ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы»



бет42/67
Дата27.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#182753
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67
Байланысты:
Қазақстан-тарихы-Стом-3-курс

VІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. ( 6%)
а)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті
VІІ. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
Үй тапсырмасы: Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы. Кіші жүздің Ресейге бодандығы. Әбілқайыр ханның саясаты.
VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )
мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
Жаңа реформаны әзірлеу либерал қайраткер граф М.М.Сперанский ге жүктелді. Ол аз зерттелген аудандарды неғұрлым толық зерттеу және жинақтап көрсету үшін «Сібір жерлерін мәлім етуді» ұсынды. Бұл жазбаны жасауға болашақ декабрист Г.С.Батюшков белсене қатысты. Сонымен бірге ол Сібірді басқару турылы заң жобалырына бірқатар қосымша, түсіндірмелік бөлімдер: құрғақтағы жол қатынаста-ры, этаптар құру, жер аударылған «бұратаналар», «Орта Орда даласына» орыс билігін тарату бөлімдерін әзірледі. Бұл жаңалықтар сақталып қалған жергілікті басқару жүйесін жоққа шығарып, шексіз-шетсіз дала құрылысын ресейлік губерниялық басқаруға біршама жақындатуға тиіс болды.
1822 жылғы 22 маусымда патша «Сібір губернияларына арналған мекемелер», «Бұратаналарды» басқару туралы жарғы», «Қырғыз-қайсақтарды» басқару туралы жарғы», Этаптар туралы жарғы, Жер міндеткерлігі туралы ережелер, Астық қорлары, шаруалар мен «бұратаналар арасындағы борышкерлік міндеттемелер туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.
«Сібір...мекемелеріне» сәйкес, азиялық Ресей 2 генерал-губернаторлыққа: орталығы Тобол болған Батыс Сібір, орталығы Иркутск болған Шығыс Сібір генерал-губернаторлықтарына бөлінді. Біріншісіне Тобыл, Томск губерниялары мен Омбы облысы жатқызылды. Ресей бодандығында болған Орта жүз аудандары 1838 жылы Батыс Сібір қазақтары шекаралық басқару құрылғанға дейін Омбы облысына бағынып келген сыртқы округтерден құралды.
Өзгерістер қазақ руларының әкімшілік-аумақтық құрылымдарына қатысты болды: даладағы жаңа үштаған – округ, болыс, ауыл бұрынғы рулық басқару жүйесін іс жузінде жоқ етіп жіберуге тиіс еді. Ауыл 50-70 шаңырақ, болыс –10-12 ауыл, округ – 15-20 болысқа дейін белгіленді.
Ауылдарды– ауыл старшындары, болыстарды – болыс сұлтандары, округтерді аға сұлтандар ( ел билеушілері) басқаратын болды. Бұл өзгерістер ерте кездерден бері әкімшілік басында болған Шыңғыс ұрпақтарының ықпалын әлсіретуге тиіс болатын; сонымен бірге болыстарды басқармайтын сұлтандар бұрынғы сословиелік артықшылығын сақтап қалды, дегенмен олардың округ бөлімшелерін басқару ісіне «араласуына» қатаң тыйым салынды.
Аға сұлтандарға зор құқықтар берілді, оның басшылығымен округтік приказда өткізілетін отырыстарға облыстық бастық тағайындайтын ресейлік екі заседатель және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиіс болды.
Үкіметтің жергілікті номадтар жөніндегі саясатында оларды егіншілік ке ынталандыру, «бақташылық өмірді» жою, олардың жер жыртуға көшуін көтермелеу маңызды бағыт болды.
Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Рас, бұл орайда М. Сперанский мен оның төңірегіндегілер әдейі бес-жылдық жеңілдік белгіледі немесе көшпелі халықтың барлық санат-тарын барлық алымдардан босатты; мұндай бетбұрыс бұрынғы феодалдық жүйе бойынша міндеткерлік атқаруға: көшпелі аудандарда зекет пен соғым, егіншілікті аудандарда ұшыр төлеуге дағдыланған халық наразылығының алдын алуға ұмтылысқа байланысты болды.

Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар туғызды. Патша өкіметінің бұған белгілі дәрежеде мүдделі болуын экономикалық факторлармен қоса, оның көшпелілер арасында өзінің саяси ықпалын нығайту ниетімен түсіндіру керек.
XlX ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды әскери отарлаудың шешуші кезеңі болды. Ресейдің қазақ даласына жүз жылдан астам уақытқа созылған өлкедегі, оңтүстік аймақтарды қоспағанда, өлкенің барлық дерлік аумағының империя құрамына қосылуына әкеп соқты.
Хан билігі жойылғаннан кейін Қазақстанның Ресейге бағынышты аймақтарында Ресейдің саяси-әкімшілік жүйесін енгізуге нақты мүмкіндік туды. Мұнда жаңа аумақтық құрылыс енгізіліп, соған орайластырылып, бүкіл Ресей империясындағыға ұқсас басқару органдары құрылды.
ХІХ ғасырдың 30-жылдарында үкімет билікті одан әрі орталықтандыруға және жергілікті органдарға бақылауды күшейтуге күш салды. Сенатқа жарлық түрінде 1838 жылғы 6 сәуірде қабылданған «Сібір қазақтарын жеке басқару туралы ережеде» 1822 жылы мемлекеттік құрылысты «сібір қазақтары арасына біртіндеп енгізу» үшін құрылған Омбы облысының өз рөлін орындағаны айтылды. Енді «Сібір қазақтарын шекаралық басқару деген атаумен жеке басқару құрылатыны» жарияланды. Оның орталығы, енді Тобыл губерниясының құрамына кірген Омбы қаласында болды.
1854 жылғы 19 мамырда қабылданған «Сібір комитетінің сібір қазақтарына империяның жалпы заңдарын тарату туралы ережесі» жергілікті ұйымдардың жұмыс істеуіне одан әрі өзгерістер енгізді. «Ереже» Сібір ведомствосында жалпы ресейлік заңдардың орныққанын жариялады. Мәселен, билер сотының қызметі едәуір қысқартылып, оған қарама-қарсы округтік приказдар әрекетінің сот саласы кеңейтілді. Би атағы сол қызметті атқарып келгендер үшін сақталды, бірақ болашақта ол «тек сұлтандарға, кемінде алты жыл қызмет еткен ауыл старшындарына және жалпы алғанда асқан мархабатпен бір нәрсемен марапатталған немесе қандай да бір қызмет атқарған адамдарға» беріле алатын болды. Егер бұрын 1822 жылғы Жарлық бойынша би деп осы атақты шын мәнінде халықтан алуға лайықты адамдар танылса, енді оларды қауым сайлағанымен, бұл атаққа түпкілікті тағайындау округтік приказдың құзырында болды. Осы арқылы патша өкіметі қазақ қоғамындағы ежелден келе жатқан дәстүрлі жергілікті басқару институттарын бақылауға алуға ұмтылды.
Сібірдің басқару жүйесіне қарама-қарсы әкімшілік-аумақтық құрыл-ыс Орынбор өлкесінде басқаша жүргізілді. Қазақстанның батыс аймақтарының әскери-стратегиялық маңызы Орынбор өкімет орындары ішкі саясатының жазалау, қуғындау шаралары басым неғұрлым қатаң жүргізілуіне себеп болды. Екі жүйе – Орынбор және Сібір жүйесінің басқа бір айырмашылығы Орынбор ведомствосын басқару жөніндегі заңдық актілердің ұзақ уақыт бойы әзірленбеуі болды. 1824 жылғы 31 қаңтардан бастап мұнда Азия істері комитетінің аяқталмаған сипаттағы қаулысы қолданылды. Қазақтарды басқару туралы заңның анық болмауы Орынбор Шекаралық комиссиясы міндетінің де айқын тұжырымдалмауына әкеп соқты.
Кейініректе, 1844 жылғы 14 маусымда Мемлекеттік кеңес «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды. Ол бұрынғы құжаттарға қарағанда нақты тұжырымдалған айқындамасы бар заң актісі болды. «Ережеде» ресей әкімшілігінің қазақ қоғамында өз билігін жүзеге асыру үшін әлеуметтік тірек орнатуға кұш салғаны айқын суреттеледі.
1844 жылғы «Ережеде» билер сотының міндеті едәуір қысқартыл-ды, оларға онша маңызды емес істерді қарау ғана қалдырылды. Ал негізінен алғанда бүкіл сот ісін жүргізу әкімшілік ұйымдарының сот үкіміне жүктелді. Үкіметке қарсы шығу, кісі өлтіру, тонау, барымта мәселелері әскери соттың қарауына түсті. Ұрлықты, алаяқтықты, 50 сомнан астам мұліктік талап-арызды Шекаралық комиссия жанындағы азаматтық қылмыстық сот қарады.
Сібір және Орынбор ведомстволарында үкімет құрған екі басқару жүйесі де тым жайылып кеткен және онша тиімді болмады. Ресей империясының қазақ жерінде орнатқан әкімшілік-аумақтық басқару жүйесінің өзі көшпелі қауымның ішкі өміріне қол сұғу, қазақ үшін мүлде жат және бүлдіруші болып шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет