Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»



бет33/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   303
Байланысты:
vdm mpd kz

ІV) Иллюстрациялы материалдар: берілген
V) Әдебиет:
негізгі:
қосымша:
VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Тыныс алу мүшелері ауруларына жататын қандай шағымдар бар?

  2. Көкірек қуысы клеткасының патологиялық түрлерін атап шығыңыз.

  3. Негізгі тыныс шуылдарын атаңыз.

  4. Қосымша тыныс шуылдарын атаңыз.

4


І) Тақырыбы: Жүрек-қантамыр жүйесі зақымдануының семиотикасы және зерттеу әдістері.


ІІ) Мақсаты: Жүрек-қантамыр жүйесі зақымдануының семиотикасы және зерттеу әдістерін үйрену.


ІІІ) Дәріс тезистері:
Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар науқастарды сұрастыру.
Жүрек патологиялары бар науқастардың негізгі шағымдары: ентігу, жүрек тұсының ауырсынуы, жүрек қағуы, жүректің дүрсілдеуі, ісіну, жөтел, қан түкіру, бас ауыру, бас айналу.
Ентігу (dyspnoe) – жүрек ауруының жиі кездесетін себептерінің бірі. Бұл қанайналым қызметінің жетіспеушілігін көрсететін бірден бір белгі болып есептеледі. Ентігуге қарап жүрек қызметі жетіспеушілігінің шамасын анықтауға болады. Жүрек ауруының бастапқы сатысында ентігу тек ағзаға физикалық күш түскенде ғана білінеді. Кейінірек ол сөйлесу кезінде, ас ішкеннен кейін де, жүрген кезде де біліне бастайды. Ал асқынған жүрек ауруларында ентігу орталығын қоздыратын бірнеше себеп-шарттарға байланысты өрбиді. Ентігу кезінде тұншығу пайда болуы мүмкін, мұны жүрек демікпесі деп те атайды. Бұл ұстама тыныштық күйде де, физикалық және эмоционалдық күш түскеннен кейін де пайда болады, сол сияқты ол ұйықтаған кезде де болуы мүмкін. Бұл кезде кейде көбінесе қан аралас көбікті қақырық түскені байқалады.
Жүрек тұсындағы ауыруын жүреі ауыратын науқастар шағымының маңызды түрі. Ауыру көп жағдайда жүректің тәж артерияларының қан айналымының жіті жетіспеушілігі кезінде туады, кейін миокардтың ишемиялық ауруына душар етеді. Бұл стенокардия синдромын құрайды. Оның сипаты өткір, тұйық шаншып ауыру, төс артында ауырлық немесе қысу сезімі, төс ұшы аймағы ауыруы, көбіне физикалық күш түскенде, кейде тыныштық күйде де дамиды.
Ауыру әдетте төс астынан не одан біршама солға қарай және көп жағдайда сол жақ жауырын астына беріледі. Ауырғаны мойынға, иекке немесе сол жақ қолға да берілуі мүмкін. Стенокардиядағы ауырсыну нитроглицерин қабылдағанда немесе физикалық күшті тоқтатқанда басылады.
Ауырсыну басқа себептеріне жүрек аймағындағы миокардта, перикардта, тәж тамырларында қабыну үдерістерінің болуы да тудыруы мүмкін.
Жүректің қағуы ауру адамның жүрегінің дүрсілі күшейіп, дүмпуі жиілейді. Ол жүрек қызметін реттейтін нерв жүйесінің жоғарғы дәрежеде қозуына байланысты өрбиді. Жүрек дүрсілінің күшеюі (миокардит, миокард инфаркті, жүрек ақауы кезіндегі) жүрек бұлшықеті зақымдалуының белгісі болып табылады. Жүрек ауруларының ауыр түрімен ауыратын адамдарда әрдайым жүрек дүрсілі байқалады, ол әсіресе пароксизмалды тахикардия кезінде ұстамалы түрде білінеді. Кейде науқастар жүректің ауытқуын, оның тоқтап қалғаны сияқты сезеді.
Қарау. Ауру адамның жалпы сыртқы түріне, төсектегі қалпына, терісі мен көрінетін кілегей қабаттарының түсіне қарайды. Осы кезде цианоз бар ма жоқ па анықталады. Жүрек аурулары бар науқастарда шеткері цианоз, яғни акроцианозды (мұрын ұшы, құлақ қалқаны, еріндері, тілі, саусақтардың тырнақты фалангалары) жиі байқаймыз. Митралды стенозы бар науқастарда бозарған беттегі цианоздық реңді қызару байқалады ("facІ)es mІ)tralІ)s").
Мойын аймағын қарағанда тамырлар жағдайына көңіл аударған жөн. Дені сау адамдарда ұйқы артериясының тек болмашы ғана пульсациясын байқаймыз. Қолқа қақпағының жеткіліксіздігінде бұл пульсация өте байқалады және «каротидтер биі» деген атқа ие. Оңқарыншалық жеткіліксіздігі бар, үшжармалы қақпақтың зақымдалуымен жүретін науқастарда мойын көктамырларының ісінуі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет