Отбасы. Сенің отбасың. Қ. Д. Сулейменова



Дата29.06.2017
өлшемі79,45 Kb.
#20547
түріСабақ
Отбасы. Сенің отбасың.

Қ.Д.Сулейменова. А.Косарев атындағы № 9 орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.Степногорск қаласы



Сабақтың мақсаты:Оқушыларға отбасының берекесі- өмір сүру үшін өте қымбат, қажетті, бағалы байлық екендігін түсіндіру.Оқушыларға отбасы туралы түсінігін қалыптастыру, отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға үйрету, әр отбасының өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту, және отбасы мүшелерінің міндеттері мен өзара қарым-қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру.

Дамытушылық:Отбасы берекесін сыни тұрғысында ойлау,сөйлеу шеберліктерін жетілдіру,тіл байлығын, сөздік қорын молайту.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру.Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, мәдени ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, топта жұмыс жасау қабілеттерін, шеберліктерін, пәнге деген қызығушылығын, дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелік:Өз отбасын, туған-туысқандарын сыйлай білуге туған елдаң салт-дәстүрлерін қадірлеп, ұжым намысын қорғауға тәрбиелеу. Балаларды сауаттылыққа, үлкендерді сыйлауға, жинақылыққа, бірін-бірі тыңдауға, қадірлеуге, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа, жан-жақтылық қасиеттерін шыңдау арқылы тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, жұппен жұмыс, топпен жұмыс, мақал-мәтелдер жарысы, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сөзжұмбақ, өлең шумақтары, ребустар, отбасы туралы видео, трек-сызбалар.

Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка, бейнелеу, қазақ тілі, математика.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.а) Оқушыларды сабаққа даярлау

б) Назарларын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру.

Үлкенге де «сіз»,кішіге де «сіз».Сәлем бердік сіздерге құрметпенен біз.



Психологиялық дайындық. Әрбір адам - туысым,досым,жұрағат,

Әрбір сабақ - үйрену, ұгу,ұлағат,

Әрбір сөзің - шындық,бірлік,адамдық,

Әрбір ісің - тілек, тірлік,адалдық.

-Қане,балалар тақтаға қарайық.Сөзжұмбақ жасырылған,шешуін табамыз.

1)Біздің туған жеріміз.

2)Халық қаһарманы..

3)Ең жақсы баға.

4)Анаңның туыстары.

5)Қазақстанның бас қаласы.

6)Қыздарда сіңілі дейді, ұлдарда......















о

т

а

н




б

а

т

ы

р













б

е

с

н

а

ғ

а

ш

ы










а

с

т

а

н

а

қ

а

р

ы

н

д

а

с

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Отбасы». «Сенің отбасың».

Ми шабуылы. Әр оқушы өз түсінігін, пікірін айтады.

- Отбасы деген не?

- Отбасына кімдер жатады?

- Сенің отбасында кімдер бар? Топтастыру стратегиясы.





отбасы

ОТБАСЫ

Ендеше, бүгінгі сыныпты төрт топқа бөлеміз.



1 топ «Ата», ұраны: «Ата- бәйтерек, бала- жапырақ».

2 топ «Әже», ұраны: «Әже көрген –тон пішер, Ата – көрген оқ жонар».

3 топ «Әке», ұраны: «Әке алдында –қызмет, Ана алдында- құрмет».

4 топ «Ана», ұраны: «Ана- үйдің ажары, бала үйдің- базары».

Әр топ өзінің тобын таныстырады, ұранын айтады.Өлең шумақтарын оқиды.



Тақпақтар айтылады: Динмухаммед,Диана,Әйгерім,Даниял,Айдана.

Кіріспе бөлімі. Мұғалімнің сөзі: Сәби дүниеге келген күннен бастап, баланы өсіру,бағып-қағу, кәмелеттік жасқа дейін тәрбиелеп өсіру ата-ананың қасиетті парызы, міндеті. Бұл жөнінде ҚР-ғы баланың құқықтары туралы заңының 24- бабында былай дейді:

«Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтіп бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті.»

Бала болса,ата-анасына құрмет көрсетіп, сыйлап,тілін алып, ізет көрсетіп, әдеп сақтау керек. Баланың міндеті қартайғанда әке- шешесіне қамқор болу,тірек болу.

Ал енді ,балалар, әр топқа тапсырмалар беріледі. Әр топқа дұрыс жауап үшін жұлдызша беріліп отырылады, сабақ аяғында жұлдызшалар саналып баға қойылады.Әр тапсырмаға 3 минут уақыт бөлінеді.



1тапсырма. Шығармашылық тапсырма.Әр топтан спикерлер сөйлейді.

1 топ. Отбасының суретін салу.

2 топ. «5 жолды өлең құрастыру».

3 топ. Отбасы туралы ЭССЕ жазу.

4 топ. Ата-анаға хат жазады.

Ән «Ана» туралы. (топтар дайындалғанша)

2 тапсырма. Мақал –мәтелдер жарысы.Қай топ көп мақал біледі.

3тапсырма.Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.

1 топ. 6 аға бірігіп әке болмас,

7 жеңге бірігіп ана болмас.



2 топ. Атасы тұрып,ұлы сөйлегеннен без,

Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.



3 топ. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

4 топ. Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атаңа ауыр жүк артпа.



4тапсырма. Әр топ дайындалғанша Ән «Анашым».

1 топ. «Ата-ана...» деп бастап, не үшін құрметтеуге лайық екендігін, ата-ананың өз баласы үшін жасайтын жақсылықтары жөнінде жазу.( Мысалы: жарық дүниеге әкелу, аялап өсіру,баласына тек жақсылық ойлау,баласы үшін жанын беруге әзір....)

2 топ. «Ата-анамен қарым-қатынас жасауға болады».Балаларға арналған ескертпе,кеңес дайындау керек.(Мысалы:- Ата-анаңа қарсы сөз айтпа! -Ата-анаңды құрметте! –Ата-анаңды жамандама! –Үнемі көмектесуге тырыс! –ренжітпе, -түсінуге тырыс, - кешірімді бол....)

3топ. «Ата-аналарыңды таң қалдыратындай не істеуге болады.»

4топ. Ата-аналарға тілек білдіру.

5 тапсырма. «Қызықты математикалық есеп».

Үйде қанша кісі?

1) Атам, ағам, әжемнен, 2) Кел, санайық екеуміз

Әкем, інім және мен, Бас бармағым – атам,

Анам және енесі, Балаң үйрегім – апам,

Енесінің бөлесі, Ортан терегім – ағам,

Отыр едік шай ішіп, Шылдыр шүмегім – мен,

Жеңгем кірді майысып, Кішкене бөбегім – сен.

Арқасында кіші інім. Бір үйде біз нешеуміз?

Саны қанша айта ғой, Бір үйде біз........

Үйдегі бар кісінің? (11) 3)7 атаны атау. 1оқушы өзінің жеті атасын атайды



6 тапсырма. «Туған- туысқандарды» атау.Қазақтарда қандай жұрты бар?

1 топ. Өз жұрты дегенді қалай түсінесің,оған кімдер жатады?

2топ. Нағашы жұрт дегенді қалай түсінесің,оған кімдер жатады?

3топ. Қайын жұрт дегенді қалай түсінесің,оған кімдер жатады?

4 топ. Отағасы деген кім?

7тапсырма.Отбасы туралы дайындаған видеоны көрсету.

Қорытындылау:

1.Отбасы мүшелерін ата.

2.Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?

3.Ата-анаң қайда жұмыс істейді?



Біз не білдік?

*Ата, әже –отбасы тірегі, оларды сыйлау керек.

*Ата, әже, әке, ана, ұл, қыз – бәрін отбасы дейміз.

Қорытынды сөз. Отбасы – әр адамның шағын Отаны.

Отбасы – шағын мемлекет.

** Шығармашылық тапсырма.Жасырылған өлең шумағын оқы.

Үйге тапсырма.1.Мәтінді оқып,мазмұнын айту.

2. «Менің отбасым» тақырыбына сурет салу.



Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет