Өткізген: Хайруллина Н. Б. химия пәні мұғалімі 2015-2016 оқу жылы



Дата09.08.2017
өлшемі65,42 Kb.
#23272
түріСабақ
«Жүзағаш орта мектеп-бақшасы» КММ

Көмірсулар. Жіктелуі, биологиялық маңызы.

11 сынып


Өткізген: Хайруллина Н.Б.

химия пәні мұғалімі


2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар. Жіктелуі, биологиялық маңызы.


Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Көмірсулардың жіктелуі, табиғатта түзілуі,биологиялық маңызы туралы түсінік беру және білімдерін кеңейту; . Көмірсулар туралы білім қажеттілігін қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, ой өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды сабақтың мазмұнына бойынша алғырттыққа, өз бетінше ізденуге, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жарыс сабақ

Сабақ типі: жаңа сабақ


Сабақ әдісі: ақпаратты - комплексті, түсіндірмелі - эвристикалық, сұрақ – жауап, интерактивті оқыту әдісі
Құрал – жабдықтар: тақырыптық слайд, суреттер

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3. Есептер шығару.
4. Жаңа сабақ.

5. Үйге тапсырма беру.

6. Бағалау
Күтілетін нәтиже:

Көмірсулардың молекулалық құрылысын және оның көпатомды спирттерге тән қасиеттерін сипаттай алады.


Есептер мен жаттығуларды өз бетімен орындай алады.

Танымпаздық іс - әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады.


1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Ой шақыру.»

Аталған заттардың қасиеттері ішінен дұрыс тұжырымдаманы


«иә» және «жоқ» деген жауаптармен көрсетіңіз:

«Күрделі эфирлер мен сабындар» тақырыбына (ия немесе жоқ деп жауап беріледі)



  1. Жоғары карбон қышқылдарының тұздары-сабын.

  2. Күрделі эфирлер карбон қышқылдарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі.

  3. Май қатты және сұйық болып бөлінеді.

  4. Кермек суда сабын « іріп кетеді» де, кір жақсы ашылады.

  5. СЖЗ алкилсульфаттардың калий тұздарынан тұрады.

  6. СЖЗ кір алғыштығы сабыннан жоғары.

  7. Сабын суда жақсы ериді.

  8. СЖЗ өте баяу айырылады.

  9. СЖЗ табиғатқа, қорщаған ортаға, тірі организмдерге зиянды.

1-ия 2- жоқ 3- ия 4 – жоқ 5 – жоқ 6- ия 7 – жоқ 8 – ия 9 - ия

Сабын құрамында 16-18 көміртек атомдары бар жоғары карбон қышқылдарының карбоксил тобындағы сутек атомының орнын металл атомы басқан туындысы. Сабындар қатты және сұйық болады. Қатты сабынның құрамына натрий, ал сұйық сабынның құрамына калий атомдары кіреді.


СЖЗ- құрамы күрделі синтетикалық қосылыстар. Сабыннан артықшылығы кальцийлі тұздары да суда жақсы ериді, сәйкесінше кір алғыштық қасиеті кермек суда жоғары болады.

ВЕНН диаграммасы

(сабын мен СЖЗ қасиеттерін салыстыру)
Анализ және синтез.

Есеп №1 Триолеат гидрлеуге көлемі 336 л (қ.ж.) сутек жұмсалады.Гидролизденген майдың массасын есептеңдер. Жауабы: 4420 г


Есеп № 2 Сілтінің қатысында пальмитинстеараттың сабындану реакциясын жазыңдар. Түзілген заттарды атаңдар.

«Артық болмас білгенің»

Біздің ата-бабаларымыз да сабынды ерте кезден ақ қолдан қайнатып жасап шығару тәсілдерін білген.Солардың бір түрі. Қазақтардың негізгі күнкөріс тіршіліктері малмен тығыз байланысты болғанын бәріміз білерміз деп ойлаймын.Малдың жүнін,етін,сүтін ең аржағы тезегін де тұрмыс қажеттілігіне пайдаланған. Соның бірі,түкке аспайды ау деп ойлауға болатын кәдімгі мүжіп тасталған сүйек.Малдың жілік сүйектерін жинап қазанға салып асықпай қайнататын болған.Сүйек қайнап жатқанда алдын ала жинап кептіріп қойған  алабота шөбін өртеу арқылы  күлін жинайды.Қазандағы сүйектің майы әбден шығып сарқылғанда сүйектерін сүзіп алып тастап,дайын алабота күлін 1/1салып әбден қоюланғанша  оқтаумен бұлғап отырып қайнатады. Қайнап-қайнап суы сарқылып қою қоймыжыққа айналғанда қазанды оттан алып салқындатады да сабынның формасына келтіріп жасайтын болған.Мысалы,екі алақанның ортасына қысып сопақша сабын жасағанда оның атын "алқынды"сабын деп атаған.Кесеге салып нығыздап түсіріп алған сабынды "бұзаубас"сабын деп атаған.Бұл сабындардың бір ерекшелігі кірді жақсы ашатындығы және көпке жететіндігі болған.
Жаңа сабақ: Білу және түсіну:

Көмірсулар –көміртегі және су молекуласынан тұрады. Сn(H2O)m Табиғатта түзілуі:

1. Фотосинтез реакциясы

6СО2 + 6Н2О → C6Н12O6 + 6О2





Пентозаның өсімдіктер өсімдіктер мен жануарлар жасушасында кеңінен таралған түрлері-рибоза және дезоксирибоза.Нуклеин қышқылдарының дезоксирибонуклеин және рибонуклеин қышқылдары деп аталуының өзі осы пентозаның түрлеріне байланысты.

Табиғатта гексоза кеңінен таралған.Оларға глюкоза ,фруктоза және галактоза жатады.Гексоза тобына жататын моносахаридтердің ішіндегі ең көп таралған –глюкоза.Жүзім қанаты-глюкоза бос күйінде өсімдіктің жемісінде,гүлінде және т.б мүшелерінде,қанда,миұлпасында және т.б. болады.Ол организмдегі энергияның негізгі көзі болып есептеледі.Глюкоза-қан плазмасының тұрақты заты.Глюкоза жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің жұмысын реттеуге қатысады.

Фруктоза да табиғатта көп таралған.Ол жеміс шырынында,балда және қант қызылшасының құрамында көп мөлшерде болады.

Галактоза-глюкозаның изомері.Ол сүт қантының-лактозаның және кейбір полисахаридтердің құрамына енеді.Галактоза бауыр және кейбір мүшелерде ферменттердің әсерінен глюкозаға айналады.

Моносахаридтер-суда жақсы еритін,тәтті дәмі бар,түссіз заттар.Олардың мономер бунақтары артқан сайын ерігіштігі нашарлап,тәттілігі кемиді.



Сахароза- дисахаридтердің ең маңыздысы.Ол өсімдіктердің тұқымында,жемісінде,тамырында көп мөлшерде болады.

Крахмал-өсімдіктердің жапырағында,сабағында,түйнегі мен тұқымдарында көп мөлшерде болады.Бидайұнында 75-80%,картопта 25% крахмал бар.

Целлюлоза-өсімдіктердің жасушаларының қабығының негізгі құрамды бөлігі.Мақта талшағының 95-98%,ағаш сүрегінен 40-50%-ы,жасыл жапырақтың 10-25%-ы целлюлозадан тұрады.

Өсімдіктерге беріктік, тірек қасиетін беретін талшықтар целлюлозадан тұрады.

Глюкозаның ,биологиялық маңызы
Глюкоза адам организмінде зат алмасу процесіне қатысады. Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында глюкозаға ыдырайды. Адам организмінде глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады. Тірі организм клеткаларында глюкоза оттекпен бірнеше саты арқылы біртіндеп тотығады.
Көмірсулар тез ыдырап, организмді тез арада қажет болатын энергиямен қамтамасыз етеді. Ас қорыту каналында полисахариттер моносахариттерге дейін ыдырап, ішек бүрлерінің капилляраларындағы қанға өтеді. Егер қанттың қандағы мөлшері азайса (гипогликемия) организм шаршап, бас айналып, көз қарауытады. Бұл жағдайда қанға немесе тері астына глюкозаның ерітіндісін жіберсе, не кәдімгі қант жесе, аз уақыттың ішінде - ақ гипогликемиялық шок деп аталатын жоғарыда аталған жағдайдың барлығы жойылады.

Химиялық диктант (1 балл)


1. Глюкозаның карбон қышқылдарымен әрекеттесіп күрделі эфир түзу реакциясы құрамындағы .........................................топтың болуына байланысты
2. ДНК құрамында болатын көмірсу........................................................................
3. Фруктоза молекуласының құрамында болатын функционалды топ ........................................................................................................................................
4. РНК молекуласының құрамына енетін көмірсу .......................................
БББ кестесі (оқушылар тақтаға сызады)

Білемін

Білгім келеді

Білдім

Бағалау: Балды бағаға ауыстыру шкаласы

10 балдық жүйе 5 балдық жүйе



1 балл 1
2-3 балл 2
4-5 балл 3
6-7 балл 4
8-10 балл 5
Үйге тапсырма: VІІ тарау. Көмірсулар.Жіктелуі, биологиялық маңызы.
Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 04f1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04f1 -> Сабақтың тақырыбы : Сапар мен парта. Адырбек Сопыбеков м ақсаты : Адырбек Сопыбеков өмірімен таныстыру
04f1 -> Қорытынды кештің тақырыбы: «Жер –Ана бізде қонақта» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет