Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет16/58
Дата05.03.2023
өлшемі303,09 Kb.
#171140
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Байланысты:
?îñòàíàé ìåìëåêåòò³ê ïåäàãîãèêàëû? èíñòèòóòû

Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Патриархалды, детоцентрлік және ерлі-зайыптылық отбасыларға салыстырмалы сипаттама беріңіз. Олардың қайсысы оңтайлы болып табылады?

  2. Қазіргі қоғамда отбасының дамуының қандай тенденциялары сізге ұнамды? Неге? Қандай тенденциялар үрей тудырады? Өз жауаптарыңызды дәлелдеңіз.

  3. Отбасы терең дағдарысты бастан өткереді деген пікірмен келісесіз бе? Жауабыңызды дәлелдеңіз. Қазіргі отбасылардың бастан өткізіп отырған дағдарысының себептері неде?

  4. Қазіргі таңда отбасының қандай мифтері танымал? «Ия» және «қарсымын» дәлелдерін атаңыз.

  5. Отбасының, оның өмірлік циклде даму заңдылықтарын атаңыз.

  6. Отбасы дамуындағы нормативті дағдарыстар дегеніміз не? Олардың психологиялық мазмұны қандай?

  7. Сұхбат негізінде респондент отбасына мінездеме жасаңыз. Өз отбасыңызды жоғарыда келтірілген типология өлшемдеріне сәйкес сипаттаңыз.

6ТҰЛҒАНЫҢ ОТБАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТЕНУІ

Әлеуметтену ұғымы. Әлеуметтену ұғымының мазмұны «индивидтің әлеуметтік ортаға енуі», «әлеуметтік әсерлерді игеруі», «әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласуы», т.с.с. түсініктермен анықталады. Әлеуметтену үрдісінде тұлға қоғам мүшесіне айналады, әлеумет ортасында өмір сүруіне мүмкіндік туады, бүкіл адамзат баласының жинақтаған құндылықтары мен нормаларын, білім мен тәжірибелер жүйелерін игереді.


Әлеуметтену екі жақты үрдіс, біріншіден, әлеуметтік ортадан адам өзіне керекті білімді, тәжірибені, эмоцияларды, құндылықтар мен дағдыларды т.б. өзіне алады, екіншіден, игерілген құндылықтар мен тәжірибелерге сүйене отырып әлеуметтік байланыстар жүйесін құрады, әлеумет ортасынан алғандары нәтижесіндеөзінің белсенді әрекеттерін реттейді. Біріншісі – әлеуметтік тәжірибені игеру, ортаның адамға тигізетін әлеуметтік әсерін сипаттаса, екіншісі – адамның өзінің белсенді іс-әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді.
Баланың әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететінәлеуметтік институт – отбасы, әлеуметтендіруші агенттері болып – ата-аналары болып есептеледі. Отбасындағы баланың әлеуметтену үрдісі мақсатқа бағытталған және стихиялы болып екі түрге бөлінеді. Мақсатқа бағытталған әлеуметтену дегеніміз ата-ананың ақыл кеңесі, үлгі-өнегелері, бірігіп атқарған шаруалары, стихиялы әлеуметтену – отбасында баланың өзі куә болған оң және теріс ықпалдар, ата-ананың теріс әрекеттері мен қылықтары нәтижесінде жинақталған тәжірибелер.
Әлеуметтену үрдісі белгілі бір психологиялық механизмдердің желісінде жүзеге асады. Олай болса, отбасындағы баланың әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін механизмдерге тоқталып өтейік:
1. Дүниеге келгеннен басталатын әлеуметтену үрдісі персонификация және идентификация (ұқсастырылу) механизмдері негізінде жүзеге асады. Дүниеге жаңа келген сәби ата-анасының өмір тәжірибесін көріп өседі де есейе келе сол көргендерін қайталай отырып, болашақта атқаратын қызметі мен орындайтын рөлдерін игереді. Мысалы, 2-3 жастағы балалар үйде ата-аналары не істесе, ойнаған кезінде соны қайталайды. Қыз бала анасының қылықтарын, ал ер бала әкесінің қылықтарын қайталайды. Бұл жай ғана ойын емес. Ол ертең есейгенде қыз баланың ана болатынын, дүниеге сәби әкеліп, ас пісіру, үй жинау сияқты қызметтермен айналысатыны туралы тәжірибе жинайды, ал ұл балалар ер азамат болуға дайындықты бастайды. Осыдан келіп қыз бала анасына, ұл бала әкесіне ұқсайды. Қазақ халқы бұл айтылғанды «әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген қанатты сөзімен кейінгі ұрпаққа жеткізген.
2.Атақты орыс психологы Л.С.Выготский психологияға енгізген интериоризация механизмі. Интериоризация латын тілінен аударғанда «сырттан ішке енгізу» деген мағынаныбілдіреді. Яғни адам өзінің психикалық әлемін біртіндеп сыртқы ортаның ықпалымен, оқыту және тәрбиелеу үрдістерінде ақыл, білім, тәжірибе, дағдыларды жинақтап, әлеуметтік-психологиялық қасиеттерге ие болады. Яғни «сырттан ішке енгізілген» білім, тәжірибе, дағдылар әркімнің дара және жас ерекшеліктеріне қарай үнемі динамикалы өзгеріп отыратын құбылыс. Бала дүниеге келгеннен бастап белсенді түрде сыртқы ортамен байланысқа түседі. Нәтижесінде психикалық даму заңдылықтарына сәйкес өзіндік санасын, өмірге деген қатынасын қалыптастырады. Бұл үрдісте ата-ананың рөлі ерекше. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер ананың сүтімен, әлдиімен, жылы-жылы сөйлеген сөзімен, мейірімді жүрегімен, үлгі-өнегеболарлық әрекеттерімен әлем кеңістігіне сенімді кіруіне негіз болады.
3. А.Н.Леонтьев бойынша «игеру» және «өз құндылығына айналдыру» механизмдері арқылы бала дүниеге келген күннен бастап, қоршаған ортасындағы құндылықтарды игере бастайды. Жақсы мен жаманның, қайырымдылық пен зұлымдықтың ара қатынасын ашып, өзінің рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесін түзеді. Игерілген білім, тәжірибелер оның құндылығына айналып болашақта өз әрекеттерін реттеуде белсенді пайдаланады.
З. Фрейдтің әлеуметтік дамуға енгізген келесі психологиялық механизмдері: имитация (еліктеу), идендификация (ұқсастырылу), ұят және кінә сезімдері.
Имитаця (еліктеу) – баланың қандай да белгілі әрекет-қылық үлгісін саналы қайталауға тырысуы. Мұндай үлгі ата-ана, жақындарының, достарының және т.б. әрекеттері болуы мүмкін. Осы механизм негізінде бала көргендерін, естігендерін ұқсастыра қайталай отырып,болашақта нені айтуға, істеуге болмайды дегендей жақсы мен жаманның ара қатынасын ашады.
Идентификация (ұқсастырылу) бала өзін ата-анасымен, ағайын- туыстарының,достарының ішіндегі өзіне ұнаған адамдармен ұқсастырылу арқылы жақсы (өкінішке орай кейде теріс) әрекет-қылық үлгілерін, олардың бойындағы құндылықтар мен нормаларды қабылдап өзінің меншікті әлеуметтік-психологиялық сапа-қасиеттеріне айналдырады.
З.Фрейдің ойынша, психологиялық ұқсау мен теңестіру ұнамды мінез-құлық үлгілерін қабылдау механизмдері болса, ұят пен кінә – теріс әлеуметтік дамудың механизмдері болып табылады. Бұл екі механизм мағынасы жағынан бір-біріне өте жақын және адамның ішкі мазасыздануы мен өзінің кейбір қылықтарының әшкереленіп қалама деп ұялу, өзін кінәлі сезіну сезімдерімен байланысты. Яғни, ұят, әдетте, адамды масқара, әшкере ету сезімімен бірге жүреді. Бұл сезім баланың өз әрекеттерін басқалардың көзімен бағалауға негізделген. Өзін кінәлі сезіну – баланың өзіндік бағасын төмендетіп, болашақта мектепте нашар оқуына, жігерсіз бала болуына және іштей күйзеліске түсуге әкеледі.
Америка психологы Ч.Кули әлеуметтену үрдісінде баланың өзіндік санасының қалыптасуына оны қоршаған бастапқы әлеуметтік ұжымдардағы өзге адамдардың (ата-аналар, туыстар, көршілер, достар және т.б.) пікірлері мен түсініктерінің маңыздылығына назар аударады.
Қоршаған жақын адамдарының пікірлері бала үшін соншалықты маңызды да мәнді, себебі олардың ықпал-әсері арқасында оның «Мен» бейнесі қалыптасады. Егер отбасында татулық, сыйластық болса, уақыт өте келе бастапқы әлеуметтік ұжымдардағы әлеуметтік ықпалдар мен байланыстардың шеңберінің кеңеюі нәтижесінде субъективті «Мен» нығайып, тұрақтанады, қоршаған адамдар ықпалымен баланың өзін-өзі қадағалау, бақылау қабілеті артады, әлеуметтік нормалары мен құндылық бағдары, әлеуметтік белсенділігі жоғарылайды.
Ч. Кули өз теориясында баланың «Мен» бейнесінің қалыптасуындағы әлеуметтік қарым-қатынастарға үлкен мән беріп, кіші әлеуметтік топтардың (ата-аналар, жақындардың, көршілер және т.б.) ықпалын жоғары бағалаған. Дегенмен, олар бала өміріндегі «Мен» дәрежесінің кемелденуіндегі бастапқы баспалдақтары болып табылады.
Американдық ғалым-психолог Дж.Г. Мид баланың әлеуметтік кемелденуінде әлеуметтік қарым-қатынастардың рөлін ерекше бағалаған. Дж.Мид отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластық болашақтағы үйлесімді әлеуметтік қатынастардың негізі екенін айта келе, ата-ананың балаға айтқан жақсы және жаман сөздерінің бала психикасының, өзін-өзі бағалау деңгейіне ықпалына баса назар аударған. Автор жақсы сөздермен қарым-қатынас жасайтын отбасында тәрбиеленген балалар көңілді, батыл, қиындықтардан қашпайтын, өзіне өзі сенімді болатынын, ал жаман сөздермен атақ тағылған балалар қорқақ, өзіне деген сенімі, бағалауы төмен, жанжал шығаруға жақын тұратынын тәжірибемен дәлелдеген. Осыған байланысты оның «атақ тағу» теориясы жарыққа шыққан. Шынында да біздің қазақтар кейде баласына «жаман бала», «қара бала» деп айтады. Себебін «көз тимесін», «тіл көзден сақтасын» деген түсініктермен байланыстырады. Соңынан сондай сөздерді естіп өскен баладан тәртіпсіз, ата-анасына қайырсыз, ешкімге мейірімі жоқ адам шығады. Еврей халқы балаларын кішкене күнінен бастап «сен ақылдысың», «сен әдемісің деген» сөздермен тәрбиелейді екен. Содан да болар ғылымдағы, өнердегі майталман адамдар сол ұлттың өкілінен шыққан.
Ата-ананың бала тәрбиелеуде оларға әртүрлі өлеңдер айтып, ойындар ойнағанының маңызы зор. Ойын кезінде бала белгілі бір рөлдерді орындайды, туындайтын келіспеушіліктер мен жанжалдық жағдаяттарды баламен талқылай отырып шешкенде оның ақылын, өзіндік санасын дамытады, әлеуметтік тәжірибе жинауға ықпал етеді, келе-келе әлеумет ортасында туындайтын келеңсіз жайларды конструктивті шешуге машықтанады, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды танып біледі, соның негізінде мінез-құлқын, өзінің белсенділіктерін бақылай отырып реттеуді үйренеді.
Орыс педагогы В.Соловейчик өзінің зерттеулерінде қазіргі ата-ананың бала тәрбиесіне тәулігіне 17-20 минут қана уақыт бөлетінін анықтаған. Мұншама аз уақыт ата-анамен баланың арасында түсіністік, сыйластық сезімдерін қалыптастыру үшін өте аз. Сондықтан да болар қазіргі көптеген балалар мен ата-аналар арасында өзара түсіністіктің болмауы.
Бала отбасындағы тәрбие үрдісінде қоғамдық мәдениетті қабылдайды. Ата-анасының үлгі өнегелеріне қарай қарым-қатынас, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау, өзін-өзі жетілдіру мен жүзеге асыруы қалыптасады. Әділдік, әсемдік, сыпайылылық, сыйластық, ар-намыс және абырой сияқты жоғарғы сезімдері байиды. Ол алдына қойған маңызды мақсаттарына қол жеткізу үшін кездескен қиындықтардан қашпай, табандылық көрсетіп, көздегеніне жетеді. Өмірдің сынақтары кезінде күйзеліске түспей, үлкен шыдамдылық пен қайраттылық танытады. Өз табыстары мен ұтылыстарының себебін басқадан көрмей, жауапкершілікті өзіне ала біледі. Күрделі өмір жағдайларында жауапкершілікті жоғары ұстап, тәуекелдікке бел буып, бастаған ісін абыроймен аяғына дейін жеткізеді. Көңіл-күйі тұрақты, әсемдік пен әдемілікке құштар, рухани дүниені сезімталдығымен танып білетін саналылығымен ерекшеленеді. Өз қадір-касиетін құрметтей білумен бірге, үнемі өзіне сырттай көз жіберіп, бағалауға бейім, өзін-өзі шығармашылық жағынан жетілдіріп отырады, қарым-қатынаста орынды әзіл қолданып, сөйлеу мәдениетін танытады.
Отбасында баланың әлеуметтену үрдісінің үш өрісі:
Біріншісі – белсенді іс-әрекет. Баланы еңбек арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Еңбектену кезінде бала адамзат тарихы жасап келген тәжірибені, құндылықтар жүйесін іс-әрекет тәсілдерін игере отырып, сол ортаның белсенді мүшесіне айналады. Осы жағдайда өте маңызды тағы да үш түрлі үрдістер жүзеге асырылады. Біріншіден, әртүрлі іс-әрекет түрлері мен оның формаларының арасындағы байланыстарды игереді. Осыдан туындайтын екінші үрдіс – өзі таңдаған, жетекші іс-әрекетке баса назар аудара отырып, басқаларын соған бағындырады. Үшінші үрдіс, іс-әрекет барысында бала жаңа рөлдерді игереді және олардың маңыздылығын түсінеді. Осының бәрі баланың болашақта өз ісінің шебері болуға, іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасуына тиімді ықпал етеді.
Әлеуметтенудің екінші өрісі – қарым-қатынас. Ата-анамен, отбасы мүшелерінің арасында үйлесімді, өзара түсіністік қарым-қатынас баланың әлеуметтік-психологиялық дамуына ерекше тиімді ықпал етеді. Отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністік ертең ер жеткенде қоғамдық ортадағы адамдармен жайлы қарым-қатынас құруға негіз береді. Ата-ана жас ерекшеліктеріне сәйкес баланы ертерекотбасы шаруашылығына араластара отырып, білмегенін түсіндіре отырып, бірге атқару арқылы танымдық үрдістерінің аумағын кеңейтеді, еңбек сүйгіштікті, еңбек әрекетінде өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас жасау түсініктерін қалыптастырады.
«Қарым-қатынас іс-әрекетпен тығыз байланысты, қарым-қатынассыз іс-әрекетті ұйымдастыру, белгілі бір нәтижеге жету мүмкін емес. Іс-әрекет үстінде қарым-қатынас кеңейіп, мағынасы тереңдейді», – деп есептейді орыс психологы А.Н.Леонтьев. Іс-әрекет негізіндегі қарым-қатынаста тұлғаның өмір тәжірибесі мен білімі, практикалық дағдылары мен біліктілігі, дағдылары мен шеберлігінің арнасы кеңейеді. Эксперименталдық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып Л.Д.Фридман, А.В.Маркова, Л.И.Божович т.б. баланы ерте жастан еңбек тәрбиесінде үйлесімді қарым-қатынас орнатуға баулу, оның әлеуметтік байланыстарының нәтижелі болуына кепілдік береді деп есептеген. Мұны атақты психолог Л.С.Выготский ата-анамен баланың әріптестік, серіктестік әрекеттері арқылы психиканың жоғарғы қызметтерінің оңтайлы қалыптасуы жүзеге асады деген.
Әлеуметтенудің үшінші өрісі – баланың «Мен» бейнесінің қалыптасуы.
Көптеген эксперименттік зерттеулер (лонгитюдті) көрсеткеніндей, адамның «Мен» бейнесі бірден қалыптаспайды, өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады. Адамның өзіндік сана-сезімі оның мінезінде, іс-әрекетінде, қылығында көрініс табады. Жоғарыда айтқандай баланың отбасындағы орны, оғандеген ата-анасыныңмахаббаты үлкен рөл атқарады.
«Мен» құрылымын түсінуде психология ғылымында бірнеше тұрғыдағы көзқарастар бар. Соның ішінде кеңінен тарағаны үш компонентті «Мен» құрылымы: танымдық (баланың өзін-өзі танып түсінуі), эмоциялық (өзін-өзі бағалауы), мінез-құлықтық (өзінің әрекеттеріне сын көзбен қарауы). Баланыңөзіндік санасы – жекеленген сипаттамалар тізімі емес, ол оның өзін біртұтас адам ретінде қабылдауы, түсінуі алынады. Өзіндік сананың екінші бір қасиеті іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы әлеуметтік-психологиялық кемелденуі, әлеуметтік тәжірибелер, білімдер мен құндылықтар жүйесін игеру болып табылады. Бұл қасиеттерге ие болуда отбасы, ата-анасы үлгі-өнеге бола отырып, оның мәдениетті, жауапкершілікті, тәрбиелі, жан-жақты болуына ықпал етеді. Бұл қасиеттер баланың әлеумет ортасымен тығыз қарым-қатынасы негізінде қалыптасады.
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен рөл атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Әлеуметтік-психологиялық жағынан дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер адам туғаннан бастап, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі қасиеті бар адам болмас еді.Баланың психикалық дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және өзінің жеке-даралық дамуына керекті ақпараттарды ортасынан ала отырып, өзінің мінез-құлқын, рухани мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін, интеллектуалдық деңгейін, құндылықтар жүйесінқалыптастырады.Мұны психология ғылымында тұлғаның «Мен концепциясы» деп атайды. Тұлғаның «Мен концепциясы» өмір үрдісінде, өзін қоршаған ортамен тығыз әрекеттесунегізінде пайда болады. Яғни, олөмір бойы өзгеріп, сапасы жағынан байып, толысып отыратын өзіндік қасиеттер жиынтығы. Адамның даму деңгейі жоғары болған сайын оның рухани мәртебелілігі өсіп, қоғамдағы өмірлік әдептерін реттеумен күнделікті өмірде кездесетін қиыншылықтар мен кедергілердің шешімін тиімді әдіс тәсілдерді табу мүмкіндіктерімен көрініс тауып отырады.
Әр адам дара тұлға, ол өзініңдербестігімен ерекшеленеді. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы – рухани дүниесімен айқындалады. Рухани дүние дегеніміз инабат, парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен-шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы оның өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі шығармашылық жетілдіруіментығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет