ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану»



бет8/37
Дата17.03.2017
өлшемі2,06 Mb.
#11663
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Готика кезеңінің әдебиетінде ваганттар поэзиясы ерекше орын алады, бұл поэзияны таратушылар кезбе студенттер болды. Олардың еркін ойлы поэзиясы орта ғасырдың аскетикалық (тақуа) идеалдарынан алыс болды; ваганттар таза ақсүйек әдебиетін құру жолымен жүрді. Олар уайым-қайғысыз салтанат өмірді әндеріне қосты: «Барлық білгірлікті, оқуды тастап, жастық шақта рахат алу – біздің міндетіміз…». Олардың поэзиясында сатиралық антиклерикальды нота басым болды. Кейде ваганттардың өлеңдерінде баспанасыз, тапшылық өмірге деген наразылықтары да болды. «Пайдасыз өмір, сауық-сайран үшін емес, мен оқуды қайыршылықтан тастадым».
ХІ-ХІІ ғ.ғ. батырлар эпосы жазылды, бұл осы уақытқа дейін ауызша дәстүрде ғана беріліп келген. Халық ертегілерінің қаһармандары әдетте өз елі мен халқын қорғаған жауынгерлер болды; эпикалық аңыздарда ерлік, күш, адалдық, қаһармандық дәріптелді. Француз эпосының ең зор ескерткіші - «Роланда туралы жыр», оның кейіпкері патриот Роланд болып табылады, оның өмірлік мақсаты император мен «сүйікті Францияға» қызмет ету. Немістің батырлар жырының ірі ескерткіші – «Нибелунгтар туралы жыр». Эпостың негізі «ұлы қоныс аудару» кезіндегі ежелгі неміс аңыздары, бірақ жырдың барлық сипаты ХІІ ғ. феодалды рыцарьлық Германиямен байланысты. Осы кезде «Беовульф» ағылшын батырлар эпосы және «Үлкен Эдда» скандинавиялық эпикалық мұрасының ескерткіші өмірге келеді.
Шығыста, Византияда христиан шіркеуі күшті империялық билікке тәуелді болды. Византия императорлары V ғ. бастап шіркеу өмірінде маңызды роль атқарды; тіпті шіркеу соборларын шақыру құқығын да император шешті, ол қатысушылар құрамын анықтап, олардың қаулыларын бекітті. Батыста шіркеу мемлекетке бағынбағандығымен қатар ерекше орынға да ие болды. Рим папасы маңызды саяси фигура да болды. Батыс пен Шығыс шіркеулерінің арасында қарама-қайшылықтар пайда болып, уақыт өте келе принциптік сипатқа ие болып, тереңдей берді. ІХ ғ. ортасында филиоква (филоква) – католик шіркеуінің Қасиетті Рухтың Құдай-әкеден ғана емес (Шығыс шіркеудің позициясы), Құдай-ұлдан (Батыс шіркеудің позициясы) шығуы туралы дауы болды. 1054 ж. шіркеулер бір-бірінен толық тәуелсіздігін жариялаған кезде біржолата бір-бірінен қол үзді.
Ерте ортағасырлық кезеңге ересейлердің – христиан шіркеуінің негізгі постулаттарына қайшы келетін ерекше ілімдердің пайда болуы жатады. Олардың әр түрлі идеялары болды. Олармен күрес жолының бірі инквизиция – католик шіркеуі құрған сот-полицей мекемесі болды, ол ХІІІ ғ. үнемі шіркеуі соты ретінде жұмыс жасады. Инквизицияның ресми құрылған жылы және бірінші инквизициялық процесс жылы 1229 жыл саналады.
Орта ғасырлар – эллиндік – классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды.
Бастапқы орта ғасырлар кезеңінде батыс еуропалықтар Рим империясының мемлекеттік дініне айналған христиан дінін қабылдады. Батыс Еуропа ғалымдары ежелгі гректер мен эллиндік философтардың, әсіресе Аристотельдің ғылыми еңбектерімен танысуы – ғылым жолындағы табанды ізденістердің бастамасы болды.
Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі – мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында.
Ортағасырлық мәдениет- халықтық сипатта болды, халықтың ой- арманын нақты бейнелеуге тырысты.
Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі ұлы мәдени қозғалысты – Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияны қамтиды.
Еуропа үшін Жаңа заман (ХVІІ-ХІХ ғ.) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. ХVІІғ. –Рационализмнің туып, қалыптасу кезеңі болса, ХVІІІ ғ.- Ағартушылық ғасыры, ал ХІХ ғ – Классика ғасыры болды.
Жаңа заман мәденитінде ХІХ ғ. мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1. Жаңа заман кезеңіне тән ерекшеліктерді ата?
2. Қайта өркендеу дәуірі қай уақыт, ерекшелігі?
3. Ренессанс өкілдерін ата?
4 . Реформация дәуірінің маңызы қандай?
5. Ағартушылық қай елден бастау алды?
6. Өнердегі негізгі ағымдарды ата?
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
«Романдық бастау», христиан діні, «Роланд туралы жыр», схоластика, ренессанс, инквизиция, «Жеті еркін өнер», индульгенция, ваганттар, «Екінші Рим», «романдық стиль», готикалық стиль, Ренессанс, реформация,гуманизм, буржуазия, «Моно Лиза», «Сикст мадоннасы», «Утопия», католиктік, протестанттық, рационализм, ағартушылық, революция, барокко, рококо, романтизм, реализм, символизм,декаданс, позитивизм, импрессионизм, прогресс,
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық араб парсы мәдениеті.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.

№6- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық араб парсы мәдениеті.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Мәдениеттің барлық салаларына әсер еткен мұсылмандық дәстүрдің маңызы туралы;Ислам дінінің шығу тарихына шолу жасау, діннің ерекшеліктеріне тоқталу;Мұсылман әлеміндегі білім беру жүйесі және ғылымның дамуы туралы;Ислам діні басқа діндерге қарағанда өзіндік идеялық, формалық және жора- рәсімдік ерекшеліктермен дараланады, осы тұрғыдан алғанда, мұсылман елдеріндегі ойлау еркіндігі, адам бостандығы сияқты құндылықтарға баға берілуі қажет;Ұлы ғалымдар мен философтардың қоғам өміріндегі белсенді рөлі, ірі қалалардағы кітапханалар мен оқу орындарының жұмысы туралы айту;Поэзия және музыка, әлеуметтік және жаралытыстану ғылымдарының дамуына мемлекеттік билеушілер тарапынан жасалған қамқорлық жайында, мұсылман әлемінің әлемдік мәдениетке қосқан ғаламдық маңызына баса назар аудару қажет;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет