ІІІ. Шағатай әкесі мен ағасы Жошы өлгеннен кейін хан тұқымындағы үлкені ретінде зор беделгі ие болды. 1228-1229 жылдары ол Үгедейді ұлы хан деп жариялаған ханзадалардың басшысы болған еді. «Ясыны, биліктер мен қағидаларды, патшалықты сақтаудың амалдарын» жетік білген Шағатайдың беделі зор болғандығы соншалықты, тіпті ұлы хан Үгедейдің өзі де ағасының мақұлдауынсыз қандай болса да маңызды шешімдер қабылдамайтын болған.
Шағатай өлкесі Алорғу ели деп аталды. Оның басты қаласы Алмалық, жазғы ордасы Іле алқабындағы Құяш деген жер болды.
ХIV ғасырдың басында Шағатай әулетенің Орта Азиядағы және Жетісудағы рөлі қалпына келді. Хайду өлгеннен кейін көп кешікпей, 1306-1307 жылдар шамасында мемлекеттегі билік Барақ ханның баласы, Шағатайдың шөбересі Тоуваға(Дуваға) ауысады. В.В.Бартольдтің бағалауы бойынша ол «Шағатай державасының негізін салушы» болды.
Экономикалық күйзеліс, Моңғол империясиның, оның ішінде Шағатай ұрпақтары мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші әдісті таңдап алуды талап етті. ХIV ғасырда Шағатай ұлысы хандарының іс-әрекетінде орталықтану және Мауараннахр халқымен жақындасу жағына қарай бетбұрыс айқындала түсті. Бұл тұрғыда Кебек хан (1318-1326) неғұрлым елеулі қадам жасады.
Кебек ханның мирасқоры, оның інісі Тармашырын (1326-1334) орталықтандыру саясатын жалғастырды. Кебек сияқты, ол да Мауараннахрда тұрды, Ала ад-Дин деген есімге ие болып, исламды Шағатай ұрпағы мемлекетінің ресми дініне айналдырды.
ХIVғасырдың 50-жылдарының аяғында Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі түрік-моңғол әскери көшпелі шонжарлары мен жергілікті феодалдардың өкілдері басқарған оннан астам иелікке ыдырап кетті. Қашқария алқабында - барластар, Ходжент аймағында-жалайырлар, Солтүстік Ауғанстанда – арлаттар, Әмударияның жоғары ағысында - қаушындар күшейді; бұл рулардың әрқайсысының басшысы өз өлкесінде дербес әмірші болды.
Оның үстіне 1346 жылдың өзінде Шағатай ұрпағы мемлекетінен Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ бөлініп шықты. Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы Мемлекетінің шығыс аймақтарының көшпелі шонжарлары хижра бойынша 748 жылы 1347-1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді хан қойды. Мұнда ХIV ғасырдың ортасында саяси өмірдегі басты ролді Мауараннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дуғлат тайпасының көсемдері атқара бастады. Дуғлаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын және едәуір аумақты жерді мекендейтін.
Дуғлаттардың феодал үстем табы ХIV ғасырда Шығыс Түркістанның отырықшы-егіншілік жазираларына да иелік етті. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати дуғлат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін (ихта) ХIII ғасырда-ақ алған деп жазады.
Дуғлаттардың үстем табының басшысы әмір Поладшы Мауараннахрдан бөлектенген хандық құрмақ болып, өзінің басшылық жағдайын нығайтуға және феодалдық егестерді бәсеңдетуге ұмтылды. Бұл егестер туралы деректемелер былай деп жазады: «Моңғол ұлысы хансыз қалды, моңғол халқы арасында әркім өзін билеп, ұлыста тәртіпсіздік орнады», «әрбір моғол әмірі тәуелсіздік пен өз билігіне ұмтылып, қарсы әрекеттер мен егестердің жалауын көтерді». /«Тарих-и-Рашиди», л.5а, 5 б./.
Дуғлат көсемдері арқылы моңғол шонжарлары Жетісу мен Шығыс Түркістанда өз билігін нығайтқанымен, көршілес Мауараннахр мен Ақ Орданың феодалдары сияқты қалыптасқан дәстүрді бұзуға және Шыңғыс әулетінен билікті тартып алуға батылы бармады. Поладшы таққа өзі қойған ханды отырғызбақ болып, Шағатай әулетінен Дува ханның немересі 18 жастағы Тоғлық Темірді таңдады. Күрделі, саяси жағынан тұрақсыз жағдайда дәл осы хан өзінің билігін күшейтті және моғол хандарының Моғолстанда, сонан соң Қашғарияда ХVI ғасырдың басына дейін билік еткен жаңа, едәуір орнықты әулеттің негізін қалады.
Өздері қойған адамды хан етіп бекіте отырып, дуғлат әмірлері ел ішіндегі өз ықпалын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар өз иеліктерін түрік әмірлерінің билік үшін шиеленіскен күресі жүріп жатқан Ферғана мен Мауараннахр тарапынан болатын шапқыншылықтан қорғауға, ол былай тұрсын, көрші елдің ісіне араласуға тырысты.
Моңғолстанның шекарасы тұрақты болған емес, оның бір жарым ғасырлық өмір сүрген уақыты бойынша өзгеріп отырды. Алғашқы хан Тоғлық Темір мемлекетінің құрамына Моғолстанның өзі мен вассалдық иелік ретінде Шығыс Түркістан бірде Темір ұрпағының мемлекетіне кірсе, бірде қайтадан Моңғолстан билеушілерінің қол астына қарады; ХV ғасырдың 80-жылдарынан бастап Моғолстан хандары иеліктерінің құрамына Ташкент пен Сайрам енді, бірақ Жетісу кірмей қалды. ХVI ғасырдың басында Моңғолстанның ыдырауы кезіне қарай оның хандарының билігі тек Қашқариямен ғана шектелген еді.
«Тарих-и Рашиди» бойынша, Тоғлық Темір едәуір дәрежеде жағдайды біршама түрақтандырып, Моңғолстанның бүкіл аумағын өз билігіне біріктіре алды; оның ордасы Алмалықта болған. Алғашқы моғол ханы ұлыстық жүйені сақтады; жоғарғы ұлыс бегінің мұралық лауазымын (ұлысбегі) ол дуғлаттардың басшысына бекітті.
Мауараннахр хандарының үлгісімен Тоғлық Темір өзінің жоғарғы билігін ортағасырлық Шығыстағы сыннан өткен идеологиялық тірек-мүсылман діні арқылы нығайтуды көздеді. Ислам дінін қабылдамағандарға, тіпті әмірлер мен бектерді қоса, өлім жазасына, адам басына сәдені шегелеуге қатаң шаралар қолданылды.
Тоғлық Темір өз билігін Мауараннахрға да жүргізбек болды. Өзінің сыртқы саяси, әскери істерімен Тоғлық Темір Жетісудан 1360 жылғы ақпан-наурыз айларында аттанды. Әскерімен Ташкентке жақын тоқтап, Тоғлық Темір хан ілгері қарай қосын жіберді, ол Сырдариядан өтіп, Кеш (қазіргі Шахрисабз) қаласына қарай жүріп кетті. Тоғлық Темірдің өзара жауласып жатқан жергілікті әмірлер өзіне қарсылық көрсетпейді деген есебі ақталды. Олардан бірі – Орта Азияның болашақ билеушісі Әмір Темір Тоғлық Темірге бағынатынын білдіріп, сол үшін Кеш қаласын үлесті жерімен бірге басқаруға алды.
Моңғол әскерлерінің одан әрі ілгерілеуіне Тоғлық Темір әскербасыларының өзара іс-әрекетінің үйлеспеуі кедергі келтірді. Олардың арасында деректемеде керейт, аргинуд, қаңлы тайпаларының әмірлері мен бектері аталған. Олар әуелі хан ордасына келіп, содан соң бүлік шығарып, Моңғолстанға кетіп қалды. Моңғол ханы Мауараннахрды бағындыру жөніндегі одан арғы әрекетін тоқтатуға мәжбүр болды. Әмірлердің бүлігін басқан соң Тоғлық Темір 1361 жылы көктемде тағы да Мауараннахрға аттанды. Ол Мауараннахрдың бүкіл аумағы арқылы өтіп, оңтүстікте Құндызға дейін жетті. Мұнда көктем мен жаз бойы болып, күзде Самарқандқа оралды. Тоғлық Темірдің Мауараннахрда уақытша орнығуына өлкедегі саяси жағдай – жиырма жыл бойы, ХIV ғасырдың 40 және 50-жылдарында орталық билік болмауы жәрдемдескен еді.
Өзінің баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың билешісі етіп қалдырып, Тоғлық Темір Моғолстанға оралды. Моғол әскербасылары өздерін жаулап алушылардай ұстап, тек өздерінің баюын ғана көздеді. Халық бұқарасының ашынуы мен жаулап алушылар орасындағы талас-тартысты пайдаланып, Әмір Темір Мауараннахрда билік жүргізуге күш сала бастады. Тоғлық Темірдің өлімі хан тағын мұралану ісімен айналысу үшін Ілияс Қожаны Мауараннахрдан кетуге мәжбүр етті. Бірақ Ілияс Қожа қайтар жолында Темір мен Әмір Хұсайнның біріккен әскерлерімен шайқасуға мәжбүр болды. Ол жеңіліп, тұтқынға түсті, бірақ Моңғолстанға босатылып жіберілді. Темір жеңілген моңғол әскерін Ташкентке дейін қуды.
Моңғолстанның (хижра бойынша 764 /1362-1363/ жылы) ханы болған соң Ілияс Қожа 1365 жылы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге жаңа әрекет жасады. Темір өз әскерлерімен оны Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында қарсы алды. Бұл жерде өткен белгілі «Батпақ шайқасының» («Жанг-и лой») екі жақ үшін де зор маңызы болған еді. Шайқас кезінде әскерлердің соғыс қимылын қиындатқан қатты нөсер құйды. Моңғолстанның қатаң ауа райына неғұрлым көндіккен және неғұрлым жақсы жасақталған Ілияс Қожаның әскері бұл шайқаста жауға төтеп берді. Дуғлат әмірі Шамс ад-дин басқарып жеткен тың моңғол әскері Темірді кері қайтуға мәжбүр етті.
Жеңіс моғол әскерлеріне Мауараннахрға жол ашты. Темір мен Хұсайын Самарқандты тастап, Әмударияның арғы бетіне өтіп кетті. Бірақ моңғолдар Самарқандты ала алмады; орталығы Хорасанда болған сарбадорлар қозғалысына қатысушылар басшылық еткен Самарқанд халқының қаһармандық күресі моңғолдардың шегінуінің себебі болды.
Моңғолстанның алғашқы хандарының Шағатай ұрпағы мемлекетін қалпына келтіру жолында жасаған әрекеттері осылай аяқталды.
1462 жылы Моғолстанның ханы Есен Бұға өлгеннен кейін Жетісуда қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты кұш болған жоқ. Оның інісі Жүніс хан бұл кезде Ташкентте жүрген. Осындай жағдайда бұл аумақта жаңа саяси құрылым – Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы заңды құбылыс еді.
ІХ. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22 %)
1.Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Х. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
6. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Алтын Орданың құрамында.Ноғай ордасы.Дешті Қыпшақ.
Кестені толтырыңыз:
Алтын Ордадан бөлініп шыққан мемлекеттер
|
Мемлекет атауы
|
Қазан хандығы
|
Қырым хандығы
|
Астрахан хандығы
|
Сібір хандығы
|
Тарихи шеңбері
|
1438-1552
|
1433-1783
|
1459-1556
|
1459-1582
|
Территориясы
|
|
|
|
|
Астанасы
|
|
|
|
|
Тайпалары, рулары
|
|
|
|
|
Қоғамдық құрылысы
|
|
|
|
|
Саяси жағдайы
|
|
|
|
|
Ыдырауы себебі
|
|
|
|
|
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997
Реферат,өзіндік жұмыстар жасау.
07
І. Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көшпелілер өркениетінің ерекшеліктері. Көшпелілердің рухани мәдениеті.
ІІ. Сағат саны -4 90 мин (100% )
ІІІ. Сабақ түрі: теория
ІV.Сабақтың мақсаты:
-Білім беру: Қазақстандағы көшпелілер өркениетінің ерекшеліктерімен көшпелілердің рухани мәдениеті туралы білімді қалыптастыру, тың мәліметтер беру;
- Дамыту: Тақырып бойынша танымдық қызығушылығын арттыру;
- Тәрбиелік: Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
V. Материалдық техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, т.б.- Иллюстрациялар арқылы.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
VІ. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиет
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997.
VІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. ( 6%)
а)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті
VІІ. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
Үй тапсырмасы: Қазақстан Алтын Орданың құрамында.Ноғай ордасы.Дешті Қыпшақ.
1. Қазақстан Алтын Орданың құрамында.
2. Қазақстан жеріндегі ХVІ-ХVғғ. Мемлекеттер.
Ақ Орда. Моғолстан. Әбілқайыр хандығы. Ноғай Ордасы.
VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )
мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
Қосымша
ІХ. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22 %)
1.Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Х. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
6. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көшпелілер өркениетінің ерекшеліктері. Көшпелілердің рухани мәдениеті.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997
Реферат,өзіндік жұмыстар жасау.
08
І. Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.
ІІ. Сағат саны -4 90 мин (100% )
ІІІ. Сабақ түрі: теория
ІV.Сабақтың мақсаты:
-Білім беру: Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ халқының қалыптасуының алғы шарттарын объективті түрде ашып көрсету, қазақ жүздерінің құрылуының ерекшеліктерін, ол оқиғалардың тарихи маңызын көрсету.
- Дамыту: Тақырып бойынша танымдық қызығушылығын арттыру;
- Тәрбиелік: Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
V. Материалдық техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, т.б.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
VІ. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиет
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997.
VІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. ( 6%)
а)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті
VІІ. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
Үй тапсырмасы: Қазақстандағы көшпелілер өркениетінің ерекшеліктері. Көшпелілердің рухани мәдениеті.
VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )
мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қазақстан территориясындағы этникалық процестер және қазақ халқының
қалыптасуы.
2. «Қазақ» этнонимінің пайда болуы туралы.
3. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.
4. Қазақ жүздердің құрылуы, оның этникалық құрамы.
5. XVI ғасырда Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
«Қазақ» этнонимі және қазақ халқының қалыптасуы
«Қазақ» этнонимінің пайда болуы мен шығу тегі туралы мәселеде ғалымдар арасында бірыңғай пікір жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл ұғымның алғашқы кезде тек әлеуметтік мәні ғана болды және өз тайпасынан, руынан бөлінген азат, еркін («қашақ») адамдарды білдірді десе, екінші бір ғалымдар тобы оның этноним мәні болды дегенді дәлелдеуге тырысады. Өз тайпасынан бөлініп еркін жүру, яғни «қашақ» болу (қашқын, қарақшы болу емес) ХІV-ХV ғасырлардағы өзара тартыстар мен таластар кезінде жиі-жиі болатын қырқыстардан бой тасалауы еркін жүруді ұнататын көшпелі тайпалар үшін сирек кездесетін құбылыс емес еді. Өзара соғыстар мен тартыстардан және басқалардың тақ пен билік үшін күресінен зардап шеккен адамдардың үлкен топ болып өз тайпаларынан бөлініп өмір сүруі, басқа тыныш жаққа кетуі немесе көрші тайпаларға қосылуы оларға «қашақ» деген ат берді. Кейбір ғалымдар «қазақ» этнонимін «қазақ» («ақ қаз») қаздай тізілген ақ киіз үйлерден іздесе, екінші бір ғалымдар сақтардан «сақ», «қай сақ» іздейді.
Қазақ халқының және онымен шектесіп жатқан жерлердің ежелгі дүниесін зерттеу ғылыммен байланысты мәселе, өйткені Еуразияны мекендеген тайпалардың да этногенездік процестерінің әсері мол болған.
Орталық Азияның барша аумағының тарихы сияқты, Қазақстанның да этникалық тарихы күрделі.Сан ғасырлар бойы бұл арада көптеген тайпалар мен халықтардың тағдыр-талайы тоғысып жатқан.Олар жайындағы мәліметтер батыс пен шығыстың қыруар деректерінде сан тілде жамырап сөйлеп жатыр. Шығыстанушы зерттеушілердің бірнеше ұрпағы оларды оқып зерттеу жөнінде көп жұмыс жасағаны бүгінгі буынға айтарлықтай мәлім.
Ғылыми деректерде этнос ұғымы жалпыға ортақ сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір түрақтанған ерекше мәдениеті мен мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлек екенін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан түрақты бір тұтастығы ретінде орныққан.
Қазақ халқының шыққан тегі туралы мәселенің көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн. Айтылып отырған өңірде осы екі процестің екеуі де қатар түрде, көбіне тарихи параллельді тік сызық бойымен дамып отырған деп айтуға толық негіз бар. Мәселеге бұлай келу шығу тегінің мираскерлігін және сақталып келе жатқан "ата-бабалар" белгісін мұқият қарап тексеруімізге мүмкіндік береді. Рас, жеке бір тарихи дәуірлерде горизонтальдық даму да белгілі рөль атқарған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үнді еуропалық және түріктік кезеңдерғе бөлуге болады. Бірінші кезең, этникалық бірлестіктері мен нәсілдік құрылымы қалыптасқан ретінде көрінеді.
Лингвистикалық жағына, бұл кезеңде тек Қазақстанның тұрғындары емес, Еуразияның аса кең аймағының тұрғындары да үнді еуропалық ежелгі иран тармағына кіреді. Қазақстандағы біз қарастырып отырған кезең жылнамалық жағынан алғанда б.з. дейінгі ІІІ-І мыңжылдықтарды қамтиды. Қазақстанның осы кезеңмен байланысты археологиялық қазбалары оның қарауындағы жердің басым көпшілігінде қола дәуірінің Андронов мәдениеті тармағына дәлел бола алады. Оның батыс бөлегінде Қималық мәдениет көбірек жайылған. Қаралып отырған кезеңде Қазақстан территориясы - "көшпелілер үшбірлігі" дегенді тарататын орталыққа, яғни қару-жарақтың, ат әбзелдерінің классикалық заттары мен бұйымдарды өрнектеудің "аңдық стилі" кеңінен тараған құт мекенге айналды. Дегенмен осынау ұлан ғайыр көшпелі әлемнің өзіне ғана тән жергілікті шаруашылық-мәдени нұсқалары болған. Соның бірі ерте темір ғасыр дәуіріндегі Қазақстанның көшпелі тайпалары болып табылады. Дұл кезеңде Еуразия даласында жекелеген этникалық қоғамдастық түріндегі сақтар ("скифтер") деп аталатын үнді Еуропалық тайпалардың кездескендігі айтылады. Қола дәуірінде мал өсірумен, егіншілікпен шұғылданған, бет-бейнесі Еуропа тектес болып келетін андроновтық үнді -иран тайпаларының орнын ерте темір кезеңінде Оңтүстік пен Шығыс облыстарда - скифтерге туыс, көшпелі мал шаруашылықты сақ тайпалары, солтүстік пен батыс облыстарда - савромат тайпалары басады.
Қазақстандағы және күллі Еуразия территориясының далалық аймақтарындағы этникалық процестің шешуші кезеңі б.з. І-мың жылдығының орта кезінен түріктердің батыс бағытына қарай жаппай жайыла қоныстануымен байланысты бел алады. Солтүстік Моңғолиядан Амударияға дейін - Жетісуды қосқанда - Оңтүстік және оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан орасан зор территорияға біртіндеп түркі тайпалары тарап, қанат жайып мекендей бастайды. Қазақстан жерінде түріктер және олардың бастау хаттарда аталатын бұғы, байырқу, беклі, қыбыр, түркеш, бұлақ, қарлұқ сияқты тайпалары осы араның ежелгі тұрғындары сақтардың, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпақтарымен сіңісіп кетеді.
Жаңа әлеуметтік (ерте феодалдық) қатынастың құрылуы және VI ғ. көне түркі мемлекеті - Түрік қағанатының, содан кейін Батыс Түрік қағанатының ұйымдасуы түркі тілді тайпалардың батыс жеріне тасқындап келуіне, сөйтіп Қазақстанның жергілікті халқын түріктендіруге, антропологиялық түрдің бірте-бірте моңғолдануына, түрік тайпаларының белгілі-бір территорияда тұрақтап қалуына себепші болады. Бірқатар түрік мемлекеттері пайда болған дәуірде Қазақстан жеріндегі этникалық процестерге бірігу әрекеті күшейе түседі. Қазақстанның Оңтүстік-шығысындағы Түркеш қағанаты VІІ- VІІІ ғғ. Шу мен Іле арасындағы аумақты территорияның тайпаларын біріктіреді; ел орталығы Талас пен Суябта болады. ІХ-ХІ ғғ. Оғыздар мемлекеті оңтүстік Қазақстан территориясында Сырдария алқабын мекен етті. Ал солтүстік, шығыс, орталық аудандарын VШ-ХІ ғғ. өздерінің ерте феодалдық мемлекеттерін құрған қимақ пен қыпшақ тайпалары жайлайды. Алайда түркі халқының этникалық бірлесу жолымен дами беруін моңғол басқыншылығы бөгеп тастайды. Бұл үлкен аймақтағы этникалық жағдайға кері әсер ететін жәйттер өте көп болатын. Халықтың дені қырып-жойылып, құлдыққа алынып, Шыңғыс ұрпақтарының жаулаушылық жорықтарына тартылып, ел-жұрт шебінен алысқа жер аударып жіберіледі. Қазақстандағы түркі тайпаларының қалған бөлігі жаңа саяси құрылымдар арасына - Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының арасына бөлшектеніп кетеді. Бұларға жаңа этникалық компонент - Қазақстан жеріне келіп қоныс тепкен моңғолдардың жалайыр, қоңырат, маңғыт, барлас, байриндар сияқты рулары мен тайпалары келіп қосылған болатын.
Қазақ халқының қалыптасуы ХV-ХVІ ғғ. қазақ халқы мен оның этникалық территориясының құрылып, қалыптасуының сан ғасырлық процесі негізінен аяқталады, іс жүзінде ол қазақтар кейінгі ғасырларда мекен етіп келе жатқан жер шебімен сәйкес келеді.
Орталық Азияның ХV-ХVІ ғғ. құрылған басқа да түркі тектес халықтары сияқты, қазақ халқының да этникалық негізін, өткен замандарда әр тілде сөйлеген, толып жатқан тайпалар қалаған болатын; олар - сонау сақтар мен үйсіндерден, қаңлылар мен ғұндардан, түріктер мен түргештерден, қарлұқтар мен оғыздардан, қимақтар мен қыпшақтардан бастап, наймандар мен арғындарға, керейлер мен қоңыраттарға, жалайырлар мен дулаттарға дейінгі әртүрлі замандарда Қазақстан жерін мекендеген басқа да көптеген тайпалар болатын. Бұлардың кейбіреулерінің әртүрлі дәуірлерде өз мемлекеттері болды. Көптеген рулар мен тайпалардың түрікше аты кейінгі уақытқа дейін қазақтарда сақталып келді. Қазақ халқының құрылуына себеп болған этногенетикалық процестердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан - алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау дәуірінен барып шығады.
Моңғол жаулаушылығы тұтас алғанда Қазақстан территориясындағы этникалық процесс барысына қатты ықпал жасайды. Сол уақыттағы Қазақстан этникалық тарихының негізгі мән-мазмұны - халықтың қалыптасу процесінің аяқталуы, қазақ жүздері тайпалар құрамының сараланып бөлінуі, ежелгі автохтонды этникалық өзекті толықтырған тайпалар мен рулардың өздерінің ХVІІ-ХІХ ғғ. деректерде жазылған, кейініректегі территорияларына келіп қоныстануы десек қателеспейміз. Ал ХV-ХVІ ғғ. шамасында жүздер қалыптасып бітеді, бірақ олардың құрылуы, тайпалардың қайта бөлініп, ара жігін ашуы одан бұрынғы ғасырларда, халық болып қалыптасудың ұзаққа созылған қам-харекеті, қыпшақтар мен өзбектердің, ноғайлар мен моғолдардың этникалық қатарына қосылуы үстінде өтеді. Қазақ халқының этникалық бірлесуі процесінің біржолата аяқталуы оның, бірнеше мемлекет құрамына енген, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектерінің бытыраңқылығынан кешеуілдеп қалады.
XV ғғ. екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. Қазақ хандығының да қалыптасу процесінің аяқталуын да тездетті. Қазақ хандығының, Әбілқайыр хандығы мен Ақ Ордадан, сол сияқты Моғолстаннан бір айырмасы оның аналардан гөрі кең, тиянақты этникалық негізі қалыптасып біткен халқы болды. Моңгол жаулаушылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Түркістан мен Жетісудың күллі түрік рулары мен тайпалары түгелге жуық бір мемлекетке біріктірілді.
XV ғғ. екінші жартысынан бастап, осы бір қалыптасқан халық көршілері арасында да, сол заман оқигаларын көрсететІн жазба деректерде де "қазақ" атымен белгілі болады. Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыс-тартысының тақырыбына айналып келеді; ол халықтың өзінің шыққан тегі туралы туғызған көптеген аңыз-әңгімелерінде сөз болады. Ғалымдардың "қазақ" атауы жөніндегі пікірі әр түрлі. Кейбір жазба деректерде "қазақ" сөзі ескі түрік тіліндегі "еркін адамдар" ұғымын білдіретінін айтады. Тағы бір деректерде сақ, хазар тайпаларының атынан шыққаны айтылады. Деректерде бұл термин әуелгі кезде әлеуметтік мәнінде қолданылып, "өз мемлекетінен, тайпасы мен руынан оқшауланып шығып, шытырман оқиғалар іздеуге мәжбүр болған адам" (В.В.Бертольд) мағынасында қолданылады. "Тарих-и-Рашиди" мен өзге деректерде "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кететін саяси топты білдіру үшін бастапқы кезде "өзбек-қазақ", сосын "қазақ" түрінде пайдаланылады. XV ғ. "өзбек", "қазақ" терминдерінің анық этникалық мәні болмайды. Мысалы, Ибн Рузбихан XVI ғ. бас кезінде былай деп жазды: "Шыңғысхан иеліктерінен шыққан, асыл текті үш тайпаны өзбектерге жатқызады. Қазір (олардың) біреуі - шайбанилер, ал оның мәртебелі ұлы ханы бірқатар ата-бабаларынан кейін солардың билеушісі болып келеді және болып отыр. Екінші тайпа — қазақтар, олар барша әлемге күш-қайратымен, ержүрек батылдығымен әйгілі, үшінші тайпа -маңғыттар, олардың патшалары Астраханнан".
Жәнібек пен Керей хандығы нығайғаннан кейін, олардың қамтуындағы халық түгелдей қазақтар деп атала бастады. Бірте-бірте "қазақ" атауы этникалық мәнге ие болады да, Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның әбден қалыптасқан түркі тектес халқының этнонимі ретінде қолданыла бастайды. Шығыстың жазба деректерінен алынған қазақ термині туралы және оны әлеуметтік, саяси тұрғыдан түсіндіру жөніндегі ең соңғы, ең толық мәліметтер Т.И. Сұлтановтың кітабында берілген.
Жүздердің құрылуы.
Халықтың, бұрын моңғол ұлыстарында болғаны сияқты, ұзақ уақыт ХІV-ХV ғғ. жеке мемлекеттер жүйесіне кіргені жоғарыда айтылған факторлар әсерін күшейте түседі, соның нәтижесінде Қазақстан жерінде үш жүз түрінде бірнеше этникалық бірлестік торабы пайда болады. Халқымыздың тарихында жүздердің пайда болуы туралы да әр-түрлі пікірлер бар. Жүздердің құрылуы туралы нақты деректер жоқ.. Бұл жөнінде тарихшылар пікірі де алуан түрлі. Кейбір тарихшылар жүздің пайда болуы 100 санына байланысты болды десе енді біреулері жүздердің құрылуын әскери-тайпалық басқарудың үштік - оң қанат, сол қанат, орта қанатқа бөліп басқару жүйесімен байланыстырады. Ал үшінші топтағылар жүздердің бөлінуін шаруашылыққа байланысты табиғи географиялық жағдаймен бірлікте қарастырады. Қазақ жүздерінің әрқайсысының тайпаларының көшіп-қонатын жолдары мен жерлері, ілгеріде аталған мемлекеттер территориясының негізгі бөлегімен сәйкес келетін жалпыға ортақ этникалық территориясы болады. Ұлы Жүз Сырдариядан бастап, Жетісу жерін түгел жайлайды, оның құрамында: үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр.т.б. енеді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның құрамында - қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей тайпалары, қарлұқ рулары т.б. бартрып. Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлегі Кіші жүздің мекені саналатын. Оның құрамында тайпалар одағы: алшын, адай, алаша, байбақты, жаппас, таздар, қарасақал, каракесек (Әлімұлы) сияқты тайпалар болатын. Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі зерттелмеген. Деректер мәліметі кейінгі кездерге жатады, алайда жүздердің құрамды бөлектерінің яғни әлгіде айтылған тайпалар ішіндегі ірілерінің Қазақстан жеріне келуі ежелгі дүние мен орта ғасырдың тарихи оқиғаларын баяндаған кездері хат-қағаз бетіне түскен.
Қазақ халқының жүзге бөлінуі қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде өз жерін қорғау қажеттілігінен туған. Бұл туралы қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиханов былай деген: "Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ - қазақ жүздері".
Қазақ хандығының құрылуы.
Ел президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 1999 жылы 15 желтоқсанда жолдауында: "Он бесінші ғасырда алғашқы қазақ хандығының құрылуы халықтың тарих төсіндегі, уақыт кеңістігіндегі өзіне тиісті бөлекше орынды алып тынғанын тиянақтайды. Ұлы хандарымыз Керей мен Жәнібек оны саяси тұрғыдан бедерлеп берді. Ұлттық тарихымыздың соңғы бес ғасыры халқымыздың өмір сүретін кеңістік үшін арпалысының тарихы болып табылады. Біз өзіміздің өткендегі өмірімізге кілең бір кездейсоқ оқиғалар тізбегі деп қарамауымыз керек. Шұғыл өркендеп кеткен Еуропа мен дами түскен Қытай ХVІ-ХVП ғасырлардың өзінде көшпелі халықтардың мүмкіндіктері күрт кемітіп, олардың бойындағы күш-қуатын бір-бірін жойып жіберуге жұмсатып қойды. Қазақтар мен жоңғарлардың трагедиясы осылайша басталды. Ұлттың бойындағы қуат кернеуінің күштілігі сондай, біз сол "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға" да төтеп бере алдық сөйтіп жеңіп шықтық. Бір болсақ бізді алар жау жоқ деген карапайым ғана, қарапайым да болса мәңгілік ақиқат ойға да сол тұста ден қойғанбыз. Елді қос өкпеден қысқан құрсаудан халықтың басын қосқан айбынды ханымыз Абылайдың сөзі мен семсері құтқарып қалатыны да сол тұста болатын деді.
XV ғасырдың бірінші жартысында қазақ хандығының құрылуына мұрындық болдан маңызды тарихи оқиға мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде, олардың арасындағы өзара тартыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілқайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілқайыр хан бұрын Орда-Ежен ұрпағы билеген Ақ Ордаға қарасты Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1428-1468ж.) үстемдік етті. ХV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығында толассыз болып отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар барған сайын үдей түсті. Дешті Қыпшақ даласында қалыптасқан мал жайылымын пайдаланудың дағдысы - көшіп-қону тәртіптері бұзылды. Бұл көшпелі мал шаруашылығына ауыр тиді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілқайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Әбілқайырдың 1456-1457 жылдары қалмақтардан ойсырай жеңілуіне байланысты күшейе түскен бұқара халық наразылығын Әбілқайыр ханның дұшпандары - Шыңғыс әулетінен шыққан сұлтандар, Ақ Орда билеушілері Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей шебер пайдаланды.
Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады. Моғолстан ханы Есен-бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды Әбілқайыр ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алады. Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы - Шу бойынан қоныс бөліп берді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.
ХVғ. 70- жылдарынан кейінгі және ХVІғ. басындағы Қазақ хандығы.
XV ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілқайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлекеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшеюіне себеп болды. Ең алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді. 1480 жылы Керейдің баласы Мұрындық хан болды. 1486 жылы қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбаниді жеңді. XV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы күшейді. Қазақ хандығының құрамында Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары болды.
XVI ғасырдың I жартысында Қазақ хандығы күшейе түсті. 1511 жылы Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Қасым ханның алға қойған басты міндеті - Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу. Қасым ханның бұл істі орындау жолындағы басты кедергісі Мұхаммед Шайбани болды. 1510 жылы Қасым ханның әскерлері Мұхамед Шайбаниді жеңді. XVI ғасырдың аяғына қарай Қасым хан Қазақ хандығының жерін ұлғайтты.
Қорыта келгенде, ХІV-ХV ғасырда тамырын тереңнен алатын қазақ халқының қалыптасу процесі негізінен аяқталды. Оның негізін Қазақстан жерін алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінен бастап феодалдық қатынастардың қалыптасу дәуіріне дейін мекендеген сақ, үйсін, қаңлы, түркеш, қарлұқ, оғыз, қыпшақ, қимақ, найман, керей, арғын және басқа ежелгі, сондай-ақ көшіп-қону, жаулап алу кезінде қоныс аударған тайпалар құрады. Қазақ халқының қалыптасу процесіне моңғол нәсілінің белгілері әсер еткенімен халықтың көне европалық антропологиялық типі сақталды. Жайлап болса да алға жылжыған шаруашылық эволюциясы, отырықшы және көшпелі аудандардың экономикалық байланысының кеңеюі, қоғамдық қатынастар сипатындағы өзгерістер - осылардың бәрі тілі жағынан жақын, шаруашылық-тұрмыстық құрылымы біртекті тайпалар мен тайпалық топтардың бірігуіне, феодалдық дәуірдің этникалық бірлестігі - қазақ халқының қалыптасуына ықпал етті.
Қорытынды сұрақтары:
1. Қазақ хандығының пайда болуына қандай жағдайлар себеп болды?
2. Қазақ халқын біріктіруде Қасым ханның қызметі қандай?
3. Қазақ халқының қалыптасуына қандай себептер негіз болды?
4. Үш жүзге бөліну қазақ қоғамында қашан және қалай қалыптасты?
5. Қазақ қоғамында феодалдық қарым-қатынастың ерекшелігі неде?
6. Қасым хан тұсында қандай өзгерістер болды?
7. Бұхара және Сібір хандығының одағына қарсы жүргізілген қазақ хандарының күресінің негізгі себептерін атаңыз?
ІХ. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22 %)
1.Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Х. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
6. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.
Кестені толтырыңыз:
ХҮ-ХҮІ ғасырдағы қазақ хандығының құрылымы
|
Сатылары
|
Аймақтық бөлінуі
|
Бірігудің түрлері
|
Билеушісі
|
Билеуші
нің міндеттері
|
Басшының негізгі қасиеттері
|
1
|
Ауыл
|
|
|
|
|
2
|
Ата-аймақ
|
|
|
|
|
3
|
Ру
|
|
|
|
|
4
|
Арыс
|
|
|
|
|
5
|
Ұлыс
|
|
|
|
|
6
|
Жүз
|
|
|
|
|
7
|
Хандық
|
|
|
|
|
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997
Реферат,өзіндік жұмыстар жасау.
09
І. Сабақтың тақырыбы: ХVІ- ХVІІ ғғ. қазақ хандығының саяси жағдайы мен әлеуметтік- экономикалық дамуы.
ІІ. Сағат саны -4 90 мин (100% )
ІІІ. Сабақ түрі: теория
ІV.Сабақтың мақсаты:
-Білім беру: XVI-XVIІ ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы,
қазақ халқының мәдениетінің, шаруашылығының және тұрмысының, қазақ қоғамының таптық-сословиялық бөлінуінің ерекшеліктерін ашып көрсету. Қазақстанның Ресейге қосылуының алғы шарттарын, осы үдерістегі саяси қайраткерлердің ролін көрсету. Сонымен қатар қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуін және жоңғар шапқыншылығын атап өту.
- Дамыту: Тақырып бойынша танымдық қызығушылығын арттыру;
- Тәрбиелік: Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
V. Материалдық техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, т.б.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
VІ. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиет
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997.
VІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. ( 6%)
а)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті
VІІ. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
Үй тапсырмасы: Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.
VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )
мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. XVI ғасырда Қажзақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
ХVІ ғ қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары қиындай бастады. Ғасыр соңында Қазақстан жеріне жан - жақты дүркін — дүркін шабуыл жасап отырушылар л батыстан — Ресей, шығыстан — Қытай, Жоңғар хандығы, солтүстіктен Еділ қалмқтары, оңтүстіктен - Қазақ хиуа, Бұқар
хандықтары көз салып қауіп төндірді.Соның ішінде ең қауіпті — жоңғар хандығы болды.
1635 жылы қоңтайшы Ердени батыр басшылығымем құрылған мемлекет 1643 жылы қазақ жеріне Садқам Жәңгір хандығы тұсында баса - көктеп кіргендіктеи ел ішіндегі жағдаилар қиындай түседі. Тәуке хан 1680 – 1718 жылдары аралығында хандық құрды. Ол өзінің барлық өмірін жоңғар мемлекетінің шапқыншылығымен күресумен өткізді.Тәуке қазақ хандығын нығайту үшіи сыртқы жауларға тойтарыс беру жолында көптген шаралар қабылдады. 1680 жылы билер кеңесі құрылды. Билік жүйесі болып табылатын билер кеңесі әрдайым Тәуке ханның белгілі бір ордасында - Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде Сайрам қаласы маңындағы Мәртөбеде және Ангрен қаласына жақып жердегі Күлтөбеде өткізіліп тұрды. Белгілі тарихшы А.И.Лешиин Тәуке туралы Тәукенің тұсында қазақтардың жүрегі ашық болды, мейірбандыққа толы болды," "Тәуке хан қазақ ордаларының ұйытқысы. Ол өзара қантөгістен қажыған халқын тоқтатын пайдаларды татуластырып баршаны күштілерге бағынуға уағыздады ол күштілерді өзі тоқтатып баршаға бірдей заң шығарды," - деді.
Қазықтың барлық үш жүзіне толық тараған Тәуке хан тұсында Жеті жарғы" немесе "Жеті ереже" өмірге келді. "Қасым ханның қасқа жолы , Есімханның жолы-деп аталатым құқықтық нормаларды басшылыққа ала отыры жасалған бұл ереже қазақ қоғамының әлеуметтік және құқықтық нормалары сондай-ақ салықтар діни көзқарастар яғни қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары,қамтылған. Жекелеген қылмыстық, азаматтық отбасылық жер туралы, мәселелерді "Жеті жарғы" заңының баптары, бойынша шешіп отырған. Ән бап сол заманның талабына сай келді.
1723 жылы тарихта есте қаларлық жұрт болды. Қазақтар бұл жылды -Қайың сауған – ақ танытқан жылы"деп атаған. Ерте көктемде тал алу және көктемгі тіршілікке енді кіріскен қазақ еліне жоңғарлар күтпеген жерден шапқыншылық жасап, халықты қырғанға ұшыраты Жоңғар шапқыншылығы қазақтардың, басын көтеруге мұрша бермеді. Жоңғар әскерлерінің негізгі бағыттары Сырдария маңына шоғырланды. Қазақ халқы барып паналайтынын білмей дал болды. Ташкеит Саирам Түркісан сияқты қалалар жау қолында қалды. Бұл қасірет жолында Ш.Уалиханов XVІІ ғасырдың бас кезінде халықтың басына ауыр күн туды. Жоңғарлар Еділ қалмақтары Жайық қазақтары башқұрттар жан - жақтан анталады. Әсіресе жоңғарлардың қаһарлы жүзі қазақ елінің шымбайына батты , - деп жазды.
Қиын да ұзақ шайқастарды әлсіреген ендігі жерде жоңғар шапқыншылығына қарсы бірігу керектігін түсінді. осыған түсінген қазақ хандары мен батырлары 1726 жылы Ордабасы (қазіргі ОҚО-ның Ордабасы ауданында) кездесуін өткіді. Ол жерге үш жүздің хандары билері батырлары жиналып, қазақтардың бірігу керектігін, әйтпегенде жан- жақтан төніп тұрған жауларға жем болатынын айтты. Келісе келе казақ жасақтарының қолбасшысы етіп Кіші жүздің ханы, Әбілхайыр сайланды. Бұл Ордабасы кездесуінің тарихи маңызы зор болды.
Қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі.
XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың басында Қазақстан саяси жағынан бытыраңқы елге айналды. Оның ең басты себебі қазақ жүздері арасында тұрақты экономикалық және саяси байланыстар нашар болды. Әсіресе, Ұлы Жүздің Кіші Жүзбен және Орта Жүзбен байланысы бұл кезде әлі дұрыс қалыптаспаған еді. Басқа елдермен сауда-экономикалық байланыстардың нашар болуы, натуралды шаруашылықтың үстемдігі, ішкі рыноктың дұрыс жолға қойылмауы, оңтүстіктегі қалалардың құлдырауы осының бәрі қазақ жерлерін бір орталыққа бағынатын мемлекетке біріктіруге және елдің бытыраңқылығын жоюға мүмкіндік бермеді. Сыртқы жағдайдың ауыр болуы да елдің бытыраңқылығын күшейте түсті. Жекелеген ірі сұлтандар іс жүзінде хан билігінен тәуелсіз болды, олардың өзара қырқысуы мен бақталасы елді барған сайын кеулеп ыдырата түсті. Түрлі әулетті топтар өзара бақталас болып билік үшін, жақсы жайылымдарды басып алу үшін және өздерінің билігін нығайту үшін өзара күресті. Олардың өзара тартысы мен қырқысуларын бұқар және жоңғар билеушілері де үнемі ушықтырып отырды.
Тәуке хан (1680—1715) билік еткен алғашқы он жылдарда қазақ хандығы біршама нығайды. Қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын біршама бәсеңдетті. Бірақ 1697 жылы билік басына Цеван Рабтан келгеннен кейін жоңғарлардың шапқыншылығы жойқын күшпен қайта басталды. Қоңтайшы Цеван Рабтан орыс елшісі И.Унковскийге «өз билігі басталғаннан бері қарақалпақтармен одақтасқан қазақ еліне толассыз соғыс жүргізіп жатырмын» деген мәлімет береді.
XVII ғасырдың аяғындағы қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі екі ел арасындағы соғыс жанжалдарының жаңа кезеңін бастап қазақ хандығына елеулі қатер төндірді. Тәуке ханның өзара тартыстарды тыйып, жүздер арасындағы тыныштықты қалпына келтіруі ұзаққа созылмады. Бір жерден екінші жерге үнемі көшіп-қонып жүру жекелеген тайпалар мен рулардың арасындағы тұрақты байланыстардың дамуын тежеді. Көшпелі өмір салты және патриархаттық-рулық тұрмыс елдің саяси жағынан бытыраңқы болуын тездетті, қазақ қоғамы өз алдына оқшауланған және бытыраңқы рулар тобына ыдырады, бұлардың басшылары басқалардың үстемдігін мойындағысы келмеді. Олардың өзара тартысы мен алауыздығын сыртқы жаулар одан әрі өршітіп, өздерінің тонаушылық шапқыншылық әрекеттерін жүзеге асыруда тиімді пайдалана білді. Осылардың салдарынан елдің бірігу мүмкіндігі шектеле түсті.
Жоңғарлардың батысқа, қазақ жеріне қарай жасаған жорықтарының басты себептерінің бірі жайылымдар үшін тартыс еді. Экстенсивті мал шаруашылығымен айналысатын көшпелілер мал өсіру өндірісі үшін қажет аумақты үнемі кеңейтіп отыруға мәжбүр болды. Жоңғар билеушілерін қазақ елінің ұлан-байтақ құнарлы жерлерімен бірге оңтүстік Қазақстандағы сауда, қолөнер орталықтары да қызықтырды. Бұл аймақты жоңғар қоңтайшылары сауда-қолөнер орталықтары ғана емес, сонымен бірге маңызды стратегиялық аймақ Қазақстанды Ресеймен және Шығыс елдерімен қосатын сауда жолдары өтетін аумақ ретінде де қарастырады.
XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қазақ хандықтары мен жоңғар қоңтайшылары арасындағы қақтығыс бірте-бірте шиеленіскен және қантөгісті күреске айналды. Қазақтар жиі-жиі жеңіліске үшырап, жоңғар әскерлерінің тонауына душар болды. Адамдары мен мал-мүлкін айдап әкеткен жоңғарлар кейде түгелдей бір рулар мен ауылдарды қырып кетіп отырды. Қазақтардың осы кездегі ауыр жағдайын Ш.Уәлиханов былай деп сипаттады: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап әкетіп, тұтас үйлерін тұтқынға әкетіп отырды».
Жоңғарлардың қазақ жеріне бағытталған ірі жорықтарының бірі 1710— 1711 жылдары жасалды. Осы кезде 1710 жылы Тәуке хан Қарақұмда бүкіл қазақ жүздері өкілдерінің жиналысын шақырды. Үш жүздің басы қосылған бірі жиында елді біріктіру, жоңғарларға қарсы батыл тойтарыс беру мәселесі қаралды. Жиынға қатысушылар қасық қаны қалганша бірін-бірі қорғауда күш біріктіруге ұйғарды. Ант беріскеннен кейін «жұрттың бәрі дұға оқып, құрбандыққа шалынған ақбоз аттың етін жеп өз одақтарының бұзылмайтындығына сендірді». Жиында қазақ жасақтарының қолбасшылығына Бөгенбай батыр сайланды.
Қарақұм жиынында бас қосып, күш біріктірген қазақ әскерлері біршама уақыт табысқа жетеді. Ата қоныстарын қайтарған қазақ жасақшылары жоңғар жеріне де басып кіріп, көптеген олжа тауып, тұтқын айдап әкеледі. Бірақ бұл табыстар ұзаққа созылмайды, 1713 жылдың өзінде-ақ жоңғарлар жаңа шапқыншылық әрекеттер жасай бастайды. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болады. Өзара келісімге келе алмаған сұлтандар Тәуке ханның інісі Қайып сұлтанды хан көтереді. Хандықтан бірден-бір үміткер Әбілқайыр қазақ сұлтандарының кіші бұтағынан тарайды деген желеумен хандыққа сайланбай қалады. Осы хан сайлауынан бастап Әбілқайыр өзін тәуелсіз санап, хан билігін мойындағысы келмейді. Оның бұл дербес әрекеті 1717 жылы Аягөз маңында болған жоңғар-қазақ әскерлерінің шайқасында айқын көрінеді. Шешуші сәтте Қайып ханмен өзара ымыраға келе алмай, ұрыс даласын тастап шығады. Қазақтар ауыр жеңіліске ұшырайды.
1718 жылы жоңғарлар жаңа жорық жасап, қазақ әскерлерін Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің бойында тағы да жеңіп, бүкіл Оңтүстік өңірді тонайды. Осы жылы Қайып хан да дүние салады. Хан сайлауында ірі сұлтандар және жүздер арасында ірі алауыздықтың бар екендігі айқын аңғарылады. Әбілқайырдың хан билігіне келуін жақтырмаған ірі сұлтандар тобы Тәуке ханның ел билеуге қабілеті жоқ дарынсыз ұлы Болатты хан тағына көтереді. Елдегі ауыр жағдайды бағалай білмеген Болатхан елді біріктіре алмайды. Ташкентте Жолбарыс ақ киізге отырып хан тағына келсе, Кіші Жүзде Әбілқайыр, Орта Жүзде Сәмеке хан болып сайланып, елдің бытыраңқылығы одан әрі күшейе түседі.
Патша өкіметінің отаршылдық саясаты және Ресейдің Қазақ жүздерін құрамына қосып алуы. Абылай хан.
XVIII ғ. басында қазақ-орыс қатынастарында Бекболат Екешов және Байдәулет Буриевтің басшылығымен Қайып ханның елшілігінде, 1716 ж. қыркүйегінде, 1716ж. қазанында Никита Белоусовтың басшылығымен елшілігі, 1717 ж. аяғында Б. Брянцевтің елшілігі, 1718ж. қазанында Шабу және Багадур басшылығымен елшіліктер қазақ-орыс қатынастарының жақындауына әкеледі. Әбілқайыр ханның бастауымен Кіші жүздің көптеген тайпалары Жайыққа жақындап және одан әрі оң жақ жағаға шығуға тырысты. Бұл жағдай орыс бодандығындағы башқұрттар мен қалмақтармен күресуге әкеп соқты. Шекаралық келіспеушіліктерді реттеу мақсатында Кіші жүз басшылары 1726ж.Ресейге елшілік жіберілді. Әбілқайыр ханның 1-і жіберген елшілігі нәтижесіз болды. 1730ж. маусымында Әбілқайыр хан өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұранып патша Анна Ионовнаға тағы өтініш хат жолдайды. Сейітқұл Қайдағұлов пен Құтылымбет Қоштаев бастаған хат жеткізуші елшілікті 1730ж. қыркүйекте петербургке жібереді. 1731ж. 19 ақпанда Анна Ионовна Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына Ресейге ерікті түрде қабылданғаны туралы грамотаға қол қойды. 1731ж. А. Тевкелев 5 қазанда Ырғыз өзеніндегі Майтөбе деген жердегі Әбілқайырдың ордасына жетеді. Қазақстанның Ресейге қосылуы қиын жағдайлармен басталды және бейбіт түрде жүріп, XIXғ. 50-60ж. әскери зорлау шаралары арқылы іске асырылып аяқталды.
XVIII ғ. 30ж. ортасында жоңғарлар қайтадан қазақтарға, әсіресе орта жүзге қысым көрсете бастады. Орта жүз ешкімгі тәуелді болмай, өз еркімен өмір сүрді. Сәмеке хан өлгеннен соң да (1822ж. Сібір қазақтарының жарғысына дейін) Орта жүз тәуелсіз болып қала берді.
Абылай хан (1771-1781ж.) қазақтың мемлекеттігін сақтап, берік ұстау үшін данышпандық саясат жүргізді. 1740ж.- 1750ж. Орынборда Ресеймен жақсы көршілес болу жөніндегі және оны сақтай отырып, Әбілмәмбет ханмен бірге Қытаймен бейбіт қатынаста болу жөнінде келісімдерге қол қойды. 1733-1734ж. Ұлы жүздің бірнеше сыйлы адамдары Ресей бодандығына көшуге ниет білдіреді. 1734ж. 10 маусымдағы императрицаның грамотасына Ұлы жүздің ірі-ру басшыларының орыс бодандығын қабылдағанын жариялады. Бірақ Ұлы жүз жерінің Ресейден алыс орналасуы, халық-аралық және ішкі жағдайлардың жиынтығына байланысты Ұлы жүз шын мәнінде Ресейге кейінірек қосылды.
XVIII ғ. ортасында 1745ж. Галдан Цереннің өлімінен соң, жоңғар державасының құлдырауына әкелді. Галдан Цереннің кезінде Жоңғария күшті империяға айналды, оған дәлел, осы кезеңде Жоңғарияның Қытай империясымен бірнеше рет соғыс жүргізуі. 1734ж. Ұлы жүз, ал 1742ж. Орта жүз билеушілері аманатқа өздерінің балаларын беруге мәжбүр болды. 1730ж. орта басында, Орта жүздің саяси өмірінде, одан соң барлық қазақ одағында Абылай сұлтан үлкен рөл атқарды. 30ж. аяғында Абылай сұлтан бір шайқаста атақты Шарыш деген жоңғар батырын өлтіреді. Ал Шарыш Галдан Цереннің жақын туысы еді. Шарышты өлтіргені үшін жоңғарлар қазақтарға қарсы үлкен шайқасқа дайындалады. 1741ж. Орта жүздің қазақ көшпелілері 3 жағынан қалмақ әскерлерінің қоршауында қалады. Қазақ шежіресінде бұл оқиға, және Абылай сұлтанның тұтқындалуы аңыздарда «Сүзектің қолы» деген атаумен кездеседі. Жалыбы Абылайды Ұлытау тауында қолға түсіреді.
Абылайдың артынан қазақтар жоңғар ордасына Қаз Дауысты Қазыбек би мен Малайсары батырдың басшылығымен 90 би, батырларды жібереді. Келіссөздер нәтижесінде қазақтар мен қалмақтар бірнеше келісімдерге келеді. Абылайды босатуда және Жоңғариямен бейбіт келісімдер жасауда 30-60ж. Қазақ ханы Әбілмәмбет те маңызды рөл атқарды. 1740 ж. Ор бекінісінде Әбілмәмбет хан Ресейге адал болатынын айтып ант береді. Әбілмәмбет пен Абылай В.Урусовпен келімімге қол қойғанда Галдан Церенге қарсы шайқаста орыстар көмек көрсетеді деген үміт те болды. XVIII ғ. 40ж басында Орта жүзге жоңғарлар тағы да шабуыл жасайды, бірақ орыстар тарапынан ешқандай көмек көрсетілмейді. 1742ж. ол өзінің ұлы Әбілфейзді Галдан Церенге аманатқа береді. Осының арқасында Абылай сұлтан босатылады. Ақылды, дипломат Әбілмәмбет Түркістандағы қалалардың билігін өз қолына алады. Галданның үш ұлы болды. Галдан өлгеннен соң билікке талас басталады. 1755ж. Қытай Жоңғарияны жаулап алып, толық жойып жібереді.
Қорытынды сұрақтары:
1. Жоңғар хандығының құрылуының негізгі себептерін атаңыз?.
2. Болат хан тұс ында не себептен феодалдық қақтығыстар күшеді?.
3. Ордабасы кездесуінің нәтижесін атап көрсетіңіз?.
4. Қалмақ қырылған және Аңырақай шайқастарының тарихи маңызы неде?
5. Қазақстанның Ресей құрамына кіру себептері.
6. Ресей империясының Қазақстандағы отаршылық саясатының көріністері.
7. Абылай ханның ішкі, сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарын атаңыз?.
ІХ. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22 %)
1.Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Х. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
6. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: ХVІ- ХVІІ ғғ. қазақ хандығының саяси жағдайы мен әлеуметтік- экономикалық дамуы.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997
Реферат,өзіндік жұмыстар жасау.
10
І. Сабақтың тақырыбы: Қазақ –жоңғар соғыстары.Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы.
ІІ. Сағат саны -4 90 мин (100% )
ІІІ. Сабақ түрі: теория
ІV.Сабақтың мақсаты:
-Білім беру: XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандығының жағдайын, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресін, оның нәтижелерін игеруі туралы түсінік беру.
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Қарақұм, Ордабасы және Ұлытау бүкілқазақтық жиындарының ролі,азаттық күрестегі қазақ хандары мен билерінің және батырларының тарихи ролі туралы кең көлемде мәлімет беру.
- Дамыту: Тақырып бойынша танымдық қызығушылығын арттыру;
- Тәрбиелік: Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
V. Материалдық техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, т.б.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
VІ. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиет
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997.
VІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. ( 6%)
а)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті
VІІ. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
Үй тапсырмасы: ХVІ- ХVІІ ғғ. қазақ хандығының саяси жағдайы мен әлеуметтік- экономикалық дамуы.
VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )
мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
Қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі.
XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың басында Қазақстан саяси жағынан бытыраңқы елге айналды. Оның ең басты себебі қазақ жүздері арасында тұрақты экономикалық және саяси байланыстар нашар болды. Әсіресе, Ұлы Жүздің Кіші Жүзбен және Орта Жүзбен байланысы бұл кезде әлі дұрыс қалыптаспаған еді. Басқа елдермен сауда-экономикалық байланыстардың нашар болуы, натуралды шаруашылықтың үстемдігі, ішкі рыноктың дұрыс жолға қойылмауы, оңтүстіктегі қалалардың құлдырауы осының бәрі қазақ жерлерін бір орталыққа бағынатын мемлекетке біріктіруге және елдің бытыраңқылығын жоюға мүмкіндік бермеді. Сыртқы жағдайдың ауыр болуы да елдің бытыраңқылығын күшейте түсті. Жекелеген ірі сұлтандар іс жүзінде хан билігінен тәуелсіз болды, олардың өзара қырқысуы мен бақталасы елді барған сайын кеулеп ыдырата түсті. Түрлі әулетті топтар өзара бақталас болып билік үшін, жақсы жайылымдарды басып алу үшін және өздерінің билігін нығайту үшін өзара күресті. Олардың өзара тартысы мен қырқысуларын бұқар және жоңғар билеушілері де үнемі ушықтырып отырды.
XVII ғасырдың аяғындағы қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі екі ел арасындағы соғыс жанжалдарының жаңа кезеңін бастап қазақ хандығына елеулі қатер төндірді. Тәуке ханның өзара тартыстарды тыйып, жүздер арасындағы тыныштықты қалпына келтіруі ұзаққа созылмады. Бір жерден екінші жерге үнемі көшіп-қонып жүру жекелеген тайпалар мен рулардың арасындағы тұрақты байланыстардың дамуын тежеді. Көшпелі өмір салты және патриархаттық-рулық тұрмыс елдің саяси жағынан бытыраңқы болуын тездетті, қазақ қоғамы өз алдына оқшауланған және бытыраңқы рулар тобына ыдырады, бұлардың басшылары басқалардың үстемдігін мойындағысы келмеді. Олардың өзара тартысы мен алауыздығын сыртқы жаулар одан әрі өршітіп, өздерінің тонаушылық шапқыншылық әрекеттерін жүзеге асыруда тиімді пайдалана білді. Осылардың салдарынан елдің бірігу мүмкіндігі шектеле түсті.
Жоңғарлардың батысқа, қазақ жеріне қарай жасаған жорықтарының басты себептерінің бірі жайылымдар үшін тартыс еді. Экстенсивті мал шаруашылығымен айналысатын көшпелілер мал өсіру өндірісі үшін қажет аумақты үнемі кеңейтіп отыруға мәжбүр болды. Жоңғар билеушілерін қазақ елінің ұлан-байтақ құнарлы жерлерімен бірге оңтүстік Қазақстандағы сауда, қолөнер орталықтары да қызықтырды. Бұл аймақты жоңғар қоңтайшылары сауда-қолөнер орталықтары ғана емес, сонымен бірге маңызды стратегиялық аймақ Қазақстанды Ресеймен және Шығыс елдерімен қосатын сауда жолдары өтетін аумақ ретінде де қарастырады.
XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қазақ хандықтары мен жоңғар қоңтайшылары арасындағы қақтығыс бірте-бірте шиеленіскен және қантөгісті күреске айналды. Қазақтар жиі-жиі жеңіліске үшырап, жоңғар әскерлерінің тонауына душар болды. Адамдары мен мал-мүлкін айдап әкеткен жоңғарлар кейде түгелдей бір рулар мен ауылдарды қырып кетіп отырды. Қазақтардың осы кездегі ауыр жағдайын Ш.Уәлиханов былай деп сипаттады: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап әкетіп, тұтас үйлерін тұтқынға әкетіп отырды».
Жоңғарлардың қазақ жеріне бағытталған ірі жорықтарының бірі 1710— 1711 жылдары жасалды. Осы кезде 1710 жылы Тәуке хан Қарақұмда бүкіл қазақ жүздері өкілдерінің жиналысын шақырды. Үш жүздің басы қосылған бірі жиында елді біріктіру, жоңғарларға қарсы батыл тойтарыс беру мәселесі қаралды. Жиынға қатысушылар қасық қаны қалганша бірін-бірі қорғауда күш біріктіруге ұйғарды. Ант беріскеннен кейін «жұрттың бәрі дұға оқып, құрбандыққа шалынған ақбоз аттың етін жеп өз одақтарының бұзылмайтындығына сендірді». Жиында қазақ жасақтарының қолбасшылығына Бөгенбай батыр сайланды.
Қарақұм жиынында бас қосып, күш біріктірген қазақ әскерлері біршама уақыт табысқа жетеді. Ата қоныстарын қайтарған қазақ жасақшылары жоңғар жеріне де басып кіріп, көптеген олжа тауып, тұтқын айдап әкеледі. Бірақ бұл табыстар ұзаққа созылмайды, 1713 жылдың өзінде-ақ жоңғарлар жаңа шапқыншылық әрекеттер жасай бастайды. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болады. Өзара келісімге келе алмаған сұлтандар Тәуке ханның інісі Қайып сұлтанды хан көтереді. Хандықтан бірден-бір үміткер Әбілқайыр қазақ сұлтандарының кіші бұтағынан тарайды деген желеумен хандыққа сайланбай қалады. Осы хан сайлауынан бастап Әбілқайыр өзін тәуелсіз санап, хан билігін мойындағысы келмейді. Оның бұл дербес әрекеті 1717 жылы Аягөз маңында болған жоңғар-қазақ әскерлерінің шайқасында айқын көрінеді. Шешуші сәтте Қайып ханмен өзара ымыраға келе алмай, ұрыс даласын тастап шығады. Қазақтар ауыр жеңіліске ұшырайды.
1718 жылы жоңғарлар жаңа жорық жасап, қазақ әскерлерін Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің бойында тағы да жеңіп, бүкіл Оңтүстік өңірді тонайды. Осы жылы Қайып хан да дүние салады. Хан сайлауында ірі сұлтандар және жүздер арасында ірі алауыздықтың бар екендігі айқын аңғарылады. Әбілқайырдың хан билігіне келуін жақтырмаған ірі сұлтандар тобы Тәуке ханның ел билеуге қабілеті жоқ дарынсыз ұлы Болатты хан тағына көтереді. Елдегі ауыр жағдайды бағалай білмеген Болатхан елді біріктіре алмайды. Ташкентте Жолбарыс ақ киізге отырып хан тағына келсе, Кіші Жүзде Әбілқайыр, Орта Жүзде Сәмеке хан болып сайланып, елдің бытыраңқылығы одан әрі күшейе түседі.
XVIII ғ. 30ж. ортасында жоңғарлар қайтадан қазақтарға, әсіресе орта жүзге қысым көрсете бастады. Орта жүз ешкімгі тәуелді болмай, өз еркімен өмір сүрді. Сәмеке хан өлгеннен соң да (1822ж. Сібір қазақтарының жарғысына дейін) Орта жүз тәуелсіз болып қала берді.
Абылай хан (1771-1781ж.) қазақтың мемлекеттігін сақтап, берік ұстау үшін данышпандық саясат жүргізді. 1740ж.- 1750ж. Орынборда Ресеймен жақсы көршілес болу жөніндегі және оны сақтай отырып, Әбілмәмбет ханмен бірге Қытаймен бейбіт қатынаста болу жөнінде келісімдерге қол қойды. 1733-1734ж. Ұлы жүздің бірнеше сыйлы адамдары Ресей бодандығына көшуге ниет білдіреді. 1734ж. 10 маусымдағы императрицаның грамотасына Ұлы жүздің ірі-ру басшыларының орыс бодандығын қабылдағанын жариялады. Бірақ Ұлы жүз жерінің Ресейден алыс орналасуы, халық-аралық және ішкі жағдайлардың жиынтығына байланысты Ұлы жүз шын мәнінде Ресейге кейінірек қосылды.
XVIII ғ. ортасында 1745ж. Галдан Цереннің өлімінен соң, жоңғар державасының құлдырауына әкелді. Галдан Цереннің кезінде Жоңғария күшті империяға айналды, оған дәлел, осы кезеңде Жоңғарияның Қытай империясымен бірнеше рет соғыс жүргізуі. 1734ж. Ұлы жүз, ал 1742ж. Орта жүз билеушілері аманатқа өздерінің балаларын беруге мәжбүр болды. 1730ж. орта басында, Орта жүздің саяси өмірінде, одан соң барлық қазақ одағында Абылай сұлтан үлкен рөл атқарды. 30ж. аяғында Абылай сұлтан бір шайқаста атақты Шарыш деген жоңғар батырын өлтіреді. Ал Шарыш Галдан Цереннің жақын туысы еді. Шарышты өлтіргені үшін жоңғарлар қазақтарға қарсы үлкен шайқасқа дайындалады. 1741ж. Орта жүздің қазақ көшпелілері 3 жағынан қалмақ әскерлерінің қоршауында қалады. Қазақ шежіресінде бұл оқиға, және Абылай сұлтанның тұтқындалуы аңыздарда «Сүзектің қолы» деген атаумен кездеседі. Жалыбы Абылайды Ұлытау тауында қолға түсіреді.
Абылайдың артынан қазақтар жоңғар ордасына Қаз Дауысты Қазыбек би мен Малайсары батырдың басшылығымен 90 би, батырларды жібереді. Келіссөздер нәтижесінде қазақтар мен қалмақтар бірнеше келісімдерге келеді. Абылайды босатуда және Жоңғариямен бейбіт келісімдер жасауда 30-60ж. Қазақ ханы Әбілмәмбет те маңызды рөл атқарды. 1740 ж. Ор бекінісінде Әбілмәмбет хан Ресейге адал болатынын айтып ант береді. Әбілмәмбет пен Абылай В.Урусовпен келімімге қол қойғанда Галдан Церенге қарсы шайқаста орыстар көмек көрсетеді деген үміт те болды. XVIII ғ. 40ж басында Орта жүзге жоңғарлар тағы да шабуыл жасайды, бірақ орыстар тарапынан ешқандай көмек көрсетілмейді. 1742ж. ол өзінің ұлы Әбілфейзді Галдан Церенге аманатқа береді. Осының арқасында Абылай сұлтан босатылады. Ақылды, дипломат Әбілмәмбет Түркістандағы қалалардың билігін өз қолына алады. Галданның үш ұлы болды. Галдан өлгеннен соң билікке талас басталады. 1755ж. Қытай Жоңғарияны жаулап алып, толық жойып жібереді.
Қорытынды сұрақтары:
1. Жоңғар хандығының құрылуының негізгі себептерін атаңыз?.
2. Болат хан тұс ында не себептен феодалдық қақтығыстар күшеді?.
3. Ордабасы кездесуінің нәтижесін атап көрсетіңіз?.
4. Қалмақ қырылған және Аңырақай шайқастарының тарихи маңызы неде?
5. Қазақстанның Ресей құрамына кіру себептері.
6. Ресей империясының Қазақстандағы отаршылық саясатының көріністері.
7. Абылай ханның ішкі, сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарын атаңыз?.
ІХ. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22 %)
1.Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Х. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
6. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ –жоңғар соғыстары.Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997
Реферат,өзіндік жұмыстар жасау.
11
І. Сабақтың тақырыбы: Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы. Кіші жүздің Ресейге бодандығы. Әбілқайыр ханның саясаты.
ІІ. Сағат саны -4 90 мин (100% )
ІІІ. Сабақ түрі: теория
ІV.Сабақтың мақсаты:
-Білім беру: қазақ-орыс қатынастарының пайда болуының алғышарттарын, Қазақ хандығының Ресеймен дипломатиялық қатынастың және сауданың дамуындағы 1 Петрдің ролін игеру тиіс. Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері мен салдары туралы мәлімет беру.
- Дамыту: Тақырып бойынша танымдық қызығушылығын арттыру;
- Тәрбиелік: Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
V. Материалдық техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, т.б.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
VІ. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиет
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997.
VІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. ( 6%)
а)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті
VІІ. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
Үй тапсырмасы: Қазақ –жоңғар соғыстары.Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы.
VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )
мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Қазақстанның Ресей құрамына кіру себептері.
2. Ресей империясының Қазақстандағы отаршылық саясатының көріністері.
3. Абылай ханның ішкі, сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарын атаңыз?.
Ресей өкіметі мен ірі орыс саудагерлерінің ХVIII ғасырдың бірінші ширегінде шығыста қол жеткен шептерін нығайту жөніндегі әрекеттері жаңа күшпен жаңғыртылды. Оған әр түрлі жағдайлар себеп болды: Ресейдің сауда-экономикалық мүдделерін қорғау негізгі себеп болды. Сонымен Ресейдің алған иеліктерді қолдан шығармау қажеттігі, көрші елдермен өзара сауда байланыстарын орнату елдің табиғи ресурстар, әсіресе алтын жөніндегі өскелең талаптарымен ұштасып, Петербург сарайын стратегиялық маңызды бағытта орналасқан жерлерді иеленуге, ең болмағанда игеруге деген ниетке ынталандырды, ал онда сол кезде өз қуатына жеткен Жоңғар хандығы мен маңызды мақсат-үш жүздің күштерін топтастыруға зиян келтіретін ішкі қайшылықтар араздастырған қазақ хандықтарының алысты көздеген мүдделері үнемі тайталасып қақтығысып жатқан еді. Осының бәрі алыстағы Үндістан мен Қытайға ең қысқа жол іздеген I Петр кезінде-ақ Ертістің жоғарғы жағындағы аумақты иелену жоспарын жүзеге асырудың жеделдетілген сипатын анықтап берді.
Сібірдің бірінші губернаторы, Жаркент қаласын иеленіп алуға жан салған М.П.Гагариннің арандатушылық жоспарларына байланысты орыс-жоңғар қатынастары ерекше шиеленіскен сипат алды. Ол патшаны Тобылдан Жаркентке дейінгі жол бойында: біріншісін Ертісте, Ямышев көліне жақын және одан арғы жерде, ал басқаларын «істің барысы бойынша керек етілетін» жерлерде «орыс бекіністерін салу» қажеттігіне иландыра келіп, губернатор сол арқылы I Петрге бекіністі шептердің тұтас тізбегін салу жоспарын ұсынды.
Патшаға өз «жоспарын» ұсына отырып, кінәз бұл аудандағы халықаралық қатынастардың қиын екенін көрінеу жете бағаламады, ал ол қатынастар бұл жылдарда көршілес Жоңғарияның жаулап алушылық жоспарлары салдарынан өте шиеленісіп, саяси жағдайдың қазақ хандықтарының мүдделеріне зиян келтіретін өзгерісін туғызған еді, оның үстіне әскери-тірек базаларын салуға арналған аудан әскери басымдық салдарынан уақытша ойрат күштерінің бақылауында болатын, ал олар өздерінің жетістіктерінен айырылғысы келмейтін. Cондықтан ол 1714 жылы 22 мамырда «Алтынды құм бар жерлерді иеленіп алу үшін подполковник И.Д.Бухгольцтің басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы» жарлыққа қол қойды. Ертіс өңірінің шебі шын мәнінде сол бойынша жасала бастап, оны салу 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды.
1715 жылғы 1 қазанда И.Д.Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетті, оған жақын жерде ежелден жергілікті тұрғындар мен сібір татарлары, сондай-ақ Тобыл, Томск халқы арасында айырбас саудасы жүргізілетін, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды.
Орыстардың бұл әрекеттері туралы хабар алған Цеван-Рабтан орыс экспедициясының бекініс салуына да, жерді иеленіп алуына да кедергі жасау мақсатымен, 10 000 әскермен өзінің немере інісі Церен-Дондобты аттандырды.
Күтпеген жерден шабуыл жасауда табысқа жетпей, И.Д.Бухгольцтің батыл қарсыласуы есеңгіретіп тастаған Церен-Дондоб бекіністі ұзақ уақыт қоршау арқылы қиратудың мүмкін еместігіне көзі жетіп, келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Орыс экспедициясының бастығына 1716 жыл 2 ақпанда жазған хатында Ресей мен Жоңғар хандығы арасында біршама төзімді қатынастар бар екенін айта келіп және бұл ауданда бекініс салуға қандай да бір құқығы жоқ екеніне оны қорғаушылардың назарын аударып, ойрат күштерінің қолбасы орыстарға кетуді ұсынды, олай істемеген жағдайда оны бұған «аштық пен күш» арқылы мәжбүр ететінін айтып қорқытты.
И.Д.Бухгольц өзінің бекіністен кетпеуге бел байлағанын білдіре келіп, «татулықты бұзуға ниетім жоқ және бекіністі патша Ағзамның әмірі бойынша Жонғарияға тиесілі емес жерде салдым» деп жауап қайтарды, сөйтіп ойрат қолбасшысына шегінуге кеңес беріп, мұны татулықты сақтаудың бірден-бір жағдайы деп санады. Экспедиция бастығының хаты сенімділік және бірсыпыра қорқыту сарынында жазылғанымен, қоршаудағылардың жағдайы ауыр болып шықты. Ойраттардың Ямышевск бекінісін қоршауы жалғаса берді, ал патша нинг М.П.Гагарин арқылы жібертуге уәде берген қосымша күш келіп үлгермеді. Жағдайды жоңғарлардың Ямышевск бекінісіне жақын, Орта жүз қазақтары көшіп жүретін жерде азық-түлік және ақша әкеле жатқан керуенді тұтқындауы асқындыра түсті. Алайда керуенді ұстауға қазақтардың ешқандай қатынасы болған жоқ. Онда 450-ден астам адам жоңғарлардың тұтқынына түсті, оның ішінде кейіннен атағы шыққан, Полтава маңында орыстарға тұтқынға түскен швед артиллер- иясының бұрынғы сержанты, кейіннен Жонғария картасын жасаған Иоганн Густав Ренат бар еді.
Орыс отряды үш ай қоршаудан кейін көп адамынан, сондай-ақ 2500 аттың 2200-інен айырылып, Тобыл керуенін күтіп алмай, солдаттар арасында тараған аурулар титықтатқан 700 адамнан тұратын Бухгольц отряды бекіністі тастап шығып, 1716 жылы 28 сәуірде Ертіс арқылы кері қарай жүзіп кетті.
Қиратылған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухгольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады.
1717 жылдың жазында Железинск, Колбасин бекіністері салынды. Одан әрі жүріп, жаңа бекініс Семей салынатын жерді белгіленді. 1718 жылда салынды.
1730 жылы Аңырақай шайқасынан кейін Қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да қүрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды. Халық үшін осы ауыр жағдайда қазақтың неғұрлым көреген деген билеуші топтары қиыншылықтан шығудың бірден-бір амалы Ресей әскери одақ болу деп білді.
Осындай өте қиын жағдайдарда Петербург сарайына жүгінуге өзі бастамашы болудың, сол кезде-ақ ыдырап кеткен біріккен қазақ одағының сыртқы саяси бағдарында түбірлі бетбұрыс жасау жауапкершілігін өз мойнына алудың және ойрат күштерінің бейбіт ауылдарға кезекті жойқын шабулын күтпей, орыс императрицасының көзқарасын айқындаудың күрделі миссиясы Әбілқайыр ханның еншісіне тиді.
1725 жылдың басында-ақ Петербургке қазақ-қарақалпақ елшілігі жіберілген еді, ол жауапсыз қалды. 1730 жылы 8 қыркүйегінде Уфаға Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған 7 кісілік елшілігі келді. Олар императрица Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясымен одақ болу жөнінде өтініш жасады. Алайда, Ресей Қазақ хандығының қиын жағдайын пайдаланып құрамына мәжбүрлеп кіргізуге кіріседі. Нәтижесінде патша 1731 жыл 19 ақпанда Кіші жүз қазақтарының Ресей империясы құрамына қабылданғаны туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл хабарды жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде А.И.Тевкелов бастаған елшілік жіберілді. Олар 5 қазанда Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбеге жетіп келеді. Атақты мейманды бастап жүруді хан үлкен ұлы Нұрмұхамед-Әли Баһадүрға (Нұралыға) тапсырды. Сойтіп, 10 қазанда қазақ сұлтандары мен ақсақалдарға ант қабылдатуға дайындық басталды.
Өз миссиясын сәтті аяқтаған А.Тевкелов Найзатескен алқабынан қайтар жолға аттанды. 1733 жылы 2 қаңтарда ол Әбілқайырдың Петербургке жіберген жауап елшілігімен Уфаға жетті. Бұл миссияны ханның екінші ұлы Ералы сұлтан басқарған.
Дегенмен Қазақстандағы жағдай тым шиеленіскен күйінде қала берді. Жоңғариямен шекаралас өңірде шиеленістің бірсыпыра әлсіреп, майор Угримовтің миссиясынан кейін орыс-ойрат айырбас саудасының едәуір жанданғанына қарамастан, Орта жүз бен Ұлы жүз шектеріне тұтқиылдан басып кіру қатері сақталып қалды.
XVIII ғасыр 30-жылдарының екінші жартысында Галдан-Церен Орта жүздің шекарасына әскер төге бастады. Осыған байланысты Ресей императрицасының 1734 жылғы маусымда Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлығы саяси жағынан ақталды. Дегенмен бұл этноаумақтық бірлестіктің көп бөлігі I Александр императордың кеңесшісі, граф М.М.Сперанский әзірлеген 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» күшіне енгенге дейін дербес болып қала берді. Ол ол ма, Орта жүз ханы Шахмұхамед өз автономиясын қызғыштай қорып және Ресейдің алысты көздейтін тойымсыз мүдделерін көріп, өз иеліктерінің Ресей билігіне бағынуынан айнып, тіпті орыс селоларына шапқыншылықтар жасады.
Ұлы жүздегі жағдай оның кейбір аудандарын ойраттардың уақытша басып алуына байланысты Галдан-Цереннің көзқарасына біршама тәуелді болып шықты. Солай бола тұрса да, Жолбарыс хан Петербургке өтініш жасамақшы болып ұйғарды. Императрицаның Ұлы жүздің ықпалды адамдарына, солардың ішінде ерекше көзге түскен Қодар би, Төле би, Сатай, Хангелді, Бөлек батырларға 1734 жылғы 10 маусым- дағы жарлығы «аса зор мейірімділікпен...статс-кеңесші полковник И.К. Кирилловқа осының бәрі туралы білуге рақым білдірді».
Императрицаның 1734 жылғы 9 сәуірдегі басқа бір жарлығында Әбілқайыр ханға Ұлы жүзден басқа «Орал ханын»да бодандыққа «келтіруге» жәрдемдесу бұйырылды. Арал жағалауындағы аудандар әрқашанда Қайып хан ұрпақтарының ықпал өрісінде болып келді.
Қосып алынған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту үшін 1734 жылдың мамырында «Қырғыз-қайсақ экспедициясы» құрылып, көп кешікпей ол Орынбор комиссиясы деп аталды, оны Сенаттың обер-хатшысы И.К.Кириллов басқарды, оның көмекшісі болып Кіші жүздегі үкіметтік миссияны сәтті орындағаны үшін тілмаштықтан полковникке көтерілген А.И.Тевкелев тағайындалды.
1734 жылы И.К.Кириллов Ор өзенінде шығысқа отаршылдық ілгер-ілеуді кеңейтудің тірегіне айналған бекіністі, қазіргі Орынбор қаласын (Орскіні) салып алды.
1737 жылдың сәуірінде И.К.Кирилловтың қайтыс болуына байла-нысты аса көрнекті тарихшы, қабілетті әкім, жаңа шеп құрылысын жалғастырган В.Н.Татищев Орынбор өлкесінің жаңа губернаторы болып тағайындалды, ал Кіші жүз бен Орта жүздегі ықпалды шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту оның ең басты саяси мақсаты болып қала берді.
Патша өкіметі Әбілқайырдан қайталап ант алуға ұйғарды. 3 тамызда оның В.Н.Татищевпен кезекті кездесуі болып, онда хан «бодандық» бұрынғы адалдығын қуаттады және «бағынатынын» білдірді. Нақ сонда 1740 жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен ықпалды сұлтан Абылай бодандыққа ант қабылдады, соңғысының беделі бүкіл дала өңірінде жоғары болатын. Абылай В.Н.Татишевті «қажет болған жағдайда өз жанын аямайтынына» үміттендірді, дегенмен саяси күрес тәжірибесін жинақтаған жас сұлтан өз үміттерін Цин империясымен де байланыстырды.
ХVIII ғасырдың 30-жылдарының орта шенінен бастап Ресей мемлекеті қазақтардың жеріне де, империяның бодандары ретінде қазақтардың өздеріне де орыс мемлекеттілігі идеологиясы тұрғысында көз тіге бастады. Өлкенің әрбір әкімшісі Ресей империясының толық және шексіз билігіне көшкен жерді ұлғайта түсуге өз үлесін қосуға ұмтылды. Осы саясатты жүзеге асыру барысында қазақтар, қалмақтар, башқұрттар дербестігінің қалдықтары толық жойылды, бұл орайда ресми өкімет орындары жергілікті халықтың қайтпас қарсылығына душар болды. Сондықтан оны бөлшектеу, халықтарды қырқыстыру, халықтың барлық топтарында өз агентурасын құру, отарлаудың басты күші ретінде қазақтарды біржолата бағындырып, оларды осы мақсатта пайдалану жөнінде әр түрлі әдістер қолданыла бастады. Бұл саясат И.И.Неплюевтің «запастағы» жоспары түрінде қалыптасып, империяның Қазақстандағы бүкіл үстемдігі шеңберінде әр түрлі нұсқауларда жүргізіліп отырды. Алдыменен империяның шекарасына өте жақын орналасқан аймақ ретінде Батыс Қазақстанда мейлінше толық жүзеге аса бастады.
ХVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ қоғамында біртұтас және орталықтандырылған билік пен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Билік иелері арасындағы түрлі топтардың үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр ханның өлтірілуіне әкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру жолындағы күш-жігер едәуір дәрежеде әлсіреді.
1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде мемлекеттік айлық тағайындалды.
Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз иеліктері оның мирасқорларынан аулақтап кетті. Нұралы тіпті Кіші жүздің өзінде әкесінің барлық иеліктерін сақтап қала алмады. Шектілер Батырды өздерінің ханы деп мойындады. Нұралының інілері Айшуақ пен Ералы тәуелсіз болуға ұмтылды.
Шектілер Батыр сұлтанды өздерінің ханы деп мойындады. Ол өзіне бағынышты рулармен Сырдарияның төменгі ағысы мен солтүстік Арал өңіріндегі жайылымдарды иемденді. Оның иелігіне шекті, шөмекей, төртқара рулары ауылдарының бір бөлігі қарады.
Кіші жүз үшін маңызды мәселелердің бірі «ішкі жаққа», яғни Жайық пен Еділдің төменгі ағыстары арасындағы кеңістікке көшіп бару туралы мәселе болды. 1756 жылы патша жарлығы шығып, ол бойынша қазақтардың қыс кезінде өз малын Жайықтың батыс жағына айдап апаруына тыйым салынды.
Қазақ даласының батысындағы, солтүстігіндегі және солтүстік-шығысындағы кең-байтақ кеңістікте патша өкіметі бекініс шептерін құрды, олар әскери база ғана емес, сонымен қатар патшалық Ресейдің отаршылдық мақсаттарын жүзеге асыруындағы тірегі де болды. Қазақ даласы жағына қарай кеңейе отырып, орнығып алған қазақ әскери шептері қазақтардың көшіп жүретін аймақтарын шектеді.
ХVIII ғасырдың 30-40 жылдарында Верхнеяицкіден Звериноголов бекінісіне дейін созылып жатқан үй бекініс шебі салынды. Оның жалпы ұзындығы 770 шақырым болатын. Нақ сол жылдары ұзындығы 930 шақырым болатын Ертіс шебі салынды. 1752-55 жылдарда жаңа Есіл шебі салынды, оның ұзындығы – 662 шақырымға жетті. Бұл жағдай отарлау саясатының алғашқы көрінісі болып, олар қазақтардың көшіп жүретін қоныстарын шектеп тастады.
Патша өкіметі сауданың дамуын да өзінің саяси мақсаттарына пайдалануға тырысты.
1781 жылы Абалайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақ-тары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. Ол былай тұрсын, 1795 жылы екі сұлтан, 19 ақсақал императрица II Екатеринаның атына Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жіберді. Үкімет ол кезде хан билігін жою жөн емес деп тапты, алайда оны әлсірету мақсатымен біраз кейініректе Орта жүзде қуатты Уәлімен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады.
1810 жылғы 27 желтоқсанда Сібір әкімшілігі «бодандыққа ант беруді» әзірлеп, Есіл, Верхнеиртышск, Алтай шептерінің барлық бекіністеріне жіберді. Ол Ресей бодандығын қабылдаған қазақтарды Ресейге бағдар алуды қатаң ұстануға міндеттеді және «ант бұзушылық» үшін қатаң жазалау көзделді. Мұндай пәрмендер Орта жүздегі жағдайды, керісінше, шиеленістіре түсті және біршама тыныштыққа қарамастан, ең көреген сұлтандар, билер, ақсақалдар, көптеген қазақ ауылдары төніп келе жатқан қауіпті сезініп, «бөтен елдерге» әсіресе Шынжаңға, Орта Азия иеліктері шегіне көшіп кетті.
Ресейдің әкімшілік-аумақтық басқару нысанына жақын басқару нысанының болмауы, Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс-қимылын әлдеқалай тежеп отырды. 1817 жылы – Бөкей хан, ал екі жылдан соң Уәлы хан қайтыс болды. Петербург бір жақты қадамға – Орта жүзде енді хан тағайындамауға және, оның үстіне, оларды ертедегі ғұрып бойынша сайламауға бел байлады.
Бұл кезде Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалып, нақты биліктің қандай нысаны да болмаған ерсі жағдай орын алды. Хандық ықпалды сұлтандармен көзбе-көз келіспей немесе алдын ала келіссөз жүргізілмей, іс жүзінде жоғарғы жақтан жойып жіберілді.
Достарыңызбен бөлісу: |