Ќостанай облысы јкімдігі білім басќармасыныѕ Ы


Оныншы тарауға арналған тест сұрақтары



бет29/33
Дата01.04.2022
өлшемі167,65 Kb.
#137564
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
7 сынып ұбтға дайындық (1)

Оныншы тарауға арналған тест сұрақтары

1.Қасым ханның билігі жүрген жоқ:
A) Қырғыздарға B) Көшпелі өзбектерге C) Үйсіндерге
D) Дулаттарға E) Наймандарға

2.XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан:


A) Саид хан B) Әбілхайыр хан C) Мұхаммед Шайбани D) Әмір Темір E) Ұбайдаллах

3. «Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым-қатынас болмасын» деп жарлық шығарған хан:


A) Мұхаммед Шайбани хан B) Қасым хан C) Жаныш сұлтан
D) Хақназар хан E) Орыс хан

4.Шайбани ханның қазақ даласына жорық жасаған жылдары:


A) 1501,1503,1505 жылдар B) 1503,1505,1506 жылдар
C) 1509,1510,1511 жылдар D) 1510,1511,1512 жылдар
E) 1514,1516,1517 жылдар

5.Шайбани хан ұрпақтарының арасындағы хандық билікке өзара таластың басталуына әсер етті:


A) Шайбанидың әлсіздігі B) Шайбанидың қаза болуы C) Қазақ хандарының күшейуі D) Феодалдық қырқыстар
E) Ішкі талас-тартыстар

6.XVI ғасырдың I жартысындағы Қазақ хандығы тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде белгілі болды:


A) Ресейге B) Орта Азияға C) Орта Азия мен Шығыс Еуропаға D) Шығыс Еуропаға E) Иран шахына

7.Хақназар хан билеген жылдар:


A) 1480-1511 B) 1523-1532 C) 1524-1537 D) 1532-1538 E) 1538-1580

8.XVI ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының күш-қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға:


A) Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы B) Моғол ханын талқандауы
C) Ішкі талас тартыстардың тоқтатылуы D) Өзбек хандығын талқандауы E) Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қадам жасауы

9.Моғолстан ханы Жетісу мен Ыстық көлдің маңындағы жерлерді басып алу үшін Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастаған кезең:


A) XVI ғасырдың I жартысы B) XVI ғасырдың 30 жылдары
C) XVI ғасырдың 50-60 жылдары D) XVI ғасырдың 70 жылдары E) XVII ғасырдың басы

10.XVI ғасырдың II жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға:


A) Ойраттардың тонаушылық жорықтары B) Моғол хандарының жиі шабуылы C) Хақназар ханның қатыгездігі
D) Салықтардың көбеюі E) Шұрайлы жерлерінен айырылуы

11.Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті:


A) Шайбани ұрпақтарының жиі шабуыл жасауы B) Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары
C) Бұхар ханының наразылығы D) Ташкент билеушісі Баба сұлтанның екі жүзді саясаты
E) Өзбек ханы Абдаллахтың күшейуі

12.Баба сұтанның астыртын жіберген адамдарды Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл:


A) 1578 B) 1579 C) 1580 D) 1582 E) 1589

13.Хақназар хан өлгеннен кейін хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі сексенге келген:


A) Шығай хан B) Тәуекел хан C) Есім хан D) Тұрсын хан
E) Тәуке хан

14.Баба сұлтанға қарсы жорықта Шығай хан қайтыс болған жыл:


A) 1581 B) 1582 C) 1583 D) 1584 E) 1585

15.1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:


A) Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам B) Суяб, Ташкент, Түркістан, Отырар C) Қойлық, Үзгент, Сығанақ
D) Суяб, Сығанақ, Ташкент E) Отырар, Сайрам; Сауран

16.Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл:


A) 1588 B) 1590 C) 1596 D) 1598 E) 1599

17.1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар:


A) Моғолстан мен Өзбек хандығы B) Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы C) Ташкент билеушісі мен Қазақ хандығы
D) Шайбани хандығы мен Моғол хандығы E) Қазақ хандығы мен Бұхар хандығы

18.Тәуекел ханның беделін және күш-қуатын арттырған жеңіс:


A) Сыр бойы қалаларын қайтарып алуы B) Ташкент қаласының түбіндегі Абдаллах ханды талқандауы
C) Баба сұлтанды жеңуі D) Түркістан қаласының түбіндегі жеңіс E) Жетісу жерін қайтарып алуы

19.Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесі:


A) Қазақ хандығының жеңілуі B) Сыр бойындағы қалалардан айырылуы C) Қазақ хандығының жеңіске жетіп, Ташкентті қосып алуы D) Сауран, Түркістан, Отрар, Сайрам қалаларын қайтарып алуы E) Қазақ хандығы экономикалық жағынан әлсіреді

20.Есім ханның билік құрған жылдары:


A) 1511-1518 B) 1523-1532 C) 1532-1537 D) 1598-1628 E) 1580-1582

21.XVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан:


A) Есім, Тұрсын B) Тәуекел, Шығай C) Тәуке; Тұрсын
D) Жәңгір, Тәуке E) Хақназар, Тәуекел

22.Есім ханның басты мақсаты:


A) Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыру B) Хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру
C) Билер кеңесін құру D) Сыртқы саясатын нығайту E) Өзбек хандығын талқандау

23.1603 жылы бірінші қазақ-бұхар шайқасы болған жер:


A) Айғыржар B) Самарқан C) Ташкент D) Жаркент E) Аспара

24.Қазақ-бұхар соғысында Есім хан қолданған ұтымды соғыс тәсілі:


A) Шабуыл жасау B) Қорғанысты шайқас C) Партизандық әдіс D) Барлау әдісі E) Окоптық тәсіл

25.Тұрсын сұлтан өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялаған жыл:


A) 1612 B) 1613 C) 1615 D) 1617 E) 1618

26.Тұрсын ханның сенімді тірегі:


A) Саны көп қатаған руы B) Сансыз көп әскер C) Ақсүйектер
D) Жақын туыстары E) Батырлары

27.Тұрсын хан тәуелсіздіктің белгісі ретінде шығарды:


A) Жарлық B) Ақша C) Кітап D) Жинақ E) Заңдар

28.Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты:


A) 1625 B) 1626 C) 1627 D) 1629 E) 1630

29.Тұрсын ханның бүлігі:


A) «Қатаған қырғыны» B) «Қалмақ қырғыны» C) «Найман қырғыны» D) Хан бүлігі E) Қырғыз бүлігі

30.Бұрындық хан билеген жылдар:


A) 1479-1510 жж. B) 1480-1505 жж. C) 1480-1511 жж. D) 1482-1511 жж. E) 1483-1512 жж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет