жылға дейін тыйым салынған. Осыдан 10 жыл бұрын бұл жануардың саны 1 миллионнан астам болса, бүгінде олардың саны күрт азайып, небәрі 2 пайызы – 20-25 мыңдайы ғана қалды. Бұл, ақбөкендер саны 40 есе азайған деген сөз. 2002 жылы дүниежүзілік табиғат қорғау одағы ақбөкенді «cr», яғни, «жойылып кету қаупі бар» деген санатқа енгізген. Бүгінде ақбөкендер тек қазақстан, өзбекстан мен ресейдің астрахань облысы мен қалмақстанда және батыс моңғолияда мекендейді.
Браконьерлердің жануарлардың бұл түріне ерекше қызығушылық танытуларының бір себебі – ақбөкен мүйізінің ғажайып емдік қасиетінде жатыр. Осы жағдайға байланысты 2012 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстанның барлық аумағында 2020 жылға дейін ақбөкендерді атуға тыйым салынған. Алайда, әлі күнге бұл заңды белшесінен басып жүргендер жетерлік. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 288-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Үстіртте киелі жануарлар-киіктердің жойылып кету қаупі бар. Оны халықаралық сарапшы-мамандар жүргізген жыл сайынғы санақ көрсетті. Жалпы Батыс аймақтағы бөкендердің бетпақ дала түрімен салыстырғанда біршама көбейгені байқалады. Бірақ олардың үстірттегі үйірлерінің тым сиреп кетуі мамандардың алаңдаушылығын тудыруда.
Қазақстанда ең көп мекен ететін ақбөкендердің Орал өңірінде өмір сүретін бұл түрі бірер жыл бұрын 38-мыңға жуық болғаны белгілі. Алайда пастериоз ауруымен 12 мыңға жуығы қырылды. Қазір аталған өңірде олардың 27-мыңдайы ғана қалды. Киіктерді қорғау рейдтік және арнайы жоспар негізінде жыл он екі ай бойы жүргізіліп отырады. Өкініштісі, қарақшылар мен табиғи-техногендік апаттар бөкендердің санына кері әсер етіп отыр.
«Ақбөкен» инициативасының негізгі міндеттері:
• Ақбөкеннің бетпақдала популяциясының келешекте тұрақты тіршілік етуіне жəне оның мекендейтін жерлеріне əсер ететін негізгі қауіптерге көңіл аударуі; мысалы, браконьерлікке жəне мекендейтін қоныстарындағы өзгерістерге.
• Ақбөкен жəне сол сияқты құлан, қарақұйрық, дуадақ жəне тарғақ қоныстарына əртүрлі статусы бар қорғалатын территория жүйесін ұйымдастыру жəне қоныс аударатын жолдарында жануарлар өтетін коридорлар қалдыру.
• Жануарлардың негізгі қоныстарында оларға жергілікті тұрғындардың жəне басқада мүдделі адамдардың əсерін анықтау, мүмкіндігінше оларға көмектесу, адамдардың əл-ауқатын жақсарту жəне ауыл шаруашылығын дамыту.
• Табиғат қорғау шараларын жоспарлап, енгізу үшін қазақ даласы мен шөлейтті жерлері туралы, оларда мекендейтін жан-жануарлар туралы мəліметтержинау.
• Далалық аймақты жəне онда мекендейтін ақбөкен сияқты хайуанаттарды сақтап қалу үшін үгіт-насихат жұмыстарын күшейту қажет.
Әдебиеттер:
1.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия.Алматы
2.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы
Резюме
Сайгаки сколько бы не пережили трудности жизни, не изменяют свои семя сквозь миллиона лет.
Summary
Saigas how many difficulties of life did not outlive, it does not change a seed through million years.
ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОРЕК ЗАТТАРДЫҢ СІҢІРІЛІУІНІҢ МЕХАНИЗМІ
б.ғ.к,доцент Байкабулов Т.,3-курс БГ-111 тобының студенті Сейдазева А.Х.
Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент, Қазақстан
кілттік сөздер: геобионттар, геофиллер, геоксендер, микрофауна, мезофауна
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады.
Сазды топырақ. Құламаларда тұрақты жэне су бұзып кетуіне қарсы келе алатын топырақ; жолдың негізі үшін жақсы материал болып табылады.
Құмайт топырақ. Ылғалды және құрғақ күйінде байланысы жақсы топырақ: құрғақ және тым ылғалды жерлерде жолға себуге пайдаланады.
Шым тезекті топырақ. Ылғалдылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік өзгерістерге зор бейімі бар, қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге қолданылмайды.
Топырақта тіршілік ететін организмдер. Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады. Қоңыржай аймақтағы орман топырағының 1 шаршы метрінде 1000 жуық жануарлар түрін,нематодтар мен қарапайымдылардың 10 млн-нан аса, аяққүйрықтар мен топырақ кенелерінің 100 мыңнан аса түрлерін табуға болады. Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар. Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді:
Геобионттар - үнемі топырақта тіршілік ететін организмдер. Олардың бүкіл даму циклы топырақта жүреді (жауын құрттары);
Геофиллер - тіршілік циклының жоқ дегенде бір фазасы міндетті түрде топырақта ететін организмдер (шегірткелер Acrididea, кейбір қоңыздар - Staphylinidae, Carabidae, Elateridae). Олардың личинкалары топырақ ішінде дамып, өскен соң жер бетінде тіршілік етеді;
Геоксендер - топырақты кейде уақытша немесе қорғаныс ретінде пайдаланатын организмдер (тарақандар, кемірушілер жәңе басқа да інде тіршілік ететін сүтқоректі организмдер).Сондай-ақ топырақ организмдерін дене мөлшері мен қимылына байланысты да экологиялық топтарға бөледі:
Микрофауна - детриттік қоректік тізбектің негізін құрайтың топырақ микроорганизмдері. Бүларға жасыл (Chlorophyta), көк-жасыд
Мезофауна - қозғалғыш, майда жануарлар тобы. Бүларға топырақ нематодтары (Nemaloda), жәндіктердің майда личинкалары, кенелер (Oribatei) және басқалар жатады. Бүлар негізінен детриттермен және бактериялармен қоректенеді.
Макрофауна - топырақтағы ірі жәндіктер (жауын құрттары және т.б.).
Мегафауна — топырақта тіршілік ететін сүтқоректілер, мысалы, көртышқандар, жертесерлер және т.б.
Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді. Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады.
Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 4 С-тағы судың сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады.
Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы. Топырақ дегеніміз - жер қыртысының құнарлы беткі қабаты. Ол геологиялық факторлардың, физико-химиялық және биологиялық процестердің әсерлері нәтижесінде пайда болған. Топырақтың пайда болу процесі өте күрделі әрі ұзақ мерзімде өтеді. Мысалы, 2 см топырақ пайда болу үшін 300-1000 жыл керек.Топырақта күрделі химиялық және биологаялық өзгерістер, ең бастысы жануар және өсімдік тектес органикалық заттардың ыдырау процестері жүріп жатады.
Топырақтың механикалық құрамы және оның құрылысы. Топырақтың механикалық құрамы оның сулы-физикалық, физикалық-механикалық, ауалық және жылулық қасиетіне, қышқылдану - қалпына келу жағдайына, сіңірулік қасиетіне, топырақта гумус, азоттың жиналуына әсер етеді.
Механикалық құрамына байланысты топырақта оны өңдеудің, егістік жұмыстардың жүргізілуіне, тыңайтқыш шашу мөлшеріне және ауылшаруашылық өнімдерін себу жағдайлары өзгереді: Егер құмды және құмдақ топырақтар жылдам өңделгенмен, оларда гумуспен пен ылғал аз болады және олар жел эррозиясына төзімсіз келеді.
Топырақтың физикалық қасиеттері. Гигиеналық тұрғыдан топырақтың мынандай көрсеткіштерінің маңызы айтарлықтай: топырақтың саңылаулығы, су өткізгіштігі, капиллярлылығы, ылғал тартқыштығы, ауа өткізгіштігі және жылулық қасиеттері.
Топырақтың химиялық құрамы. Топырақ минералды және органо-минералдық заттардан тұрады. Минералдық заттардың көзі - жер қабатының қатты қабығын (литосфера) құрайтын таулы породалар. Минералдық бөлік топырақтың 80-90 пайызын құрайды, ал органикалық заттар топырақта 10 пайыздан кем болады. Топырақтың органикалық бөлігі (гумус) өсімдік пен жануарлар тектес заттардың ыдырауынан және осы процесс кезінде жүретін реакциялар арқасында пайда болатын заттардың өнімдерінен тұрады. Топырақтың құрамында барлық белгілі химиялық элементтер анықталған. Топырақта литосфераға қарағанда оттегі, сутегі, кремний көп болады, ал алюминий, кальций, магний, калий аз кездеседі. Литосферамен салыстырғанда топырақта көмірсутегі 20 есе, ал азот 10 есе артық. Топырақта бұл элементтердің көп жиналуы тірі организмдердің тіршілік етуіне байланысты (бір тіршілік иесіне 18 пайыз көміртегі және 0,3 пайыз азот келеді).
Топырақтың биологиялық қасиеттері. Топырақтың негізгі биологиялық құрамына микробтар, құрттар және т.б. жатады. Арктикадан бастап, тропиктерге дейінгі ендіктердің бәрінің топырағында көптеген микробтар түрлері мекендейді. Топырақтың 1 г микробтар саны әдетте жүздеген, тіпті мыңдап, миллиондап саналады. Шөл дала құмдарының 1 г өзінде 1 миллионға дейін микроб болады.
Топырақтың ластану көздері. Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер (улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері және т.б. жатады.
Топырақ эрозиясы (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы нәтижесінде құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады.
Жел эрозиясы – жиірек ұшырайтын алқаптар жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі. Себебі шөл белдемдерінде өсімдіктер сирек өседі әрі жақсы дамымаған, сондықтан бұзылуға өте бейім топырақ түзіледі. Мал жиі жайылатын елді мекендер немесе мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып, желге ұшады.
Су эрозиясы – қатты нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі. Бұл су ағындары тік беткейдегі топырақ бетін ғана шайып қоймай, көп жағдайларда сай, жыралардың пайда болуына әкеп соғады. Тау етегіндегі беткей алаптарын су эрозиясынан қорғау үшін бұл жерлерге а. ш. дақылдарын, жеміс ағаштарын отырғызып, қолдан ыңғайлы жер бедерлерін сатылап жасау (террасалау) әдісі де қолданылады. Топырақтың су эрозиясының бір түрі ирригац. эрозия, ол адам қолдан суаратын жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір бағытта еңісі бар жер бедері таңдалынып алынады. Сол бағытқа қарай майда суару арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс алады. Эрозияның бұл түрі тек суармалы алқаптарда ғана емес, сол суармалы алқаптарға су әкелетін арықтар мен канал бойларында, өзен жағалауларында (жағалаулар су әрекетінен бұзылып, шайылады) да кездеседі. Көктемгі нөсер жаңбырлар жауғанда немесе қар еріп, оның суы өзендерге қосылғанда, су деңгейі көп көтеріліп, жағалау беткейлерін жуып-шайып, тіпті кей жағдайларда арналарын бұзып, жаңа арнамен ағатын болады. Су эрозиясының бұл түрімен күресу үшін арнайы инж. құрылыстар салу, өзен бойларына ағаштар отырғызу, т.б. шаралар жүргізу қажет. Арықтар мен каналдар тез бұзылып кетпеуі үшін олардың жағаларына ағаш, бұталар отырғызу керек.
Әдебиеттер.
Методика обучения ботаники ред. Н.В. Падалко, В.Н. Федоровой. М. Просвешения 1982.
Колченко А.К., Энциклопедия педогогических технологий, изд. КАРО, 2002.
Зверев И.Д. Мягкова А.Н. Общая методика предподорвание биологических вузов по биологическим специальностям. М., Просвешение, 1984.
Кейран Л.Ф. Структура методике обучения как науки. М. Просвешение 1979.
Максимова В.Н., Груздева Н.В. Межпредметные связи в обучении биологии. М. Просвешение 1982.
Резюме
В этой теме рассматривается как изменился мир растений и мир животных на поверхности земли под влиянием человека.
Summary
This topic is considered as the world has changed the world of plants and animals on the earth's surface under the influence of man.
ГОРМОНДАРДЫҢ ТІРШІЛІК ПРОЦЕСІНДЕГІ РӨЛІ
т.ғ.к., доцент Салыбаев А., 3- курс БГ-111 тобының студенті Жарасова. Ж.
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университеті,Шымкент, Қазақстан
кілттік сөздер: инсулин. андроген. экстроген. тимус. эпифиз
Гормон – жоғары активті биологиялық зат, эндокринді бездермен ағзаның ішкі ортасына синтезделіп бөлінеді, реттеуші әсер беретін заттар.
Эндокринді без – анатомиялық құрылым, шығару өзегі жоқ, басты қызметі гормондардың ішкі секрециясы. Оларға: гипофиз, эпифиз, қалқанша без, бүйрек үсті безі (милық, қыртыстық бөлігі), қалқанша маңы безі.
Асқазан асты жәнежыныс бездері олар аралас секрет бөлуші мүшелер. Ішкі секрецияның безі атқаратын қызметі әр түрлі гормонды синтездей алады. Мысалы, қалқанша безі тироксин, тирокальцитонин. Сонымен қатаратқаратын қызметі бір, бірақ синтездеуші эндокринді бездері әр түрлі. Мысалы, жыныс бездер синтезделеді: жыныс бездері мен бүйрек үсті безімен.
Гормондардың жалпы қасиеттері:
физиологитялық әсер – қатан спецификасы
жоғары биоактивтілігі: гормондардың физиологиялық әсері аз дозада (10-6-10-10 моль\л)
әсер етудін дистальды сипаты: гормон түзілу жерінен әдетте нысана-жасуша алыс орналасады
генерализденген әсері (жайылынқы)
Ағзаға гормонның физиологиялық әсерінің 4 типі белгілі: кинетикалық, орындаушы мүшенін белгілі әсерін тудыру, метаболиттік, морфогенетикалық, корригирлеуші.
Гормонның метаболиттік әсері түрлі жолдармен жүзеге асады. Оның ішінде ең маңыздысы:
жоғары, төмен ферменттін активтілігін
жасуша мембрана өткізгіштігінің активтілігін
энергетикалық, биосинтетикалық реттеушілік
Гормонды эффектінің этаптары:
синтезі, қанға өтуі, тасымалдау түрлері, гормонның әсер етуінің жасушалық механизмі.
Гормондардың әсер ету механизмі. Жасушалық деңгейде гормондардың әсер етуі 2 негізгі механизімі белгілі: жасуша мембранасының сыртқы қабатындағы эффектінің реализациясы, гормон ішіне енгеннен кейін реализация. Гормондардың биологиялық эффекті, рецептормен байланысатын, плазмалық мембранада орналасқан, бұл процесс екінші реттік өткізгіштік арқылы жүзеге асады оны мессенджер деп атайды. Оны атқаратын заттын жіктелуіне байланысты гормондарды бөледі:
Гормондардың инактивациясы көбінесе эффекторлы мүшелерде өтеді – бауырда. Гормондар ағзада мынадай қызметтерді атқарады:
бойдын реттелуі, ұлпалар мен мүшелердің дамуы мен дифференцировкасы, физикалық, жыныстық, ақыл-ойдын дамуы.
сыртқы ортанын өзгергіштігіне бейімделушілік
гомеостазды қалыпта ұстау
Гормондардын байланысу түрлері. Гормондар бөлектеніп жалғыз қызмет атқармайды. Сондықтан олардың әсерлерін білу қажет.
Белок-пептидтік гормондар көбінесе активті емес түрде синтезделеді немесе препрогормон—прогормон—активті гормон кестесімен түзіледі. Препрогормон N-соңында пептид сигналы бар, эндоплазмалық ретикулумдағы молекулалардың өзгерту қажеттілігі, содан Гольджи комплексіне.
Сигналдық пептидті алыа тастағаннан кейін, препрогормон прогормонға айналады. Гольджи комплексінде прогормон секреторлық везикулаларға еңеді және активті гормондардың шығуымен жеке протеолиз жүреді.
Тиреотропты гормон (ТТГ) немесе тиреотропин қалқанша бездің қызметін арттырады, оның тканьдерін гиперплазиялайды, тироксин мен трийодтирониннің өңделуін реттейді.
Фолликул реттеуші гормон (ФРГ) немесе фоллитропин, фолликул ұрықтарының өсуі мен пісіп жетілуін және олардың ұрықтануға дайындығын арттырады. Ертеректерде ФРГ әскерінен сперматозоидтар пайда болады.
Лютеиндеуші гормондар (ЛГ) немесе лютропин, піскен фолликулдың қабығының жарылуынан, яғни ұрықтану мен жасыл дененің пайда болуын қамтамасыз етеді. Еркектерде бұл гормон еркектің жыныс гормондары-андрогендердің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Соматотропты гормон (СТГ) немесе соматотропин, немесе өсу гормоны, өсу процесін реттеуге және дене бітімінің өсіп, дамуына қатысады.
Гипофиздің артқы бөлігіндегі гормондар.
Бұл гормондар гипоталамуста пайда болады. Нейрогипофизде олар жиналады. Гипоталамус клеткасының супраопты және паравентрикулярлы ядросында окситоцин мен антидиуретикалы гормонның синтезі жүзеге асады.
Қалқанша без: Қалқанша без жалғастырушы алқым және қалқанша шеміршегінен төмен мойындағы екі жақ трахеяда орналасқан.
Ұйқы безі (асқазан астылық без)
Ұйқы безі аралас қызмет атқаратын бездерге жатады. Эндокриндік қызметі панкреатикалық аралшықтын (Лангерганс аралшығы) гормон өндіруімен іске асады. Аралшықта бірнеше жасуша түрі бар. Альфа жасушалар глюкагон өндіреді, бета жасушалар инсулин өндіреді, d-жасушалары инсулин мен глюкагон секрециясын тежейтін соматостатинді өндіреді.G-жасушалар гастрин өндіреді. Негізгі массаны инсулин өндіретін бета-жасушалары құрайды.
Бүйрек үсті бездері: Бүйрек үсті бездері жұп бездер болып табылады. Бұл-өмірге аса қажетті эндокриндік орган. Бүйрек үсті безі екі қабатқа бөлінеді: қыртысты және милы.
Бүйрек үсті безі қыртысының гормондары
Бүйрек үсті безі қыртысы 3 зонаға бөлінеді: сыртқы, ортаңғы, ішкі. Сыртқы зонасында негізінен минералокортикоидтар шығарылады, ортаңғыда –глюкокортикоидтар,ішкіде-жыныс гормондары (андрогендер).
Бүйрек үсті безінің милы қыртысының гормондары.
Бүйрек үсті безінің милы қыртысы катехоламиндер; адреналин мен норадреналиндерді өндіріп шығарады. гормоналды секрецияның 80% адреналиннің үлесіне, 20%-норадреналинге бөлінеді.
Адреналин мен норадреналин секрециясы тирозиннің аминқышқылынан ромаффинді клеткаларында жүзеге асады.
Жыныс бездері
Жыныс бездері немесе еркектердің ұрықтары (аталық жұмыртқа) және әйелдердің аналық жұмыртқалары аралас секреция бездеріне жатады.
Еркектің және әйелдің жыныс гормондарының секрет шығару процесін және олардың қанға бөлінуін ішкі секреторлық функция атқарады.
Еркектің жыныс гормондары /андрогендер/
Аталық жұмыртқанаң интерстициальді клеткасы /лейдиг клеткасы/ еркектің жыныс гормондарын өндіреді.
Әйелдің жыныс гормондары
Бұл гормондар әйелдің жыныс безі – аналық безде, жүктілік кезде- баланың жолдасында, сондай-ақ еркектің ұрығындағы Сертиоли клеткасында болады. Аналық бездің фолликулы экстрогендердің синтезін жүзеге асырады, аналық бездің сары денесінде прогестерон өндіріледі.
Плацента
Баланың орны- жүктілік кезде пайда болатын орган. Ол ана организмі мен ұрықты байланыстырады, яғни оттегімен және нәрлік заттармен қоректенуді реттейді. Сонымен қатар баланың жолдасы ұрықты зиянды заттардан қорғайды.
Эпифиз /сүйектің жоғары және төменгі басы/
Эпифиз /жоғарғы ми қосалқысы, пинеальды без, томпақша без/ нейроглиалды бездің туысы болып табылады. Эпифиздің негізгі атқаратын қызметі күнделікті биологиялық ритмді, эндокрин функциясы мен метоболизмнің организмнің жарық кездегі ауыспалы әрекетке қалыптасуын реттеу болып табылады.
Тимус: Тимус немесе төс асты безі – жоғарғы ортаңғы кеудеде орналаскан жұп орган. 30 жастан соң адам организмінде кері даму кезеңі байқалады. Төс асты безін сүйек клеткасы Т-лимфоциттерімен қатар гормоналды факторлар-тимозин мен тимопоэтин өндіріледі.
Әдебиеттер:
1. Сейтембетова А.Ж., Лиходий С. Биологиялық химия., Алматы, «Білім», 1994ж.
2. Сейтов З.С. Биологиялық химия, Алматы, «Қайнар», 1992ж.
3. Биохимия: учебник /под ред. Е.С.Северина, -2-е изд., испр.-М. ГЭОТАР-МЕД, 2004.- 784 с.
5. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия – М.: Медицина, 1998.
Резюме
Гормоны внутренней секреции выполняют основную роль в обмене веществ.
Summary
Hormones of internal secretion perform a major role in metabolism.
Изучение адсорбции уксусной кислоты В водных растворов
на активированном угле
д.х.н., доцент Сабиров В.Х., 3-курс группы ХМ-111: Молдатаева А.
Казахстанский инженерно-педагогический университет Дружбы народов,Шымкент, Казахстан
Ключевые слова: адсорбция, адсорбент, адсорбат, активированный угол, изотерма Лэнгмюра, изотерма Фрейндлиха,
Целью настоящей работы является количественное изучение адсорбции на активированном угле. Известно, что адсорбция на границе твёрдое тело – раствор представляет собой изменение концентрации растворённого вещества (т. е. количества вещества в единице объёма) в поверхностном слое по сравнению с его концентрацией в объёме жидкой фазы.
Для исследования в качестве адсорбента нами выбран аптечный активированный уголь. Это наиболее распространённый пористый адсорбент, который получают из каменного угля, дерева, животных костей, ореховых косточек и др. Адсорбирующее действие активированного угля обусловлено его большой удельной поверхностью, что позволяет использовать его для различных целей: извлечение из растворов посторонних веществ, поглощение газов и т. д. В качестве адсорбирующего вещества (адсорбата) мы используем водные растворы уксусной кислоты.
Исходя из вышесказанного, можно определить следующие задачи исследования :
─ опытным путём определить адсорбцию уксусной кислоты из растворов различной концентрации на аптечном активированном угле;
─ освоить навыки проведения количественного анализа методом титрования;
─ построить изотерму адсорбции.
Количественное определение адсорбции.
Изучение адсорбции уксусной кислоты на активированном угле основано на определении концентрации раствора до контакта с адсорбентом С0 и после наступления адсорбционного равновесия С. Количество адсорбированной кислоты рассчитывается по формуле:
ν =V(C0 – C), (1)
где V – объём раствора, из которого идёт адсорбция, дм3.
Тогда удельная адсорбция:
а = ν / m = V(C0 – C) / m, (2)
где а – количество вещества, адсорбированного одним граммом адсорбента; m – масса адсорбента, г.
После определения адсорбции из серии растворов различной концентрации строится график изотермы адсорбции в координатах «а – с».
Согласно адсорбционной теории Лэнгмюра все участки поверхности адсорбента считаются однородными, энергия адсорбции всех молекул одинакова, молекулы, ударяющиеся об адсорбированные молекулы, отражаются без задержки.
Адсорбция растворов на твёрдом адсорбенте – самый сложный вид адсорбции, т. к. надо учитывать взаимодействие между молекулами растворителя и растворённого вещества и сложное строение поверхности твёрдого адсорбента.
Титрование – это постепенное прибавление рабочего раствора известной концентрации к анализируемому раствору. Основной реакцией метода нейтрализации является реакция нейтрализации, которая происходит при взаимодействии кислот с основаниями и выражается уравнением:
Н+ + ОН─ = Н2О (3)
Этот метод применяется для количественного определения кислот и щелочей. В методе нейтрализации в качестве индикаторов применяют вещества, изменяющие свою окраску в зависимости от изменения концентрации ионов водорода в растворе. Так как цвет раствора зависит от цвета ионов и недиссоциированных молекул, то в качестве индикаторов применяют слабые органические кислоты или основания, у которых цвет недиссоциированных молекул отличается от цвета ионов.
Если индикатор – слабая кислота, то её формулу можно обозначить через HInd. Такой индикатор распадается на ионы по схеме:
HInd ↔ H+ + Ind─ (4)
При прибавлении к раствору кислоты индикатор находится в недиссоциированном состоянии вследствие влияния одноимённого иона Н+. Так что цвет индикатора в достаточно кислой среде соответствует окраске его недиссоциированных молекул HInd. По мере титрования кислоты щёлочью в растворе уменьшается концентрация ионов водорода, следовательно, возрастает количество диссоциированных молекул индикатора. Этим объясняется изменение окраски раствора при титровании.
Титровать растворы – значит определять объёмы, в которых они эквивалентны между собой. Расчёт концентрации исследуемого раствора проводится по формуле:
Ск = Сщ Vщ / Vк , где (5)
Сщ – концентрация титрованного раствора щёлочи, моль/ дм3
Vк – объём кислоты, взятый на титрование, см3
Vщ – объём щёлочи, затраченный на титрование, см3
Расчёт концентрации кислоты по результатам титрования проводится на основании закона эквивалентности.
Для титрования выбран индикатор фенолфталеин, т. к. слабая кислота титруется сильной щёлочью, и в конце титрования образуется раствор калиевой соли титруемой кислоты, который вследствие гидролиза этой соли имеет щелочную реакцию, в которой отчётливо видно появление окраски:
СН3СОО─ + Н2О → СН3СООН + ОН─ (6)
Методика исследования.
Использованные приборы и реактивы.
1). Технические весы.
2). Фарфоровая ступка.
3). Конические колбы на 100 см3 – 15 шт.
4). Мерная колба на 25 см3 – 1шт.
5). Бюретка для титрования на 25 см3. 6) Градуированные пипетки на 2, 5, 10 и 25 см3. 7). Водный раствор уксусной кислоты СН3СООН (0,5 моль/дм3). 8). Водный раствор гидроксида калия КОН (0.01 моль/дм3). 9). Фенолфталеин. 10). Фильтровальная бумага. 11). Активированный уголь.
Ход работы. Активированный уголь измельчают в фарфоровой ступке так, чтобы не было зёрен крупнее 1 мм, и не образовывалась излишне тонкая пыль. На технических весах берут 5 навесок около 0,3 г каждая. Каждую навеску всыпают в отдельную коническую колбу на 100 см3. Затем последовательно готовят 5 растворов уксусной кислоты: в мерную колбу на 25 см3 вливают 1 см3 уксусной кислоты С = 0,5 моль/дм3, доводят объём колбы до метки дистиллированной водой и перемешивают. Для приготовления второго раствора в мерную колбу вносят 2,5 см3 исходного раствора СН3СООН (С = 0,5 моль/дм3), доводят водой до метки и перемешивают. Для приготовления третьего раствора в мерную колбу вносят 5 см3 исходного раствора, четвёртого – 10 см3, пятого – 25 см3. Каждый из приготовленных растворов переносят в одну из конических колб с навеской угля и оставляют на 40 минут, взбалтывая содержимое колб через каждые 5 минут. По истечении 40 минут адсорбции растворы уксусной кислоты фильтруют. Концентрацию уксусной кислоты после адсорбции определяют титрованием щёлочью КОН (С = 0,01 моль/дм3) с использованием индикатора фенолфталеина методом нейтрализации.
При этом идёт процесс:
СН3СООН + КОН → СН3СООК + Н2О (7)
Титруют до устойчивой розовой окраски.
Обработка экспериментальных данных.
1.Расчёт концентрации пяти приготовленных растворов уксусной кислоты:
С0 = Сисх.Vисх./ Vм.к., где Vисх. – объём исходного раствора уксусной кислоты (таблица), см3; Сисх. = 0,5 моль/дм3; Vм.к. – объём мерной колбы, равный 25 см3.
2. Расчёт концентрации уксусной кислоты после адсорбции по формуле (5).
3. Расчёт удельной адсорбции по формуле (2).
Результаты эксперимента
Таблица. Исходные данные и результаты эксперимента.
Номер пробы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Объём исходного раствора СН3СООН Сисх= 0,5 моль/дм3, взятый для приготовления растворов для адсорбции
Vисх, см3
|
1,000
|
2,500
|
5,000
|
10,000
|
25,000
|
Концентрация приготовленных растворов СН3СООН до адсорбции, С0, моль/дм3
|
0,020
|
0,050
|
0,100
|
0,200
|
0,500
|
Объём пробы раствора, взятый на титрование, после адсорбции Vк, см3
|
10,000
|
10,000
|
5,000
|
5,000
|
2,000
|
Расход щёлочи на титрование после адсорбции, Vщ, см3
|
1,000
|
2.000
|
1,500
|
11,000
|
30,000
|
Навеска угля, г
|
0,310
|
0,340
|
0,350
|
0.350
|
0,360
|
Концентрация СН3СООН после адсорбции С, моль/дм3
|
0,001
|
0,002
|
0,003
|
0,022
|
0,150
|
Адсорбция а, моль/г х 10─2
|
0,153
|
0,353
|
0,693
|
1,271
|
2,431
|
Полученные результаты заносятся в таблицу (столбец 5). Полученные значения G и C используются для построения графика изотермы адсорбции G= f(C) (рис.1) и далее проводят ее анализ.
Рис.1. Изотерма адсорбции G= f(C) (рис.1)
Достарыңызбен бөлісу: |