І. 8. ЖОСПАДЫ ҚАЛАЙ ҚҰРУ КЕРЕК
А нұсқасы
а) Әр бөлімде кім туралы (немесе не жайында) және не айтылатыны түсінікті болу
үшін жоспардың пунқтерінде негізгі ойларды білдір;
б) Әңгімінің бөлімдерін мағынасына қарай өзара байланыстыр;
в) Жоспардың пукттерін айқын білдір: олар бастауышы, баяндауышы және басқа
сөйлем мүшелері бар сөйлем түрінде құрылуы керек.
Жоспар құрылып болған соң, мәтінді оқып шығып, бірінші пунктте не айтылатынын, екінші пунктте не
айтылатынын және т.с.с. нақтылау қажет. Содан соң оқулықты жауып, жадыңда сақталғанын жоспарға қарап отырып
(оқулыққа емес), дауыстап айтып көру керек. Кейін айтылғанда ұмытылып қалғандарын белгілей отырып, есте қалғандарын
дауыстап қайталап айтып, мәтінді тағы бір оқып шығу қажет.
Б нұсқасы
а. Кіріспені құру
Мәтінде суреттелген оқиға немесе құбылысты анықта. Оның маңыздылығын
айқында.
Тақырыптың бас жағында мазмұндалған сұрақтарды оқы. Болмаса, оларды өзің
құрастыр.
Сұрақтарға сүйене отырып, мәтіннің негізгі мақсатын айқында.
б. Қорытындыны жасау
Қорытындыны мазмұндау алдында, ойыңды тиянақтап, басында қойылған
сұрақтарға жауап бер.
Қорытындыны, мүмкін болса, бір сөйлеммен түйінде.
в. Жоспар құру
Мәтінді бөліктерге бөл (әдетте,әрбір бөлік мәселенің әр қырын көрсеті).
Әр бөлікті нөмірле және әрқайсына тақырып қой (жоспардың бірнеше нұсқасын
жасауға)
Мәтіндегі түйінді толымды мазмұндауға мүмкіндік беретін нұсқаны таңда.
Жоспарды мұқият сарала. Оның мәтінді кіріспеден қорытындыға дейін толық
қамтитындығына көз жеткіз.
І.9. ТҮЙІНДЕМЕНІ (РЕЗЮМЕ) ҚАЛАЙ ҚҰРУ КЕРЕК
а. Мәтінді талдау. Басты идеяларды мазмұндау
Автордың кім екенін, басылым жылын анықта.
Мәтіннің құрылымын анықта: тақырыбы, тақырыпшалар, кіріспе, мазмұны,
қорытындылар
Достарыңызбен бөлісу: |