Отчет по педагогической практике студентки группы рялш-42 образовательной программы



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата04.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#178227
түріОтчет
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Зарипова Ж.Г.рялш-42 отчет
рнк
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Наурыз- жыл басы» 
Мақсаты:
Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік 
беру. 
Дамытушылық:
қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу 
шеберліктерін жетілдіру. Өлең, мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз 
ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәрбиелік : халқымыздың салт – дәстүрін 
бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелей 
отырып, қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге 
тәрбиелеу. 
Көрнекілігі:
интерактивтік тақта, нақыл сөздер, қазақтың салт - дәстүрлері туралы 
суреттер. 
Шаттық шеңбер:
( Балалар ортаға шығып, шеңбер жасайды. Көктемге ризашылықтарын 
білдіріп, өлең жолдарын айтады.) 
Көктем келді, шуақты, 
Балаларды қуантты. 
Алақай-ау, алақай, 
Көктем қандай, көктем қандай көңілді! 
Тәрбиеші:
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар. 


Көктем шуағы мол, адам баласына мол ырыс-құт әкелетін мезгіл. Көктемде мал төлдеп, 
адамның аузы аққа тиетін, жерге егін егіліп, диқаншылардың жүздеріне шуақ кіретін, 
үлкен-кіші шаттанып қуанатын мезгіл. Бұл мезгілде аспандағы күннің шуағы молайып, 
жердегі қарды ерітіп, жер дүр сілкініп, көгере бастайды. Міне, осындай керемет көктемді 
мұсылман халықтары «жыл басы» деп санаған. Бұл күндері бар адамзат пен бірге 
табиғатта «наурыз» тойын тойлайды. Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл 
мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. 
Жаңа күн дегеніміз-адамдардың өткен жылдағы өкпе реніші басылып, жаңа күнді қайта 
бастауы. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. 
атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күні не сәйкес келеді. 
- осы күні таңертең ата, ағаларымыз қолдарына күрек. Ал аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, 
піскен ет алып далаға шығады. 
- Бұлақ көрсең көзін- аш- деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашады. 
Бір тал кесең, он тал ек- дескен қариялар бұлақбасына тал егеді. Ал әйелдер атып келе 
жатқан Күнге тәу етіп, “Армысың қайрымды Күн-Ана!”, - деп иіліп сәлем береді және 
кеудесі түкті жер- Ана, құт дарыт, жарылқа!- деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа 
егілген ағаштарға ақ бүркеді екен, міне осындай игі дәстүріміз бар. (слайд көрсету) 
Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген 
ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген- деп слайдтарды көрсету 
-Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурыз-көже – мейрамның, көктем 
келгендігінің белгісі. 
Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл 
бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар деп наурыз көже туралы түсінік беру.( слайд 
арқылы) 
Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы 
кішілерге беретін ықыласты тілегі. 
Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата беред, 
жәнеде ұзақ сапарға шығар кезде үлкен кісілерден бата сұраймыз. Олар бізге «Жол 
болсын», «Жолың ақ болсын», «Жолың ашық болсын» деген ықыласты, ізгі тілектерін 
айтып, бізге бата берген.Үлкендерге көмектесіп, көмек көрсетсек, ол кісілер батасын 
берген. Мұндай бата алу игі іс болып табылады.Міне , «Жаңбыр менен жер көгерер, Бата 
менен ел көгерер» деген нақыл сөз осыдан қалған деседі. (слайд көрсету) 
Наурыз тойы басталғанда, ауыл бойжеткендері жігіттерге арнап, соғымның етін уызға 
салып пісіріп, «ұйқы ашар» деп аталатын ерекше дәм дайындаған екен. Ал, Наурыз 
келгенде жігіттер көңілі ұнатқан бойжеткендерге айна, тарақ, иіссу сияқты сыйлықтар 
ұсынған. Бұл сыйлықтардың аты – «селтеткізер», «діреткізер» деп аталған деп слайдтағы 
суретін көрсету. 
Бұл мерекені ел болып, ауыл болып тойлаған қазақ елі екі ауыл жастары бір-бірімен 
айтысып жатса, балалары ұлттық ойындар ойнаған Мереке қызған кезде жастар алтыбақан 
жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" 
«Алтыбақан тебу» ойындары аса бір қуанышпен өтетін. (слайд көрсету) 


Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық. (Слайд көрсету) «Қыз таңдау», «Қыз айттыру», 
«Қыз ұзату», «Беташар» т.б көптеген салт- дәстүрлеріміз бар деп, «Бесікке салу» салтын 
көрсету. Көрініс. (ата-аналар сәбиді қалай бесікке сау керектігі жайлы айтып, балаларға 
көрсетеді) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет