Сабақтың тақырыбы : Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң. Сабақтың түрі : Аралас сабақ Сабақтың мақсаты



Дата21.04.2017
өлшемі56,18 Kb.
#14505
түріСабақ
Сабақ жоспары
Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы

Сыныбы: 8 сынып

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Қазақстан мұздықтары және көпжылдық тоң

Және оның түрлері туралы білімін қалыптастыру.



Дамытушылығы: Оқушыларға Қазқастан мұздықтары және көпжылдық тоң олардың типтері туралы білімдерін, қызығушылығын, ой – өрісін толықтырып дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды өз бетімен іздендіруге, еңбекқорлыққа, өз бетімен ойлау

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі

Сабақтың көрнекілігі : Қазақстанның физикалық картасы

Пәнаралық байланыс: Биология, химия.

Сабақтың өтілу барысы

I. Ұйымдастыру ( 2 мин)

  1. Оқушылармен амандасу,

  2. Оқушыларды түгендеу,

  3. Сабаққа деген зейінін аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау ( 13 мин)

  1. Ауызша үй тапсырмасын сұрау.

  2. Қосымша сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтау.

§33.Жер асты сулары.


III. Жаңа сабақты пысықтау ( 20 мин)

Қазақстан өзендерінің негізгі су көздерінің бірі – мұздықтар. Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогін құрастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары шығыс және оңтүстістік – шығыс аймақтарындағы – Алтай, Сауыр жоталары, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау,Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы – 2033,3км². Бұл мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100км³. Ол – Қазақстан жерінде жиналатын өзен аңғарының жылдық мөлшерінен екі есе артық тұщы су қоры.

Мұздықтардың пайда болуы үшін, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және жауын - шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар құрлық бедер пішіндерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мұздықтар қалыптасатын алқап жер бетіндегі ерекше белдемде – хионосферада (грекше – қар қабаты) орналасады, оның төменгі жағы қар сызығы деп аталатын шекарамен шектеледі.

Қазақстан тауларында қар сызығы ауаның құрғақтығы мен климаттың континенттігінен байланысты бір сыпыра биікте жатыр. Қар сызғы оңтүстікте биік болады, солтүстікке қарай едәуір төмендейді. Қар сызығының орташа биіктігі Тянь – Шань тауларында 3800 м-ден, Алтай тауларында 2600м аралығында жатыр. Бір тау жотасының оңтүстік және солтүстік беткейлерінде қар сызығының биіктігі 200 – 400м айырма жасайды. Тіпті бір беткейдің өзінде де батысы мен шығысында қар сызығының биіктігі жүздеген метр биік не төмен болуы мүмкін.

Алтай тауларында қар сызығының орташа биіктігі солтүстік беткейде 2300 – 2800м, оңтүстікте 2500 – 3000м, Сауырда – 3300м. Қар сызығы Жоңғар (Жетісу ) Алатауының солтүстігінде 3300 – 3500 м, оңтүстік беткейде 3300 – 3900м, ал Тянь – Шань тау жүйесінің солтүстік жоталарында, атап айтқанда, Іле Алатауының солтүстік беткейінде ол 3700-3900м биікте, оңтүстікте 3900 – 4200 биікте өтеді.

Мұздықтар тауларда әркелкі орналасқан. Ең көп шоғырланған ауданы Жоңғар (Жетісу) Алатауындағы 1369 мұздықтың ауданы 1000км². Оның 996км² солтүстік беткейде 1009 мұздықтары 857км² жерді алып жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану ауданы 89.6км² жететін 328 мұздық бар. Сауыр жотасында 18 мұздық орналасқан.

Таулы бөлікте мұздықтар типтерінің үш түрлі негізгі топтары бар:


  1. Тегістелеген төбе мұздықтары

  2. Тау беткейлерінің мұздықтары

  3. Аңғарлық мұздықтар

IV. Жаңа сабақты бекіту пысықтау ( 6 минут).

А.

  1. Жер асты сулары тереңдігіне қарай ... болып бөлінеді.

  1. Грунт (еспе), артезиан

  2. Арасан, гейзер

  3. Жылға, грунт

  4. Артезиан, бұлақ

  5. Минералды су, бастау

2. Еспе су таралған тереңдік:

  1. 1-10 м

  2. 3-30 м

  3. 4-25 м

  4. 5-50 м

  5. 6-100 м

3. Қазақстанның тұтас жерасты теңізі бар аймағы:

  1. Сарыарқа

  2. Тұран

  3. Мойынқұм

  4. Торғай

  5. Іле ойысы

4. Қазақстанның мұздық таралған аудандары:

  1. Шығысы мен оңтүстік- шығысы

  2. Орталығы мен шығысы

  3. Солтүстігі мен шығысы

  4. Батысы мен шығысы

  5. Оңтүстік – шығысы мен орталығы

5. Қазақстандағы мұздықтар саны:

  1. 1542

  2. 2724

  3. 1958

  4. 2568

  5. 3012

6. Барлық ауданының 66 %- ын қамтитын мұздық түрі:

  1. Шың мұздары

  2. Беткей мұздықтары

  3. Аңғарлық мұздықтар

  4. Аралық мұздықтар

  5. Көпжылдық мұздықтар

7. Мұздық көп тараған тау:

  1. Алтай

  2. Жетісу (Жоңғар) Алатауы

  3. Тянь- Шань

  4. Сауыр

  5. Орал

8. Ең үлкен мұздық..... орналасқан.

  1. Тянь- Шаньда

  2. Алтайда

  3. Іле Алатауында

  4. Қарқаралыда

  5. Көкшетауда

9. Мұздықтар топтары:

  1. 2

  2. 1

  3. 4

  4. 3

  5. 5

10. Іле Алатауындағы мұздық:

  1. Жеңіс

  2. Фадченко

  3. Корженевский

  4. Хан Тәңірі

  5. Қазбек

1.А 2.В 3.С 4.А 5.В 6.С 7.В 8.С 9.Д 10.С

В.

1. Мұздықтар қалай пайда болады? Қандай типтерін білесіңдер?

2. Көпжылдық тоңның таралған аудандарын атаңдар?

3. Мұздықтардан басталатын қандай өзендерді білесіңдер?



С.

1. Қазіргі мұздықтар таралған аудандарды атаңдар.

2. Мұздықтардың не себептен әр түрлі биіктікте орналасқанын анықтаңдар.

3.Қар сызығының солтүстікке барған сайын төмен орналасуының себебі неде?



V. Үйге тапсырма беру ( 2минут)

1. Ауызша тапсырма. §34. Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң туралы тақырыпты оқып келу. Сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалу.



2. Жазбаша тапсырма. Контур картаға Қазақстан мұздықтарын түсіріп келу.

VI. Оқушы білімін бағалау (2 минут)

Сабаққа қатысуы мен берген жауабын ескере отырып баға қою.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет