§ 19 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ
Ірілі –ұсақты 85 мың өзен бар, оның жетеуінің ұзындығы 1000 км –ден асады Олар Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу.Республиканың барлық өзендері 2 алапқа жатады. Солт. Мұзды мұхитының алабы, және ішкі алап (Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі)
Каспий теңізі алабының өзендері Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен өзен, Кіші өзен.
Арал теңізі алабының басты өзендеріне Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас. Арал теңізінде 1100 аралдар тобы болған
Балқаш –Алакөл алабына – Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан.
Каспий теңізі көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша 1- орында . Ол солтүстіктен – оңтүстікке қарай 1200 км – ге созылып жатыр. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалауының 29% Қазақстанға тиесілі.
Ал Арал теңізі Қазақстанда 2 орын, дүние жүзі бойынша 4 – орында.(Каспий, С.Амер – ғы Жоғарғы көл, Афри –ғы Виктория көлінен кейін)
Қазақстанда 48000 нан астам көл, 3000 ға жуық бөген бар.
Көлдер пайда болуы жағынан: Реликті (қалдық), тектоникалық, мұздық, кар, суффузилық, ескі арна көлдері болып алты типке бөлінеді.
Қазақстан мұздықтары. Қазақстанда 2724 мұздық бар. Біздің ең үлкен мұздық Корженевский мұздығы деп аталады. Мұздықтардың 3 типі бар
Тегістелген төбе мұздықтары,
Тау беткейлерінің мұздықтары
Аңғарлық мұздықтар
Достарыңызбен бөлісу: |